445
11-тарау
•
Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Питер Блау 1918 жылы 7 ақпанда Австрияның Вена қа-
ласында дүниеге келді. 1939 жылы Құрама Штаттарына
қоныс аударып, 1943 жылы АҚШ азаматы болды. 1942
жылы Иллинойс штатындағы салыстырмалы түрде
атағы белгісіздеу Элмхерстдегі Элмхерст колледжінде
бакалавр дәрежесін алды. Екінші дүниежүзілік соғыс
бас талғаннан кейін оқуын үзуге мәжбүр болды, сөйтіп
АҚШ әскерінде қызмет етті және Қола жұлдызымен
марапатталды.
Соғыстан кейін, 1952 жылы мектепке
оралып, өз оқуын Колумбия университетінің PhD дәре-
жесін алуымен аяқтады (Bienenstock, 2005).
Блау формалды ұйымдарды зерттеуге қосқан үле-
сі үшін әлеуметтануда алғаш рет кең танылды. Оның
ұйымдарды эмпирикалық зерттеулері мен формалды
ұйымдар жөніндегі оқулықтары әлі күнге дейін осы
салада кеңінен пайдаланып келеді. 2002 жылы қайтыс
болғанға дейін өзінің әлеуметтік зерттеулерін жемісті
жалғастырды.
Сондай-ақ ол Отис Дадли Дунканмен бірігіп жазған
The American Occupational Structure
(«Америкалық еңбек құрылымы») [1967] атты еңбегі үшін 1968 жылы америкалық әлеуметтану-
шылар қауымдастығының беделді Сорокин сыйлығын иеленді. Бұл еңбек әлеуметтік стратифи-
кацияны зерттеуге қосылған өте маңызды шығарма болып табылады.
Блау көптеген ғылыми-зерттеуімен танымал болса да, бізді қызықтыратыны оның әлеуметтік
теорияға қосқан үлесі еді. Бұл жердегі ерекше атап өтерлік нәрсе – Блаудың екі түрлі теориялық
бағдарға қосқан маңызды үлесі. 1964 жылы жазған
Exchange and Powerin Social Life («Айырбас
және әлеуметтік өмірдегі билік
») атты кітабы қазіргі заманғы айырбас теориясының негізгі құ-
рамдас бөлігі болып саналады. Блау еңбегінің басты мәні, ең алдымен, шағын айырбас теория-
сын қалыптастыруға және оны кең ауқымды мәселелерге қолдануға тырысуында болды. Кейбір
елеулі кемшіліктеріне қарамастан, ең бастысы, ол үлкен және шағын ауқымды әлеуметтік мә-
селелерді теориялық тұрғыдан біріктіруге талпыныс жасады. Сонымен қатар Блау құрылымдық
теорияның алдыңғы легінде болды. Америкалық әлеуметтанушылар қауымдастығының пре-
зиденті (1973–1974) болған кезеңде осы тақырыпты қауымдастықтың жыл сайынғы жиналы-
сында басты мәселенің бірі ретінде қарастырды. Ол құрылымдық теорияны түсіндіруге және
кеңейтуге бағытталған бірқатар кітаптар мен мақалаларды жариялады. Осы саладағы оның
кейінгі еңбектері арасында
Structural Contexts of Opportunities («Мүмкіндіктердің құрылымдық
мәнмәтіндері») [1994] және
Crosscutting Social Circles («Әлеуметтік шеңберлердің қиылысула-
ры») [Blauand Schwartz, 1997] кітабының екінші басылымын атауға болады.
Питер Блау 2002 жылы 12 наурызда қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: