301
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
және таптық сана») (Lukacs, [1922] 1968) атты кітабының арқасында зор даңқ-
қа бөленді. Біз, сондай-ақ Антонио Грамши идеяларына да зейін қоямыз.
Георг Лукач
Марксизм білгірлерінің қызығушылықтары, ең алдымен, ХХ ғасырдың басын-
дағы Маркстің
Capital («Капитал») (Marx, [1867] 1967) секілді бергі эконо-
микалық шығармашылықтарымен шектелген. Ертеректегі еңбектері, гегельдік
субъективизмнің әсері айрықша сезілетін, әсіресе
The Economic and Philosоphic
Maunscripts of 1844 («1844 жылғы экономикалық және философиялық қол-
жазбалар») атты еңбегі (Marx, [1932] 1964) көп жағдайда марксист ойшыл дар-
ға таныс емес болатын. 1932 жылы
«1844 жылғы экономикалық және филосо-
фиялық қолжазбалар» еңбегін қайтадан оқу және оның жаңадан жариялануы
үлкен өзгеріс алып келген оқиға болды. Дегенмен Лукач өзінің басты еңбегін
1920 жылы жазып қойған еді, онда ол марксистік теорияның субъективті жа-
ғын ерекше атап өткен. Мартин Джей
History and Class Consciousness («Тарих
және таптық сана») Маркстің он жылдан кейін жарияланған
«1844 жылғы эко-
номикалық және философиялық қолжазбалар» еңбегіндегі философиялық ма-
ғынаның бірнеше іргелі бағыттарын болжап білгенін» жазған (Jay, 1984:102).
Лукачтың марксистік теорияға қосқан негізгі үлесі басты екі идеясы бойынша
көрініс тапқан: реификация (заттандыру) (Dahms,1998) және таптық сана.
Достарыңызбен бөлісу: