369
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
басқаның өзіне деген қатынасын «киіп» көруі арқылы жү зеге асырыла-
ды. Индивидтің осы процеске саналы түрде дайындала отырып, өзінің
бейімделу деңгейіне қарай, кез келген әлеуметтік әрекетті моди фика-
циялауға мүмкіндігі бар».
(Mead, [1934] 1962:134)
Сонымен қатар өзіндік мән адамдарға басқалармен әңгіме-дүкен құруға
мүмкіндік береді. Демек, адам не айтып отырғанын, нәтижесінде не айтылып
жатқанын бақылап және келесіде не айтылатынын анықтай алады.
Өзіндік мәнге ие болу үшін индивидтер өзінің «мен» атты шекарасынан
шығу керек, соның арқасында олар өздерін-өзі бағалап, өздеріне-өзі объект
бола алады. Ол үшін адамдар әдетте өздерін басқалар орналасқан эксперимен-
талды өріске орналастыруы тиіс.
Шын мәнінде, Мидтің ең қарама-қайшылықты әрі әлеуметтану тұрғысынан
аса маңызды өзіндік мән теориясы тұжырымдарының бірі адамның өзін-өзі ті-
келей түрде сезіп-біле алмайтынына негізделген. Олар басқалардың орнына өз-
дерін қойып және осы тұрғыдан өздерін жанама күйде қарастыра алады. Адам-
ның өзін-өзі қарастыратын көзқарас жеке индивидке немесе біртұтас топқа
байланысты болуы мүмкін. Мидтің айтуынша, «басқалардың рөлін қабылдай
отырып қана біз өзімізге орала аламыз» (1959:184–185). Адамдардың өздері-
нің жеке сәттерінде де басқалармен қарым-қатынастары үшін жауапты екенін
аңғартып отыр. Өзіндік мәннің әлеуметтік сипаты тереңнен бастау алады, ол
адамдардың кісілік келбеті мен мінезінен көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: