Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет275/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Маңызды символдар 
Маңызды символ – адам ғана жасай алатын ым-ишара түрі. Ым-ишараның 
маңызды символдарға айналуының басты шарты – индивидтердің жасаған ым- 
ишарасы қарсыласының соған сәйкес жауап болардай әрекетін (олардың бір-
дей болуы міндетті емес) тудыруы керек.
Тек маңызды символдар болған жағдайда ғана байланыс болуы мүмкін, жал-
пы мағынада коммуникация құмырсқалар немесе аралар арасында бола алмай-
ды. Физикалық ым белгілі бір маңызды символдарды иеленуі мүмкін, бірақ, 
көріп отырғанымыздай, олар толық түрде мағыналы символдар бола алмайды, 
өйткені адамдар өздерінің физикалық ымын оңай көріп, оңай ести алмайды. 
Сонымен, вокалдық ым ғана анағұрлым маңызды символдар болуы мүмкін, 
алайда дауыстың кез келген көріністері осы іспетті символдар бола бермейді. 
Осы орайда маңызды символдар ретінде вокалдық ым жиынтығы болып табы-
латын тілді қарастыруға болады. Ол «нақты бір жағдайда бірінші адамда пайда 
болған мәнге жауап беріп, екінші адамның бойында да дәл осындай мән тудыра 
алады. Ым осы шартты қанағаттандырған жағдайда «тіл» атаулымен теңдесе-
ді. Енді ол маңызды символ белгілі бір мәнді білдіретін болады» (Mead, [1934] 
1962:46). Ыммен сөйлесуде ым-ишараның өзі ғана беріліп отырады. Алайда 
тілмен байланысты жағдайда ым мен олардың мәндері көрсетіледі.
Тіл мен мағыналы символдар сөйлеп тұрған адамның бойында басқаларда-
ғыдай реакцияны тудырады. Мысық немесе ит сөздерін айтқан адам солардың 
бейнелерін соны естіп тұрған адаммен бірдей елестетеді. Тілдің ықпалы сөйлеп 
тұрған адамды басқалармен қатар әрекет етуге итермелеуге негізделеді. Көрер-
мендері лық толы театрда «өрт» деп айғайлаған адам сол сөзді естіген адам-
дармен бірге театрдан тезірек шығуға ұмтылады. Сөйтіп, маңызды символдар 
адамдарға өз әрекеттерін орындауға мүмкіндік беріп отырады.
Прагматикалық бағытты көшіре отырып, Мид сонымен қатар жалпы ым-
ның және жекеленген жағдайда мағыналы символардың «қызметтерін» қарас-
тырады. Ымның қызметі «белгілі бір әлеуметтік әрекетте өзара түйісіп отыр-
ған адамдарды әрекетке қатысты объект немесе объектілерге бейімдей алуға 
негізделеді» (Mead, [1934] 1962:46). Сонымен, бетті санасыз түрде тыржиту 
баланың шұңқырдың шетіне жақындамауы үшін, яғни оны ықтимал қауіпті 
жағдайдан қорғау үшін жасалуы мүмкін. Алайда мағынасы жоқ ым да болады, 


367
9-тарау

Символикалық интеракционизм
«мағыналы символ мағынасыз ымға қарағанда осындай бейімделу мен қайта 
ұйымдастыру үшін көбірек мүмкіндік береді, өйткені ол индивидтің оған деген 
дәл сондай қатынасын қалыптастырып, оған өзінің кейінгі іс-әрекеттерін бас-
қалардың іс-әрекеттеріне осы қатынасқа сәйкес ыңғайлауға мүмкіндік береді» 
(Mead, [1934] 1962:46).
Басқаша айтқанда, өзіміздің наразылығымызды басқаларға жеткізген кезде 
ашумен көрсетілген вербалды сөгіс дененің бұрмаланған тілінен әлдеқайда ар-
тық. Наразылық білдірген адам әдетте дене тілін ұғына қоймайды, сол себеп-
тен алдағы әрекеттерін саналы түрде басқара алмауы да мүмкін. Бұл мағы налы 
символдарды қолданатын адамның – баланың осы сөгіске қайтаратын жауа-
бының түрлі әдістерін ойша елестете алатынымен байланысты болып келеді. 
Кейін сөйлеуші адам сөгістің негіздерін қорғауға немесе түсіндіруге тырысып, 
бала айтылған сөздердің мағынасын өзі-ақ түсінеді деп үміттенеді. Өзара әре-
кеттесудің осындай еркін түрі адам балаға дененің бейсаналы тілі арқылы жай 
ғана қараған жағдайда әрі қарай жалғаса алмайды.
Маңызды символдардың тағы да бір басты функциясы олардың ақыл-ес 
пен психикалық процестердің пайда болуына тікелей септігін тигізетініне 
байланысты. Маңызды символдардың, әсіресе тілдің арқасында адамның ой-
лау қабілеті (Мидтің ойынша, төменгі санаттағы жануарлар ойлай алмайды) 
қалыптасады. Мид ойлауды «адамның осы ым арқылы өзімен-өзі жай интер-
нализа цияланған немесе айқын емес күйде сөйлесуі» деп түсіндіреді ([1934] 
1962:47). Сонымен қатар Мид былай дейді: «Ойлау – адамның басқалармен 
сөйлесуімен пара-пар» (1982:155). Басқаша айтқанда, ойлау адамның өз-өзі-
мен тілдесуін білдіреді. Сонымен, біз осы орайда Мидтің ойлауды бихевиорис-
тік тұрғыдан анық тағанын көріп отырмыз. Сөйлесу әрекеттен тұрады (әңгіме) 
және де бұл әрекет адамның бойында да жүріп жатады. Ол бар болғаны ойлау-
дың жүріп жатқанын білдіреді. Бұл – ойлаудың менталистік анықтамасы емес, 
бихевиористік сипаттамасы.
Маңызды символдар символикалық өзара әрекеттесуге де септігін тигізе-
ді. Демек, адамдар бір-бірімен тек ымдасу арқылы ғана емес, сонымен қатар 
мағыналы символдар арқылы да өзара қарым-қатынас жасай алады. Әрине, 
бұл қабілет айырмашылықтар әлемін қалыптастырып, ымға қарағанда, өзара 
қарым-қатынастың анағұрлым күрделі үлгілері мен әлеуметтік ұйымдастыру 
формаларын дамытады.
Маңызды символ, әрине, Мидтің пікірінше, басты рөл атқарады. Дэвид 
Миллер де (1982a:10–11) Мидтің теориясындағы маңызды символдың осы қа-
сиетін атап өтті. 
Ақыл-ой
Мид ақыл-ойды зат ретінде емес, процесс және өз-өзімен ішкі сөйлесу деп 
анықтай отырып, адамның бойынан табылмайтынын ескереді. Ол – адамның 
бас сүйегінде орналаспаған әлеуметтік құбылыс (Franks, 2007). Ол әлеуметтік 
процестің шеңберінде қалыптасып, дами отырып, осы процестің ажырамас бө-
лігіне айналады. Әлеуметтік процесс ақыл-ойдан жоғары тұрады. Ол көп адам 
ойлап үйренген ақыл-ойдың азығы бола алмайды. Сонымен, ақыл-ой да өзінің 
мәні тұрғысынан емес, атқарар қызметіне қарай анықталады. Сана сияқты идея-
лармен ұқсастықтарын ескере отырып, біз ақыл-ойдың қандай да бір ерекше 


368
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қасиетін көре аламыз ба? Біз адамдарда басқалардан алуға тырысатын жауап-
тарды өздерінен таба алу қабілетінің барын байқағанбыз. Ақыл-ойдың ерекше-
лігі – индивидтің «өз бойында басқаның жауабын ғана емес, жалпы қауымдас-
тықтың жауабын тудыра алу» қабілеті. Осының бәрі ақыл-ойдың арқасында 
ғана іске асады. Қандай да бір әрекеттің енді өз жауабы бар: жауаптың табылуы 
«ақыл-ойдың» бар екенін білдіреді (Mead, [1934] 1962:267). Сонымен, ақыл-ой-
дың Мид теориясындағы басқа ұқсас ұғымдардан оның жалпы қауымдастыққа 
жауап беріп, ұйымдастырылған жауап қайтару қабілеті ерекшелендіреді.
Мид ақыл-ойға басқаша, яғни прагматикалық тұрғыдан қарайды. Демек, 
ақыл-ой мәселелердің шешілуіне бағдарланған ойлау процестерінен тұрады. 
Шынайы әлем түрлі мәселелерге толы, тек ақыл-ой ғана осы мәселелерді ше-
шіп, адамдарға анағұрлым тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет