Алеуметтану тероиясы indb


Неміс әлеуметтануының дамуы



Pdf көрінісі
бет40/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Неміс әлеуметтануының дамуы
Француз әлеуметтануының ерте тарихы Ағартушылық пен Француз рево лю-
циясынан консервативті реакциясына дейін және Токвиль, Сен-Симон, Конт 
пен Дюркгеймнің маңызды әлеуметтанулық идеяларына дейінгі жүйелі даму 
процесі болса, неміс әлеуметтануы басынан бастап фрагменттік сипатта көрін-
ді. Әлеуметтанудың іргесінде ғана қалып қойған Маркс (және оның жақтау-
шылары) пен дәстүрлі неміс әлеуметтануының алыптары – Макс Вебер және 
Георг Зиммель арасында өзара жіктелу пайда болды.
5
Алайда марксистік тео-
рияның өзі қабылдауға келмейтін болса да, оның идеялары неміс әлеуметта-
нуының негізінде әртүрлі оң және теріс бағытта өз орнын тапты.
Карл Маркс (1818–1883) теорияларының түп тамыры мен табиғаты
Карл Маркстің дүниеге деген көзқарасына зор әсер еткен – неміс философы
Г.В.Ф. Гегель (1770–1873).
Гегель. Теренс Болдың пайымдауынша, «ХІХ ғ. Гегельдің немістік ойға ба-
сымдық берген дәрежесін бағалау бізге қиындық туғызды». Негізінен, неміс 
оқымыстылары, солардың ішінде жас Карл Маркс те тарих, саясат пен мә-
дениетті Гегель философиясы тұрғысынан талқылаған» (1991:25). Маркстің 
Берлин университетінде оқу барысында оның дүниетанымының қалыпта-
суына Гегельдің идеялары, сондай-ақ Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасар-
ларының арасындағы жікке бөліну әсер етті. «Ескі гегельдіктер» ұстаздары-
ның идеяларымен келісіп отырса, «жас гегельдіктер» гегельдік дәстүрлерді 
басшылыққа алғанмен, оның философиялық жүйесінің көптеген аспектіле-
ріне сынмен қараған.
Гегель философиясының мәні екі ұғымнан құралады: диалектика және 


24
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
идеа лизм (Beamish, 2007a; Hegel, [1807] 1967, [1821] 1967). Диалектика дегені-
міз – ойлау әдісі, сондай-ақ дүние бейнесі. Бір жағынан, бұл – процесс, қарым- 
қаты нас, динамика, қақтығыстар мен қайшылықтардың маңыздылығын көр се-
тетін әлем туралы статикалық емес, динамикалық ойлау тәсілі. Екінші жағы-
нан, бұл – әлем статикалық құрылымдар емес, процестер, қатынастар, ди на-
мика, қақтығыстар мен қайшылықтардан тұрады деген дүние бейнесі. Диалек-
тика, негізінен, Гегельдің есімімен байланыстырылғанмен, әрине, диа лектика 
оның философияға келуінен бұрын болды. Гегельдің дәстүрлерімен тәрбие-
ленген Маркс диалектиканың маңыздылығын қабылдады. Алайда ол Гегельдің 
осы ұғымды пайдалануындағы кейбір аспектілеріне сыни көзқарас білдірген. 
Мысалы, Гегель диалектиканы тек идеялар қатынастарында ғана қарастыруға 
ниеттенген, ал Маркс диалектиканың өмірдің әлдеқайда мате риалдық аспекті-
леріне, мысалы, экономикада жарамды екенін сезді.
Гегельдің есімі идеализм философиясымен де (Kleiner, 2005) сабақтаса-
ды. Бұл философияда басты акцент материалдық әлемге емес, ақыл-ойдың 
маңыз дылығы мен психикалық қызмет нәтижелеріне қойылады. Әлеуметта-
ну тұр ғысынан физикалық және материалдық әлемдердің анықтамасы әлеу-
меттік және физикалық әлемдерге қарағанда ауқымды келеді. Оның соңғы 
түрінде идеализм ақыл-ой мен психологиялық құрылыстардың бар екеніне 
сендіреді. Кейбір идеалистер «егер әлеуметтік және физикалық әлемдер жоқ
болса да, олардың психикалық процестері өзгерместен қалады» деп сенген. 
Идеалистер тек психикалық процестерге ғана емес, сондай-ақ осы процестер-
дің нәтижесінде пайда болатын идеяларға ерекше мән берген. Гегель осындай 
идеялардың дамуына, әсіресе қоғамның «рухы» есебінде саналған идеялардың 
дамуына айрықша көңіл бөлген.
Іс жүзінде Гегель идеалистік тұрғыда әлемнің эволюциялық теориясын 
ұсынды. Бастапқыда адамдар қоршаған әлемді тек сенсорлық (сезіну) деңгейде 
түсіну қабілетіне ие болған. Олар әлеуметтік және физикалық әлемді сезе біл-
ген, көрген және иісін қабылдай алған. Кейінірек адамдар өз-өздерін ұғынып, 
түсіну қабілеттерін дамытты. Адамдар өзін-өзі тану және өзін-өзі түсіну арқы лы 
өздерінің қазіргі хал-жағдайларынан да әлдеқайда жақсара ала тын дарын ұғына 
бастады. Гегельдің диалектикалық көзқарасы тұрғысынан адамдардың кім еке-
ні және кім бола алатыны туралы сезімдерінің арасында қайшылық туындады. 
Бұл қайшылықтың шешімі индивидтің қоғам рухындағы орны жайлы хабардар 
болуына байланысты. Индивидтер олардың түпкілікті орындалуы – жалпы қо-
ғамның рухын дамыту мен кеңейтуде жатқанын түсінеді. Осылайша, Гегельдің 
нобайы бойынша, адамдар заттарды ұғынудан өз-өздерін түсінуге және кейін 
заттардың ғаламдық жүйесіндегі орындарын түсінуге дейін дамиды.
Сөйтіп, Гегель әлем эволюциясының жалпы теориясын ұсынды. Бұл өз-
геріс – сана-сезім деңгейінде орын алатын субъективті теория. Дегенмен бұл 
өзгеріс көбінесе акторлардың бақылауынан тыс болады. Акторлар сана-сезім-
нің болмауы мүмкін емес эволюцияға тәуелді, қорғансыз жаратылыс болып 
қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет