423
10-тарау
•
Этноәдіснама
бірқатар процедуралар бар, ұялшақ және өз-өзіне сенетін адамдар әлеуметтік
жағдайларға қатысты, әртүрлі тәсілдермен болса да, осы процедураларды өз-
гертеді. Осылайша ұялшақ және өз-өзіне сенімді адам әртүрлі әңгімелесу стра-
тегияларын қолданады.
Мэннинг пен Рэй колледж студенттері арасында зерттеулер жүргізді. Олар
10 ұялшақ және 10 өз-өзіне сенімді диаданың арасындағы қарым-қатынасты
бейнетаспаға жазып транскрипциялады. Біз бәріміз «сөйлесу жағдайы» жайлы
айтамыз, яғни біздің қоршаған ортамыз жайлы, бірақ ұялшақ адамдар бұл тура-
лы өз-өзіне сенімді адамдарға қарағанда әлдеқайда көбірек сөйлеседі. Төменде-
гі мысалды қараңыз:
А: – (
күлкі) Микрофон.
Ә: – Бізді таспаға түсіріп жатыр.
А: – Солай сияқты.
Ә: – Ха.
А: – Жарайды.
Ә: – Олар біздің қаншалықты дірілдеп тұрғанымызды түсіріп жатыр ғой
деп ойлаймын (
күлкі)
.
А: – Білемін.
(Manning and Ray, 1993:182)
Мэннинг пен Рэй ұялшақтар өз-өзіне сенімділер сияқты сөйлесудің басында
әңгімеге екі жарым есе жиі қатысатынын анықтады. Сонымен қатар ұялшақ-
тардың әңгімесі жараспаған кезде қоршаған жағдай жайлы әңгімеге қайтып
оралуы өзіне сенімділерден гөрі сегіз есе көп болады. Мэннинг пен Рэй былай
қорытындылайды: «Біздің ойымызша, ұялшақ қатысушылар қоршаған жағдай
жайлы әңгімені күн райы туралы пікірталасқа ұқсас, «қауіпсіз» тақырып ре-
тінде қолданды. Керісінше... өз-өзіне сенімділер қоршаған жағдай жайлы әңгі-
мені тығырық деп санап, оған жоламауға тырысты» (1993:183). Оның орнына
өз-өздеріне сенімі жоғары адамдар бір-бірімен танысып, әңгіме тақырыбына
(тақырыпқа дейінгі реттілік) бірден кірісіп кетеді. Ұялшақ қатысушылар мұн-
дай әрекеттен қашқақтайды, ал өздеріне сенімді адамдар бір-біріне жауап беріп,
тақырыпты одан әрі тереңдете түседі.
Мұндағы негізгі мәселе – әңгімедегі осы және басқа да айырмашылықтар
психологиялық ерекшеліктердің негізінде жатқан симптомдар ма немесе ұял-
шақтық пен өз-өзіне сенімділік әртүрлі әңгімелесу рәсімдері болып табыла ма
деген сұрақ төңірегінде туындайды. Мэннинг пен Рэйдің (1993:189) этноәдіс-
намалық талдаудың келешегіне ден қоя отырып, соңғы көзқарасты қолдамай-
тыны айтпаса да түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: