Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет229/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Басқа әлеуметтік салалар. Коллинз стратификация жүйесіндегі конфликтілер-
ге көңілі толмай, оны басқа әлеуметтік салаларға таратуға әрекеттенді. Мысалы, 
ол өзінің стратификацияны талдауын жыныстар арасындағы, сонымен қатар жас 
ерекшеліктері әртүрлі топтар арасындағы қатынастарға қатысты кеңейтті. Оның 
ойынша, отбасы – бұл сексуалды конфликт аймағы, мұнда ер адамдар жеңімпаз 
болғанмен, ақырында, әйелдер ерлерден үстем бола бастайды, сөйтіп, кіріптарлық 


294
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қатынастан түрлі конфликт туындайды. Дәл осылай ол жас ерекшеліктері әртүр-
лі топтардың арасындағы, сондай-ақ жастар мен қарт адамдар арасындағы өзара 
келіспеушілікті конфликтінің бір түрі деп білді. Бұл идея құрылымдық функцио-
налистердің көзқарастарына қарсы келді, өйткені олар бұл қатынастар үйлесімді 
әлеуметтену мен интернализацияның негізі болады деп сенді.
Коллинз жас ерекшеліктері әртүрлі топтар иеленген ресурстарды қарас-
тырды. Ересек адамдар тәжірибе, көлем, күш және жас адамдардың физикалық 
қажеттіліктерін қанағаттандыруы сияқты көптеген ресурстарға ие болады. Ке-
рісінше, ресурстардың ішіндегі ең азы – тек қана кішкене балаларда кездесетін 
физикалық әрекет. Бұл кішкене балалардың ересектердің билігіне бағынаты-
нын көрсетеді. Алайда есейе келе балалар ресурстар жинап қарсыласа алады, 
нәтижесінде ұрпақтар арасындағы конфликт күшейеді.
Сонымен қатар Коллинз ресми ұйымдарға да конфликт тұрғысынан қарады. 
Оларды тұлғааралық әрекеттер желісі және мүдделер конфликтісі туындайтын 
алаң ретінде көреді. Қысқаша айтқанда, «Ұйымдар – бұл күрес алаңы» (R. Collins, 
1975:295). Коллинз өзінің дәлелін пропозициялық тұрғыда дәйектеді. Мысалы, 
ол: «Мәжбүрлеу мәжбүрленуден қашу үшін аса қатты күш жұмсауға алып келеді» 
(R. Collins, 1975:298), – деп тұжырымдады. Керісінше, ол ма рапаттарға ұсынуды 
артықшылық стратегиясы деп санады: «Сыйлық беру тікелей ұнамды мінез-құ-
лықпен байланысты болғандықтан, бұл дәстүрді сақ тау материалдық марапаттар 
арқылы бақылау жүргізіп отыру үшін өте тиімді» (R. Collins, 1975:299). Осы және 
басқа да тұжырымдар Коллинздің конфликті ғылыми, маңызды микробағыттағы 
деңгейде зерттеуге зейін қойғанын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Коллинз бірқатар себептерге байланысты, Дарендорф 
сияқты марксистік қақтығыс теориясының шынайы жаршысы бола алмады. 
Коллинз Марксті бастапқы нүкте ретінде пайдаланғанмен, Вебер, Дюркгейм 
және, негізінен алғанда, этнометодология оның жұмысына айрықша ықпал етті. 
Коллинздің кіші масштабты бағыты конфликтінің интегративті теориясын жа-
сау үшін пайдалы бастама болды. Алайда көздеген мақсаты конфликтілердің не-
ғұрлым интегративтік теориясын жасау болғанмен, өкінішке орай, бұл міндетті 
толық орындай алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет