Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет288/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Everyday Life («Күнделікті өмірде өзін-өзі өзгеше көрсету») (1959; J. Dowd, 1996; 
Schwalbe, 1993; Travers, 1992; Tseelon, 1992) еңбегі. Гоффмандық «мен» тұ-
жырымдамасы көп жағдайда Мидке, әсіресе өзіндік мән және «өзім» ара-
сындағы шиеленістер, өз-өзінің әлеуметтік шектеулері сияқты идеяларына 
қарыздар. Аталмыш қарама-қайшылық Гоффманның еңбе гінде көрініс тап-
қан, ол оны «біздің жалпыадамзаттық «мен» мен әлеумет тенген «меннің» 
негізгі қайшылығы» деп атады (Goffman, 1959:56). Бұл шие леніс адамдар-
дың біздің әрекетімізден не күтетінінен және біздің қалаған әрекетіміздің 
арасындағы айырмашылықтан туындайды. Біз – бізден күтетін әре кеттерді 
жасау талабымен бетпе-бет келеміз. Оның үстіне, біз абыржымауымыз қа-
жет. Гоффман айтқандай, «біз белгілі бір жаққа қарай ауытқуға бейім бол-
мауымыз керек» (Goffman, 1959:56). Адамдар өздерінің имиджін тұрақты 
ұстап тұру үшін әлеуметтік аудиторияның алдында жүреді. Гоффман өзі-
нің театрға деген қызығушылығының арқасында драматургия немесе әлеу-
меттік өмірге деген көзқарасы сахнадағы драматургиялық қойылымдармен
пара-пар болды.
Драматургия. Гоффмандық өзіндік мән ұғымы оның драматургиялық тәсілі-
мен қалыптасқан (Alieva, 2008). Гоффман үшін (Мид және өзге де символикалық
интеракционистер үшін де):
«Өзіндік мән ұғымы – нақты орны бар органикалық құбылыс емес… Сон-
дықтан өзіндік мән ұғымын талдай отырып, біз оның иесінен, одан ұта-
тын немесе ұтылатын адамнан алшақтаймыз, себебі ол адам және оның 
тәні ұжымдық әрекеттің тек белгілі бір өнімін біраз уақыт ұстап тұратын 
тірек қана болады... Әлеуметтік өзіндік мәнді өндіріп және бекітетін құ-
ралдар бұл тіректің ішінде болмайды».
(Goffman, 1959:252–253)
Гоффман әлеуметтік өзіндік мәнді актордың меншігі ретінде емес, орындау-
шы мен қалың көпшіліктің арасындағы театрландырылған өзара әрекеттесудің 
өнімі ретінде қарастырды. Өзіндік мән – «бұл сахнаның алдындағы… театр-
ландырылған әсер» (Goffman, 1959:253). Өзіндік мән театрландырылған өзара 
әрекеттесудің өнімі болғандықтан, қойылым барысында құлдырауы мүмкін. 
Гоффман өзінің драматургиясында осындай бұзу әрекеттерінің алдын алатын 
немесе бейтараптанатын процестерді қарастырады. Оның ойларының басым 
көбі драматургияның осы мүмкіндіктеріне арналған, Гоффман көптеген қойы-
лымдардың сәтті өтетінін айтады. Нәтижесінде қарапайым жағдайлар аясында 
орындаушылар тұрақты өзіндік мәнге ие болып, ол орындаушыдан туындап 
отырған «сияқты» болып көрінеді.
Гоффманның пайымдауынша, индивидтер өзара әрекеттескен жағдайда 
олар басқалар қабылдайтын өз «менінің» белгілі бір ұғымын көрсеткілері ке-
леді. Алайда осы бір «менін» ұсына отырып, орындаушылар аудиторияның 
бір бөлігі олардың қойылымдарын бұзулары мүмкін екенін мойындайды. Осы 
себептен де орындаушылар әсіресе олардың қойылымдарына кері ықпал ете-


386
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тін аудитория мүшелерінің бақылауға алыну қажеттілігіне икемделеді. Орын-
даушылар қалың көпшілікке ұсынып отырған «мен» ұғымы олардың қалауы-
на қарай жеткілікті болады деп үміттенеді. Сонымен қатар бұл аудиторияны 
орындаушылардың өз қалауларына қарай әрекет етуіне итермелейді деп сене-
ді. Гоффман осы бір маңызды міндеттерді «әсерлерді басқару» деп сипаттады. 
Ол, орындаушылардың өздері тап болуы мүмкін қиындықтарға қарамастан, 
белгілі бір әсерді және осы мәселелерді шешу үшін қолданатын әдістер мен 
тәсілдерді қамтиды.
Театрдың аналогиясымен жүре отырып, Гоффман «алдыңғы қатар» тер-
минін қолданды. Алдыңғы қатар – бұл қойылымды бақылап отырғандар 
үшін жағ дайды айқындап бере отырып, әдетте тұрақты және жинақы әрекет 
ететін қойылымның бір бөлігі жүзеге асатын орын. Әрі қарай Гоффман осы 
алдыңғы сахна шеңберінде жағдай мен жеке алдыңғы қатарды ерекшелеп 
көрсетеді. Жағдай бұл қойылым барысында болуы тиіс физикалық сахнаға 
қатысты. Онсыз орындаушылар қойылым қоя алмайды. Мысалы, хирургке 
әдетте опе рация бөлмесі қажет, ал такси жүргізушісіне такси, конькишіге 
мұз қажет. Жеке алдыңғы қатар аудиторияның орындаушылармен теңдей 
қарастыратын сахнаның экспрессивті әрлеуінен тұрады. Мысалы, хирургтің 
медициналық халатты киетіні және оған белгілі бір құралдардың қажет бо-
латыны сияқты және т.б.
Кейін Гоффман алдыңғы жеке қатарды сыртқы түрі мен мәнеріне қарай 
бөлді. Ал сыртқы түрі орындаушының әлеуметтік статусы (мысалы, хирург-
тің медициналық халаты) жайлы хабар беретін сәттерді қамтиды. Мәнерлер 
болса нақты жағдайда орындаушы қандай рөлді ойнайтынын болжайды (мы-
салы, белгілі бір әдеттерді қолдану, сыртқы қимылдар). Сондай-ақ шалт және 
бәсең мәнердегі қимылдар қойылымдардың түрлі типтерін паш етеді. Тұтас-
тай алғанда, біз сыртқы көрініс пен мәнердің үйлесімділігін күтеміз. 
Гоффман алдыңғы қатар мен өз жүйесінің өзге аспектілерін символика-
лық интеракционист ретінде қарастырғанымен, ол оның құрылымдық сипа-
тын зерттеді. Мысалы, ол алдыңғы қатардың институт ретінде болу үдерісі бар 
екенін алға тартты, себебі алдыңғы қатарда «ұжымдық түсінік» пайда бо ла ды. 
Көп жағдайда орындаушылар белгіленген рөлді ойнау барысында қойы лымда-
рына арнайы белгіленген қатардың бар екенін аңғарады. Гоффманның пайым-
дауынша, нәтижесінде алдыңғы қатарды құруды емес, таңдау үдерісі бар. Бұл 
идея көптеген символикалық интеракционистерден күткенімізден әлдеқайда 
әсерлі құрылымдық образды бейнелейді.
Осындай құрылымдық тәсілге қарамастан, Гоффманның айтарлықтай 
қызықты жетістіктері интеракция саласында болып отыр. Оның ойынша, 
авансахнадағы қойылым барысында адамдар өздерінің мінсіз келбетін елес-
тетуге тырысады, олар өз қиялында бірдеңе жасыру керектігін түсінеді.
7
Бі-
ріншіден, орындаушылар өздерінің бұрынғы кездегі болған, алайда қазіргі 
таңда мүлдем жоқ (нашақорлар) жасырын ләззаттарын бүркемелегісі келеді 
(мысалы, ішімдік ішу). Екіншіден, орындаушылар қойылымға дайындалу 
барысында жіберген қателіктерін және оларды түзетуге деген қадамдарын 
жасырғылары келуі мүмкін. Мысалы, такси жүргізушісі, мүмкін, басында 
бұрыс бағытқа кеткенін жасырғысы келуі ықтимал. Үшіншіден, орындау-
шылар дайындалу барысын емес, тек нәтижені көрсету қажеттілігіне тап бо-
луы мүмкін. Мысалы, профессорлар дәріске дайындалу үшін бірнеше сағат 


387
9-тарау

Символикалық интеракционизм
уақытын кетіруі мүмкін, бірақ олар материалды дайындыққа дейін де үнемі 
білген сияқты болып көрінгісі келуі мүмкін. Төртіншіден, орындаушылар 
аудитория алдында бедел сақтау үшін «лас жұмыстың» жасалғанын жасыру 
қажеттілігі туындауы мүмкін. Мұндағы лас жұмыстың «физикалық тұрғы-
дан таза емес, жартылай ғана заң ды, қатаң және жарамсыз да» міндеттері 
болуы мүмкін (Goffman, 1959:44). Бесіншіден, орындаушылар белгілі бір 
рөлді ойнай отырып, өзге қағидаларды құрбан етуі де мүмкін. Ақырында, 
орындаушылар қойылымының әрі қарай жалғаса беруі үшін кез келген ке-
лемежді, зәбірді жасыру қажет деп санауы мүмкін. Жалпы алғанда, орын-
даушылардың пайдакүнем мүдделері қалың көп шіліктен осындай жағымсыз 
фактілерді жасыруға мәжбүр етеді.
Авансахнадағы драматургияның өзге аспектісі, шындығында, орындау-
шылардың аудиторияға жақын екенін көрсетуге тырысатындарын айқын-
дайды. Мысалы, орындаушылар өздерінің қойылымдарының бірегей әрі 
маңыз ды екенін сездіретіндей әсер қалдыруға ықпал ете алады. Ол үшін 
орындаушылар өз аудиторияларының бір-бірінен алшақ отырғандарына се-
німді болулары керек, сол кезде қойылымның келеңсіз тұстары байқалмай-
ды. Гоффманның айтуынша, олар тіпті байқаған күннің өзінде аудитория 
орындаушының мінсіз образын бұзбау үшін келеңсіз әсерлерден арылула-
ры мүмкін. Күнделікті тұрмыстағы спектакльдің интеракциялық сипаты 
осылай көрініс береді. Әсерлерді басқарудың осындай тағы бір мысалы – 
орындаушының аталмыш қойылым мен аудиторияның бірегей екенін аң-
ғарту. Қалың көпшілік тің өздері де бірегей қойылымды тамашалап отыр-
ғандарына сенгілері келеді.
Орындаушылар белгілі бір қойылымның барлық элементтері бір-бірімен 
сабақтас екеніне сенуге тырысады. Кейбір жағдайларда бір ғана қарама-қайшы 
сәттердің өзі спектакльді бұзуы мүмкін. Алайда қойылымдарға қажет үйлесім-
діліктің санына қарай айырмашылықтары болады. Егер дін қызметкері рәсім 
барысында тайып құласа, бұл ең сорақысы болар еді, ал егер такси жүргізушісі 
жол жүру барысында басқа бағытқа бұрылып кетсе, бұл қойылымға аса зия-
нын тигізбес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет