Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет212/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

7.3-КЕСТЕ 

 Қоғам, оның кіші жүйесі және функциялық императивтер


267
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Алайда Парсонстың теориясында мәдени жүйе басымырақ болса, онда ол 
шын мәнінде интегративтік теорияны ұсына ала ма деген сауал туындауы мүм-
кін. Ақиқатында интегративтік теорияны талдаудың барлық негізгі деңгейлерін 
үйлесімсіз теңестіреді. Мәдени детерминизм, шын мәнінде, кез келген детерми-
низм, интеграцияланған әлеуметтану тұрғысынан қарағанда зор күдік ұялата-
ды (Парсонс жұмысының анағұрлым интегралды тұжырымдамасын қараңыз,
[Camic, 1990]). Бұл күмән, Парсонстың еңбегінде тұлға жүйесін қаншалықты 
атүсті талдағанын көргенде күшейе түседі.
Тұлға жүйесі. Жеке тұлға жүйесі тек мәдениет жүйесімен ғана емес, сонымен 
қатар әлеуметтік жүйемен де тікелей сабақтас. Алайда бұл Парсонстың тұлға 
жүйесін тәуелсіздіктен айырды деген пікірін білдірмейді:
«Менің пайымдауымша, жеке тұлға құрылымының негізгі бастау көзі 
әлеуметтік жүйе мен мәдениеттен алынады, алайда жеке адам өз ағзасына 
қа тынасы арқылы және өзінің жеке өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі нә-
тижесінде тәуелсіз жүйеге айналады; бұл жай эпифеномен емес».
(Parsons, 1970:82)
Біз Парсонстың тым көп наразылық білдіріп отырғанын сеземіз. Егер жеке 
тұлға эпифеномен болмаса, ол сөзсіз, оның теориялық жүйесіндегі екінші орын-
дағы немесе тәуелді мәртебеге жатқызылады.
Тұлға жеке актордың бағдары мен мотивациясының ұйымдастырылған жүйесі 
ретінде айқындалады. Жеке тұлғаның негізгі құрамдас бөлігі – «қажетті-ұстаным».
Парсонс пен Шилз «қажетті -ұстанымды» іс-әрекет мотивациясының ма-
ңыз ды бірлігі ретінде анықтады (1951:113). Олар қажетті-ұстанымды іс-әрекетті 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін физиологиялық энергияның туа қалыптасқан 
үрдісі ретіндегі қозғалтқыштарға бөледі (Parsons and Shils, 1951:111). Басқаша 
айтқанда, қозғалтқыштар биологиялық ағзаның бөлігі ре тінде жақсы көрінеді. 
Содан кейін «қажетті-ұстаным» «туа біткен емес, іс-әрекет процесі барысында 
қабылданған үрдістер» ретінде анықталады (Parsons and Shils, 1951:111). Басқа-
ша айтқанда, «қажетті-ұстаным» – бұл әлеуметтік жағдайға қарай қалыптаса-
тын қозғалтқыштар.
Қажеттілік-диспозициялары акторларды қоршаған ортадағы объектілер-
ді қабылдауға немесе қабылдамауға, ал егер осы қолжетімді объектілер актор-
дың қажеттілік-диспозицияларын қанағаттандырмайтын болса, акторды жаңа
объек тілер іздестіруге ынталандырады. 
Парсонс қажетті-ұстанымдардың үш негізгі типінің аражігін бөліп көрсе теді. 
Бірінші тип акторларды әлеуметтік қатынастардан сүйіспеншілік, келісім және 
т.б. іздеуге бағыттайды. Екінші тип өзіндік ішкі мәнге сай, акторларды әртүрлі 
мәдени нормаларды сақтауға алып келеді. Ақырында, акторларды сәйкес жауап-
тарды беруге немесе алуға ынталандыратын рөлдік болжамдар бар.
Бұл акторлардың өте пассивті имиджін көрсетеді. Олар әдетте мәдениет үс-
тем болатын ұмтылыстар немесе ұмтылыстар мен мәдениет ком бинациясы негі-
зінде әрекет етеді (яғни қажеттілік-диспозициялар негізінде). 
Пассивті тұлғалық жүйе, сөзсіз, Парсонстың интегралды теориясындағы әл-
сіз түйін және де ол бұл туралы білетін сияқты көрінеді. Түрлі уақыттарда ол 
тұлғаны қандай да бір шығармашылықпен байланыстыруға тырысты. Мысалы, 
ол: «Біз «адамның құндылықтары толығымен «іштей қабылданған мәдениет» 


268
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
немесе тек заңдар мен ережелерді сақтап отыру дегенді білдіреді» деп айта ал-
маймыз. Адам мәдениетті игергеннен соң шығармашылық өзгерістер жасай-
ды; бірақ жаңа аспект – мәдениет аспектісі емес», – дейді (Parsons and Shils, 
1951:72). Мұндай қарама-қайшылықтарға қарамастан, тұлғаның пассивті жүйе-
сі Парсонс жұмысының басты мәні болып табылады.
Парсонстың осындай қажетті-ұстанымдарға ден қоюы басқа да мәселелер-
ді тудырады. Өйткені ол тұлғаның аса маңызды басқа да көптеген аспектілерін 
ескермеген соң, оның жүйесі, негізінен алғанда, құлазыған бос кеңістіктей әсер 
қалдырады. Психолог Альфред Болдуин осы жағдайды дәл көрсете білді:
«Шынын айтар болсақ, Парсонс өзінің теориясында қажетті-ұстанымдар 
жағында тұрып, тұлғаны ақылға сыйымды қасиеттермен, механизм дер-
мен қамтамасыз етемін деп сәтсіздікке ұшырады және тұлғаның қа лыпта-
суына мүмкіндік беретін қажетті сипаттамалар мен түрлі санаттағы меха-
низмдерді оған қимай, басына бәле тілеп алды».
(А. Baldwin, 1961:186)
Болдуин Парсонстың тұлға жүйесіне қатысты тағы да біраз сын айтып, тіпті 
Парсонстың тұлға жүйесін талдаған уақытында оған, шын мәнінде, онша тән-
ті болмағанын жасырмайды: «Парсонс тұлғаның құрылымы туралы тарауды 
жазған уақытта, ол тұлға туралы емес, көптеген беттерді әлеуметтік жүйелер-
ді сипаттауға арнайды» (1961:180). Бұл Парсонстың түрлі жолдармен тұлғаны 
әлеуметтік жүйеге байланысты еткісі келгенін көрсетеді. Біріншіден, акторлар 
өздерінің қоғамда алатын орындарына сәйкес келетіндерін түсіне білуі тиіс 
(ParsonsandShils, 1951:147). Екіншіден, алдағы міндеттер жеке акторлардың ат-
қаратын рөлдеріне сай бекітілген. Содан соң өзін-өзі тәртіпке шақыруды үйре-
ну, құндылық бағдарларды қабылдау, теңдестіру тәжірибесі және т.б. Барлық 
күш, Парсонс атап өткендей, тұлғалық жүйені әлеуметтік жүйеге интеграция-
лауға жұмсалады. Алайда ол жүйеге қарсы және жеңуге қажетті мәселелердің де 
туындауы мүмкін екенін атап көрсетті.
Парсонс жұмысының тағы бір аспектісі – тұлға жүйесінің интернализация-
сына қызығушылық білдіруі тұлға жүйесінің пассивтігімен сипатталады. Пар-
сонс (1970:2) Дюркгеймнің интернализацияға байланысты еңбектеріне, соны-
мен қатар Фрейдтің жұмыстарына, бірінші кезекте, супер эгоға баса назар ауда-
рады. Интернализация мен супер эгоға мән бере отырып, Парсонс тағы да өзінің 
тұлға тұжырымдамасы жүйесінің пассивтігімен басқарылатынына негіз делген 
тұжырымдамасын жасайды.
Парсонс өзінің ертеректегі еңбегінде жеке тұлғаның субъективті аспек тіле-
рі туралы айтуға дайын болғанымен, бұл мәселеден біртіндеп бас тартты. Осы-
лайша, ол өзінің тұлға жүйесіне қатысты ықтимал түсініктерін шектеп тастады. 
Парсонс кейін келе адамдардың іс-әрекеттері арқылы көрінетін ішкі мағына-
сына назар аудармайтынын анық көрсетті: «Іс-әрекеттер теориясында бақыла-
натын деректерді ұйымдастыру өзгертіл ген бихевиористік терминдерде әбден 
мүмкін және нәтижелі болады. Мұндай тұжырымдама интроспектива немесе 
эмпатияға қатысты көптеген күрделі мәселелерді болдырмауға мүмкіндік бере-
ді» (Parsons and Shils, 1951:64).
Мінез- құлық организмі. Төрт әрекет жүйесінің бірі ретінде мінез-құлық орга-
низмін енгізсе де, Парсонс бұл туралы онша көп айтқан жоқ. Ол қалған жүйе-


269
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
лер үшін энергия көзі болғандықтан енгізілген. Генетикалық конституцияға 
негіз делгеніне қарамастан, оның қалыптасуына адам өмірінде орын алатын 
жетілдіру және оқыту процестері әсер етеді.
7
Парсонс өзінің еңбегінде мінез-
құлық организмі – шын мәніндегі соңғы жүйе екенін тұжырымдады. Мінез-
құлық организмі жүйесін әлеуметтануға бейімдеп енгізгені үшін Парсонсқа 
ілтипатпен қарау керек. Әрине, бұл оның социобио ло гияға тән әлеуметта-
нуға деген қызығушылығынан туындаған еді (B. Turner, 1985) және бұл әре-
кет жүйесінің әлеуметтік теория мен өмір туралы ғылым арасындағы өзара 
байланыс әсерінен қалыптасатынын көрсетеді (Capra, 2005; Fraser, Kember, 
Lury, 2005, 2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет