374
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
сипаттау үшін қолданады. Алайда, жоғарыдағы пікірталастан көретініміздей,
Мид әлеуметтікке жеке ақыл-ойлар арасындағы өзара әрекеттесу деңгейінен
тыс шығуға мүмкіндік береді.
Мид қоғамдық деңгейде әлеуметтік
институттар жайлы бір қатар ереже-
лерді алға тартады. Мид үшін
институт (және жалпыланған басқа) – «өзін-
дік мән мен қоғамның арасындағы делдалдық тұс» (Cоtе, 2015:22). Мид кең
тұрғыда институтты «қауымдастықтағы ортақ күш» немесе «қауымдастықтың
өмірлік әдеті» деп анықтайды ([1934] 1962:261, 264; see also Mead, 1936:376).
Нақтырақ ол былай дейді: «Тұтас қауымдастық белгілі бір жағдайда индивидке
қатысты бірдей әрекет етеді... Осындай жағдайда қауымдастық тарапынан да
бірдей реакция болады. Біз мұны – институттың қалыптасуы дейміз» (Mead,
[1934] 1962:167). Біз осы ұстанымдарды тасы мал даймыз және олар «өзім» ар-
қылы әрекетімізді бақылау үшін қызмет етеді.
Тәрбие – бұл актордың қауымдастықтағы (институт) ұжымдық салттарды
«интернализациялау» процесі. Бұл процестің маңызы зор, себебі Мидтің көз-
қарасы бойынша, ірі қоғам сынды адамдардың өздеріне деген реакциясы бол-
майынша, олар не өзіндік мәнге ие бола алмайды, не қауымдастықтың нағыз
мүшесіне айнала алмайды. Ол үшін адамдар қауымдастықтың жалпы ұстаным-
дарын игеруі қажет.
Оның үстіне, Мид институттар индивидуалдықты бұзбауы және шығарма-
шылыққа кедергі болмауы керек деп түсіндіреді. Мид «өздерінің қатаң және
икемсіз ережелері арқылы адамның даралығын жоятын шіркеу сынды үстем-
дік етуші, стереотипті және аса консервативті әлеуметтік институттардың» бар
екенін мойындайды (Mead, [1934] 1962:262). Жоғарыда айтқан тұжырымын
төмендегідей пікірімен сабақтайды: «Әлеуметтік институттардың жазалаушы
немесе аса кон сервативті болуына немесе олардың басқалар сияқты даралық-
ты тежемей, керісінше, оның дамуына септігін тигізетін икемді және прогрес-
сивті болмауына ешқандай қажеттілік те, шарасыз себеп те жоқ» (Mead, [1934]
1962:262). Мидтің пікірінше, институттар бірінші кезекте адамдардың қалай
әрекет ету қажеттігін анықтап, даралық пен креативтілікке кеңістік берулері
тиіс. Мұнда Мид бір уақытта адамдарды мәжбүрлейтін және оларға креативті
болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік институттардың қазіргі тұжырымдамала-
рын көрсетеді (Giddens, 1984). Мид қоғамның тежегіш күшін жоққа шығарып,
оның оң сипатын ерекшелеуі арқылы өзге классик теорияшылардан дараланды
(Athens, 2002).
Достарыңызбен бөлісу: