295
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
Біз құрылымдық функционалистер (Дэвис пен Мур, Парсонс пен Мертон) жұмысы-
ның үш түрін қарастырамыз. Дэвис пен Мур әлеуметтанудың белгілі, сындарлы тарихында
әлеуметтік стратификацияны әлеуметтік жүйе ретінде және ол атқаратын түрлі жағымды
функцияларды зерттеді. Біз, сонымен қатар Толкотт Парсонстың
құрылымдық-функцио-
налдық теориясын және оның әрекет жүйесінің төрт функционалды императиві: адапта-
ция, мақсатқа жету, интеграция мен латенттік (AGIL) туралы идеясын жете тал қылайтын
боламыз. Сондай-ақ оның құрылымдық-функционалдық ыңғайын төрт іс-әрекет жүйесіне:
әлеуметтік жүйе, мәдени жүйе, тұлға жүйесі және мінез-құлықтық организмге қатысты
талдаймыз. Соңында, біз оның құрылымдық-функционалдық ыңғайын динамизм мен
әлеуметтік өзгерістерге қатысты эволюциялық теориясын және толықтырылған айырбас
құралдары туралы идеяларын қарастырамыз.
Мертонның функционалдық талдауға қатысты «парадигма» жасауға күш жұмсауы –
қазіргі құрылымдық функционализмнің маңызды бөлігі. Мертон құрылымдық функцио-
нализмнің кейбір аңғырт позицияларын сынай бастады.
Содан соң, құрылымдық-функ-
ционалдық талдаудың неғұрлым адекватты моделін жасауға тырысты. Мертон бір мезетте
оның негізін салушылардың ірі масштабтағы әлеуметтік құбылыстарға назар аудару қа-
жеттігі туралы ойларымен келісті. Бірақ Мертонның көзқарасы бойынша, позитивті функ-
цияларға көңіл аударумен қатар құрылымдық функционализм дисфункциялармен және
тіпті функциясыздықпен байланысты болуы тиіс. Осы толықтыруларды есепке ала оты-
рып, Мертон сарапшыларды функцияның және дисфункцияның
таза теңгерімін бай салды
зерделеуге шақырды.
Әрі қарай, оның көзқарасынша, құрылымдық-функционалдық зерттеу жүргізгенде біз
жаһандық талдаулардан бас тартып және өзіміздің қандай сапалық деңгейде жұмыс істей-
тінімізді көрсетуміз қажет. Сонымен қатар Мертон құрылымдық функционалистердің тек
айқын (жорамалданған) ғана емес, жасырын (байқаусыз) функцияларға да көңіл аударуы
тиістігін айтты. Бұл тарау Мертонның функционалдық парадигмасын әлеуметтік құры-
лымның және мәдениеттің аномалиямен, ауытқушылықпен
арақатынасы туралы сұраққа
қатысты қолдануын талқылаумен аяқталады.
Содан кейін біз құрылымдық функционализмнің беделі мен мәртебесін көтерген көп-
теген сын-пікірді талдайтын боламыз. Біз сындарды талқылап, құрылымдық функцио-
нализмнің аристократиялық, конфликтілер мен өзгерістерге әлі келмейтін, өте консерва-
тивті, акторларға қатысты әлеуметтік
шектеулерге аса ден қойған, элитарлық легитимдік,
телео логиялық және тавтологиялық сипаттарын көреміз.
Әрі қарай біз көптеген оқымыстылар құрылымдық функционализмнің соңғы нұсқасы
деп таныған Никлас Луманның жүйе теориясын талқылаймыз. Луманның жүйе теориясы
Парсонс тұжырымдарының шегінен шығып кеткенмен, функционалдық жіктелген бірлік-
тердің жиынтығы ретінде қоғамды зерттеу әрекетінен басталатынын дәйектейді. Сонымен
қатар жүйе теориясы өзіне биология,
когнитивті психология, ұйымдастыру теориясы мен
әлеуметтануды біріктіреді. Луман қоғамды өзінен-өзі қалыптасатын аутопоэтикалық (қол-
дан жасалған) жүйе ретінде қарап, оны жүйеге және қоршаған ортаға бөледі. Дәл осы ал-
ғашқы айырмашылықтар негізінде қосымша функционалдық дифференциация туын дауы
мүмкін. Бұл тараудың соңғы бөлімі 1950 және 1960 жылдардағы құрылымдық функцио-
нализмнің негізгі баламасы ретінде конфликт теориясына арналады. Бұл бағыттағы ең та-
нымал еңбек – марксистік дәстүрді жалғастыруға тырысқанмен, төңкерілген құрылымдық
функционализмді сипаттаған Ральф Дарендорфтың зерттеуі. Дарендорф тепе-тең емес өз-
герістерге, тәртіпке емес – конфликтіге, тұрақтылыққа емес –
қоғам бөліктерінің ерекше-
ліктеріне өз үлестерін қосуына, сонымен қатар нормативті шектеулерге емес – конфликті