Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет274/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ым-ишара
Жеке әрекет бір адамнан тұрса, әлеуметтік әрекет екі немесе бірнеше адамнан 
тұрады. Мидтің ойынша, ым-ишара – әлеуметтік әрекет пен жалпы әлеуметтік 
процестің негізгі тетігі. Оның анықтамасы бойынша: «Ым-ишара – екінші ағза-
ның (әлеуметтік) қабылданған реакциясын қалыптастыратын ерекше стимул-
дар ретінде қызмет ететін бірінші ағзаның қозғалыстары (Mead, [1934] 1962:14; 
see also Mead, 1959:187). Жануарлар да, адамдар да ым-ишараны қолдана алады 
және біреуінің әрекеті басқаның реакциясын санасыз түрде тудырып отырады. 
Төменде ымдасуға қатысты Мидтің иттер шайқасы туралы танымал мысалы 
көрсетілген:
«Әрбір иттің әрекеті басқа иттің реакциясының стимулы болып табыла-
ды... Иттің өзге итке шабуыл жасауға дайындығы басқа иттің өз ұстаны-
мы мен қатынасын өзгертуге деген стимулы еді. Ол екінші ит қатынасын 
өзгертпес бұрын іске асырылады, ол өз кезегінде бірінші иттің тарапынан 
қатынастың өзгеруіне алып келеді».
(Mead, [1934] 1962:42–43)
Мид осы орайда болып жатқан жағдайды «ыммен сөйлесу» деп атайды. Бір 
иттің ымдасуы автоматты түрде екінші иттің сондай әрекетін тудырады, иттер-
дің миында ешқандай ойлау процестері жүрмейді.
Адамдар кейбір кезде ым-ишара мен сөйлесуді санасыз күйде істейді. Мид 
мысал ретінде бокс пен семсерлесу жарыстарындағы әрекеттер мен реакция-
ларды келтіреді. Бір қарсылас екіншісінің ым-әрекетіне «инстинктілі» түрде 
дайындалып тұрады. Мид осы іспетті бейсаналы әрекеттерді «маңызсыз» ым-
ишара деп анық тайды; адамдарды «маңызды» ым-ишараны, яғни жауап бермес 
бұрын актордың тарапынан ойлануды талап ететін ым-ишараны пайдалану қа-
білеттерін бөліп қарастырады.
Вокалдық ым-ишара маңызды ым-ишараны дамыту үшін аса маңызды. Де-
генмен вокалдық ым-ишараның барлығы бірдей маңызды бола бермейді. Бір 
иттің екіншісіне үруі маңызды емес, тіпті адамның кейбір вокалдық ымдасуы 
(мысалы, кенеттен ашулануы) маңызды болып саналмайды. Дегенмен де во-
калдық ым-ишараның дамуы, әсіресе тіл формасындағы дамуы адам өмірінің 
өркендеуін ерекшелеу үшін аса маңызды фактор: «адамның осы ым-ишара са-
ласындағы мамандандырылуы, ақыр аяғында, ғылымның көмегімен табиғат 


366
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
пен қоршаған ортаны бақылауға ала отырып, қазіргі қоғам мен білімнің пайда 
болуы мен дамуына зор ықпал етті» (Mead, [1934] 1962:14).
Бұл даму вокалдық ым-ишараның ерекше сипаттамасымен байланысты. Біз 
физикалық ым жасағанда, мысалы бет-аузымызды тыржитқанда, не істеп тұр-
ғанымызды көре алмаймыз (айнаға қарамаған жағдайда). Керісінше, біз вокал-
дық ым жасағанда өзімізді басқалардай ести аламыз. Мұндағы нәтижелердің 
бірі – вокалдық ымның сөйлеушіге де, тыңдармандарға да бірдей әсер ететіні. 
Демек, біздің физикалық ымға қарағанда вокалдық ымды тоқтатуға мүмкіндігі-
міз бар. Басқаша айтқанда, біз физикалыққа қарағанда вокалдық ымды жақсы 
бақылай аламыз. Өзін-өзі және өз реакцияларын бақылау қабілеті адамдардың 
басқа да ерекше мүмкіндіктеріне қатысты үлкен маңызға ие болып келеді. Жал-
пы айтқанда, «адамзат қоғамындағы әлеуметтік ұйымдастырудың бірден-бір 
құралы – вокалдық ым-ишара» (Mead, 1959:188).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет