Алеуметтану тероиясы indb


Әрекет және өзара әрекеттесу



Pdf көрінісі
бет284/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әрекет және өзара әрекеттесу
Символикалық интеракционистер үшін маңызды мәселе , мағына мен сим-
волдың адам әрекеті мен өзара әрекетіне тигізетін ықпалы болып табылады. 
Бұл жерде Мидтің жасырын және айқын деп бөлу әдісін қарастырған орын-
ды. Өзін-өзі ұстау тәртібінің жасырын түрі – бұл символдар мен мағынаны 
қамтитын ойлау процесі. Өзін-өзі ұстау тәртібінің айқын түрі – бұл актордың 
жүзеге асыратын нақты тәртібі. Кейбір өзін-өзі ұстау тәртібінің айқын түрінің 
бойында жасырын (үйреншікті тәртіп немесе сыртқы стимулдарға деген бей-
саналы реакциялар) ештеңе жоқ. Дегенмен адам әрекетінің басым бөлігінде 
өзін-өзі ұстау тәртібінің екі түрі де бар. Символикалық интеракционистер үшін 
өзін-өзі ұстау тәртібінің жасырын түрі басым қызығушылықты туындатады. Ал 
айқын түрі көбіне алмасу теорияшылары мен дәстүрлі бихевиористер үшін ма-
ңызды болып келеді.
Мағына мен символдар әлеуметтік әрекеттесу (жалғыз ғана субъект қаты-
сатын) мен әлеуметтік өзара әрекеттесуге (бірлескен әлеуметтік әрекет тесуге 
қатысатын бір-екі немесе бірнеше акторлар) анық сипаттама береді. Әлеумет-
тік әрекеттесу жағдайында индивидтер өзгелермен ойша өзара әре кеттеседі. 
Басқаша айтқанда, адамдар әрекет ете отырып, сонымен қатар оның өзге ак-
торларға қалай әсер ететінін бағалауға тырысады. Алайда адамдар көбінесе са-
насыз, үйреншікті тәртібін паш етеді, олардың әлеуметтік әрекеттесуге түсетін 
қасиеті бар.
Өзара әрекеттесу процесі барысында адамдар символдардың көмегімен ин-
теракцияның өзге қатысушыларына оның мағынасын жеткізеді. Ал басқалар 
осы символдарды түсіндіреді және өз түсініктерінің негізінде жауап ретіндегі 
әрекеттерін дайындайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік өзара әрекеттесу жағ-
дайында акторлар өзара әрекеттесу процесіне қатысады. 
Таңдау жасау
Адамдар мағына мен символдарды пайдалану қабілетінің арқасында, жануар-
ларға қарағанда өз әрекеттеріне таңдау жасай алады. Олар міндетті түрде сырт-
тан келген мағына мен символдарды қабылдауға міндетті емес. Жағдайды өз де-
гендеріне қарай түсіне отырып, «адамдар жаңа мағына мен оның ау қымы жайлы 
тұспал жасай алады» (Manis and Meltzer, 1978:7). Демек, сим воликалық инте-


379
9-тарау

Символикалық интеракционизм
ракционистердің көзқарасы бойынша, акторлардың белгілі бір деңгейде авто-
номиясы бар деген сөз. Олар тек қана зорлықты немесе детерминацияны сезініп 
қоймайды, олар әдеттен тыс және тәуелсіз таңдау жасай алады. Сонымен қатар 
олар өмір сүрудің бірегей стилін жасай алады (Perinbanayagam, 1985:53).
У.И. Томас пен Дороти Томас өздерінің жағдайды анықтау тұжы рымда ма-
ларында субъектінің осы бір шығармашылық қабілетін ерекше атап өткен еді: 
«Егер адамдар жағдайды шынайы деп анықтаса, онда олар нәтижесіне қарай 
шынайы болып келеді» (Thomas and Thomas, 1928:572). Ерлі-зайыпты Томастар 
біз үшін қоғам көптеген жағдайларымыздың анықтамасын жасап бергенін ескер-
ді. Олар отбасы мен қауымдастықты ерекшелей отырып, бұл сәтті біздің әлеу-
меттік анықтамалардың бастауы ретінде айрықша атап өтті. Алайда Томастар өз 
ұстанымдарында адамдарға мағына мен символды өзгер тіп немесе түрлендіруге 
«тосыннан» ықпал ететін құбылыстардың мүмкін екен іне аса мән береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет