296
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Ескертпелер
1. Айтылған ескертпе мәлімдемелерге қарамастан, Джонатан Тернер мен Александра
Марьянски (1979) функционализмнің әдіс ретінде пайдалы болатынына сенімді.
2. Бұл – телеологиялық дәлелдің мысалы. Осы тараудың соңына таман біз бұл сұрақтар-
ды талқылап, әлеуметтік әлем қажетті құрылымды немесе оқиғаны жасауға алып келе-
тін мақсаттар мен міндеттерден тұрады деп қарайтын телеологиялық дәлелді нақтылай
түсеміз. Бұл жағдайда қоғам стратификацияны «қажет етіп», сондықтан да осындай
жүйені жасап шығады.
3. Парсонс үшін көп жағдайда тәртіп мәселесіндегі іс-әрекет жоспарсыз немесе жоспарлы
түрде құрылымдалған деген сұрақпен байланысты. Тепе-теңдік мәселесі Парсонс үшін
эмпирикалық сұрақ. Соған қарамастан, Парсонстың өзі көп жағдайда тәртіп пен тепе-
теңдік мәселесін біріктіріп қарады.
4. Парсонстың еңбегіне қатысты қарама-қайшылықты түсініктемелермен көпшілік келіс-
пейді. Мысалы, Франсуа Бурри Парсонстың туындысына қатысты әлеуметтенудің ен-
жар процесі туралы емес, «әлеуметтену диалектикасы туралы» (1981:108) мәселелерін
айтады.
5. Бернард Барбер (1993, 1994) Парсонстың еңбегінде маңызды ұғым дық жаңсақтықтар
бар екенін тұжырымдап, әлеуметтік жүйе идеясы бәрін өзіне сыйдыра алатын қоғам
сияқты жиынтық жүйе меншектелуі тиіс екенін айтады.
6. Бір қызығы, Александер мен Смит (2001:139) Парсонсты мәдениеттің «толық сипа-
тын» бере алмайтын «мәдени сыңаржақтық» тұрғысында сипаттайды.
7. Өзінің кейінгі бір еңбегінде осы әлеуметтік элементке байланысты Парсонс «орга низм»
сөзінен бас тартып, мұны «мінез-құлық жүйесі» (1975:104) деп атады.
8. Әділетті болу үшін Парсонстың кейбір ертеректегі жұмыстарының әлеуметтік өз-
герістерге байланысты жазылғанын айтуымыз керек (see Parsons, 1942, 1947; see also
Alexander, 1981; Baum and Lechner, 1981).
мен зорлық-зомбылыққа көңіл аударды. Дарендорф тәртіптің кең ауқымды құрылымдық-
функционалдық теориясымен қатар жүретін конфликтінің кең ауқымды теориясын ұсын-
ды. Оның беделге, орынға, императивті үйлестірілген ассоциацияларға, мүдделерге, ква-
зитоптарға, мүдделік топтарға және жанжалдасу топтарына бағыталуы осыны бейнелейді.
Дарендорфтың теориясы құрылымдық-функционализм тұжырымдамасы сияқты бірқатар
ұқсас мәселелерге байланысты қиындыққа тап болды; ол марксистік теорияны дамытуға
айрықша үлес қоса қойған жоқ.
Сонымен қатар Дарендорфты тәртіп пен конфликтінің балама теориясымен қанағатта-
нып, әрі қарай екеуінің теориялық интеграциясын іздемегені үшін жазғырады.
Тарау соңында Рэндалл Коллинздің конфликтінің макро- және микроэкономикалық
мәселелерін біріктіретін интегративтік конфликт теориясын жасауы талқыланады.
297
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
9. Колин Кэмпбелл (1982) Мертонды айқын және латентті функциялардың арасында-
ғы айырмашылықтарға қатысты сынға алды. Басқалардың ішінде Мертон осы ұғым-
дарды көмескі бейнелеп, оларды түрліше қолданады (мысалы, нақ ты салдарлар жо-
рамалданғандай және шындықпен салыстырғанда үстіртін мағына). Ең маңыздысы,
ол Мертонның (мысалы, Парсонстың) ешқашан құрылымдық функцио нализм мен
іс-әрекет теориясын адекватты біріктірмегенін сезеді. Нәтижесінде біз құрылымдық
функционализмнің іс-әрекет теориясының әдейі жасалған (айқын) және құрылым-
дық салдарларына (функциялар) негізделген қолайсыз қоспасын аламыз. Осы және
басқа жаңсақтықтарға орай, Кэмпбеллдің пікірінше, Мертонның айқын және латент-
ті функцияларының арасындағы айырмашылықтар қазіргі әлеумет тануда өте сирек
қолданылады.
10. Алайда құрылымдық функционалистердің әлеуметтік өзгерістерге қатысты бірқатар
маңызды жұмыстары бар (C. Johnson, 1966; Smelser, 1959, 1962).
11. Тағы да маңызды ережеден тыс жағдайлар бар, қараңыз: Козер, (1956, 1967), Гуд,
(1960) және Мертон (1975).
12. Бұл тараудың практикалық қолданысы алғашқы бірлескен авторлар Дуглас Гудман
мен Маттиас Юнгеге қатысты.
13. Бұл ұғымның мағынасы туралы қараңыз: Зинн, (2007b) және К. Бэйли, (1998).
14. Дарендорф конфликті мен зорлықты «қоғамның кейіпсіз беті» (1959:164) деп атады.
Оларды «кейіпсіз» деп атаған адамның конфликті мен зорлықтың адекватты теория-
сын жасауы мүмкін бе деген ой келеді.
15. Өзінің басқа жұмысында Дарендорф (1968) әлеуметтік деректерге көңіл қоюын жал-
ғастырды (мысалы, позиция және рөл), бірақ заттандырудың қауіптілігіне, бұл тәсіл-
дің эндемикалығына қатысты алаңдаушылық білдірді.
16. Бұл – Маркстің экономикалық жүйенің түбіндегі, тіпті пролетариаттан төмен тұратын
адамдар тобына қатысты қолданған ұғымы.
17. Сонымен қатар Коллинз конфликт теориясы басқа әлеуметтану теорияларына қара-
ғанда, көбірек эмпирикалық зерттеулер нәтижесінің интеграциясына ашық екеніне
назар аударады.
8
Неомарксистік теорияның
әралуандығы
299
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
Экономикалық детерминизм
Гегель марксизмі
Сыни теория
Неомарксистік экономикалық әлеуметтану
Тарихи бағдарланған марксизм
Неомарксистік кеңістікті талдау
Постмарксистік теория
Достарыңызбен бөлісу: |