266
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мұндай жұмыс арқылы экономика қоршаған ортаны қоғамның қажет ті лікте-
ріне бейімдейді және қоғамға осы сыртқы болмыстарға бейімделуге көмектеседі.
Саяси (немесе саяси жүйе) мақсаттарға ұмтылу және осы мақсатта акторлар мен
ресурстарды жұмылдыру арқылы мақсатқа қол жеткізу функциясын орындай-
ды.
Фидуциарлық жүйе (мысалы, мектептерде, отбасыларда) мәдениетті (нор-
малар мен құндылықтарды) субъектілерге жеткізіп отыру және олардың қабыл-
дануына мүмкіндік жасау арқылы латентті функцияларды басқарады. Ақырын-
да, интеграциялық функция
қоғамдық қауымдастық тар арқылы (мысалы, заң
арқылы) қоғамның түрлі компоненттерін үйлестіреді (Parsons and Platt, 1973).
Парсонс үшін әлеуметтік жүйенің құрылымынан гөрі мәдениет жүйесі ма-
ңыздырақ болды. Шындығында, біз бұрынырақ көргеніміздей, мәдениет жүйесі
Парсонстың әрекет ету жүйесінің жоғарғы жағында тұрды, ал Парсонс (1966)
өзін «мәдени детерминист» деп атады.
6
Парсонс
мәдениет жүйесін мәдениетті әлеуметтік әлемнің әртүрлі элемент терін
байланыстыратын негізгі күш немесе оның әрекет ету жүйесі ретінде қарастыр-
ды. Мәдениет акторлар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді және
жеке тұлға мен әлеуметтік жүйелерді біріктіреді. Мәдениет, ең бол мағанда, іші-
нара басқа жүйелердің құрамдас бөлігі бола алады. Осылайша, әлеуметтік жү-
йеде мәдениет нормалар мен құндылықтар арқылы көрінетін болса, жеке жүйе-
де ол акторлар арқылы ішкі әлемге өтеді. Алайда мәдениет жүйесі басқа жүйе-
лердің бөлігі ғана емес, сонымен бірге білімнің, рәміздердің және идеялардың
әлеуметтік қоры түрінде дербес сипатқа ие. Мәдени жүйе нің бұл аспектілері
әлеуметтік және жеке жүйелермен тығыз байланысты болғанымен, олардың бір
бөлігіне айналмайды (Morse, 1961:105; Parsons and Shils, 1951:6).
Парсонс мәдениет жүйесін басқа әрекеттер жүйелерімен бірлікте алып зерт-
теді. Осылайша,
мәдениет құрылымдалған, реттелген символдар жүйесі болу-
мен қатар, әлеуметтік жүйедегі субъектілерге бағдар беру объектілері, тұлға жү-
йесінің қабылданған үлгілері болып табылады. (Parsons, 1990).
Негізінен, символдық және субъективті сипатқа ие болғандықтан, мәдениет
бір жүйеден екіншісіне алмасып отырады. Мәдениет таралу арқылы бір әлеу мет-
тік жүйеден басқасына, оқыту және әлеуметтену жолымен біртұлғалық жүйеден
екіншісіне ауыса алады. Дегенмен мәдениеттің символдық (субъек тивті) сипаты
оның тағы бір ерекшелігін айқындайды, осыған байланысты Парсонс «мәдениет
өзге әрекеттер жүйесіне көшбасшы бола алады» дейді. Бұл – Парсонстың мәдени
детерминист ретінде қалыптасуына әсер еткен басты себептердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: