300
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тік құрылымдар мен олардың экономикалық ерекшеліктерін ғылыми негізде
зерделеу. Бұл құрылымдардың бойында капитализмді құлдырауға жетелейтін
процестер жайғасқан, сондықтан экономикалық детерминистің мақсаты – осы
процестердің қалай жүретінін анықтау.
Маркстің серіктесі және пікірлесі Фридрих Энгельс, сонымен қатар Карл
Каутский мен Эдуард Бернштейн марксистік теория бағыттарының мазмұнын
түсіндірді. Каутский капитализмнің шарасыз құлауының даусыз екенін төмен-
дегі мағынада қарастырды:
«Өнертапқыштар техниканы жақсартады, ал капиталистер өздерінің та-
бысқа деген ашкөздігінің арқасында бүкіл экономикалық өмірді рево-
люцияландырады. Өз кезегінде еңбекшілер жұмыс уақытын қысқарту
және жалақыны жоғарлату талабын қояды, осылайша, олар капиталис-
тік тап пен саяси құрылымға қарсы жұмыла күрес жүргізеді. Сондай-ақ
олардың саяси билікті жеңіп алуға және капиталистік билікті құлатуға
құлшынысы – шарасыз әрекет. Социализм орнауы сөзсіз, себебі таптық
тартыс түптің түбінде пролетариаттың жеңісіне алып келеді».
(Kautsky, cited in Agger, 1978:94)
Бұл жерде капитализм құрылымдары арқылы бірқатар әрекеттерге түрткі
болған акторлар көрінісі бейнеленген.
Дәл осы бейне ғылыми-экономикалық детерминизмді сынаудың негізгі
объектісі болды, себебі ол марксистік теорияның диалектикалық мазмұнына
сай болмады. Нақтырақ айтсақ, бұл теория жеке адамның пікірі мен әрекетінің
маңызын жоққа шығару арқылы диалектиканы айналып өтті. Оның айтарлық-
тай элементі индивидуалды ойлау және әрекетті айқындайтын капитализм-
нің экономикалық құрылымы болды. Мұндай түсіндірме саяси квиетизм-
ге алып келетін және соған сәйкес, Маркс тұжырымдамасымен үйлеспейтін
(Guilhot, 2002). Егер капиталистік жүйе өзіне тән құрылымдық сәйкессіздік-
тің ауыртпалығынан күйреуге дайын тұрса, онда индивидуалды әрекеттер не
үшін қажет? Марксистік теория мен тәжірибені біріктіру туралы ойына жүгін-
ген кезде, әрекетке көз жұмып қарау немесе оларды жоққа шығару оның ойлау
дәстүріне қайшы келетіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: