376 II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Ойлану және өзара әрекеттесу Адам ойлау қабілетіне ие. Ол әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында қалып та-
сып, жетілуі тиіс. Мұндай көзқарас символикалық интеракционисті әлеумет тік
өзара әрекеттесудің ерекше түрі – әлеуметтенуді талдауға алып келеді. Адамның
ойлау қабілеті баланың әлеуметтенуі кезеңінде дамып, ересек адамның әлеумет-
тенуі барысында жетілдіріледі. Символикалық интеракционистердің әлеумет-
тену процесіне қатынасы өзге әлеуметтанушылардың көзқара сынан біршама
ерекшеленеді. Символикалық интеракционистердің пайымдауынша, дәстүрлі
әлеуметтанушылар әлеуметтенуді адамдардың қоғамда өмір сүру үшін қажетті
әрекеттерді игеретін (мысалы, мәдениет, рөлдік күту) жай процесс ретінде қа-
растыруы әдбен мүмкін. Символикалық интеракционистер үшін әлеуметтену –
адамдарға ойлау қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін
динамикалық процесс. Одан басқа әлеуметтену – актордың ақпарат алуының бір-
жақты ғана процесі емес, оның ақпаратты өзінің қажеттіліктеріне сәйкес жасауы
мен бейімдеудің динамикалық процесі (Manis and Meltzer, 1978:6).
Символикалық интеракционистерді, әрине, тек қана әлеуметтену емес,
со
ны
мен қатар «өзінше маңызды» жалпы өзара әрекеттесу қызықтырады
(Blumer, 1969b:8). Өзара әрекеттесу – ойлау қабілеті бір уақытта дамып, бір
уақытта көрінетін процесс. Әлеуметтік әрекеттесудің барлық түрлері біздің
ойлау қабілетімізді жетілдіреді. Оған қоса, ойлау өзара әрекеттесу процесін
қалыптастырады. Көп жағдайдағы өзара әрекеттесуде акторлар басқаларды ес-
керуі тиіс және өздерінің әрекеттерін басқаларға бейімдеуі қажет, олай болса,
оны қалай іске асыруға болатынын алдын ала шешіп алулары керек. Дегенмен
өзара әрекеттесудің кез келгені ойлауды қамтиды деп айтуға болмайды. Бұл
жерде Блумер (Мидтің соңынан) анықтаған әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі
негізгі түрі арасындағы айырмашылықты атап өткен жөн. Біріншісі, сим воли-
калық емес өзара әрекеттесу – Мидтің ыммен сөйлесуі ойлауды қам тымайды.
Екіншісі, символикалық өзара әрекеттесу ой процесін қажет етеді.
Символикалық интеракционистердің ойлауға ерекше мән бергені олардың
объектілерге қатысты көзқарасынан көрініс табады. Блумер объектінің үш тү-
рін көрсетеді: физикалық объектілер – орындық немесе ағаш; әлеуметтік объек- тілер – студент немесе ана; абстрактілі объектілер – идея немесе моралдық қа-
ғида. Объектілер шынайы өмірдегі «сол жердегі» заттар болып қарастырылады,
ең бастысы – акторлардың олардың мәнін анықтау жолдары. Соңғысы «әртүр-
лі индивидтер әртүрлі объектілерге әртүрлі мағына береді» деген релятивистік
көзқарасқа алып келеді: «ағаш, ботаник, ағаш кесуші, ақын және үй бағбаны
үшін әртүрлі объект болады» (Blumer, 1969b:11).
Әлеуметтену процесінде адамдар объектілердің мағыналарын меңгереді.
Көпшілігіміз объектілердің дәстүрлі мағыналарын меңгереміз, алайда көп
жағдайда, жоғарыда аталған ағашпен байланысты құбылыстарға әртүрлі ма-
ғына береміз. Мұндай ыңғайды шегіне дейін жеткізуге болса да, символика-
лық интеракционистерге шынайы өмірдегі объектілердің барын жоққа шы-
ғарудың еш қажеті жоқ. Олардың осы объектілерді анықтаудың айтарлық-
тай маңыздылығына, акторлардың бір объектілерге әртүрлі анықтама беру
мүмкіндіктеріне ие болуына нұсқаса болғаны. Герберт Блумер айтқандай:
«Объек тінің сипаты... сол заттың адам үшін мән-маңыздылығымен ай қында-
лады» (Blumer, 1969b:11).