Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет353/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Мәдени феминизмМәдени феминизм – осы тақырып аясында талданатын 
барлық теориялардың ішіндегі қайталанбас бірегейі, себебі оның бағыты әйел-
дер мен ерлер арасындағы айырмашылықтың пайда болу себептерін түсіндіру-
ге емес, көбіне әйелдер мен ерлер арасындағы ерекше қатынастың әлеу меттік 
құндылығын зерттеуге, тіпті мерекелеуге арналды. Мұндай көзқарас мәдени 
феминизмге маңызды эссенциалды тезистен туындайтын мәселелерді шешудің 
орнына одан айналып өтуге мүмкіндік берді.
Эссенциалистік гендерлік айырмашылықтардың бастапқы уәжі ерлердің 
патриархалды дискурсында әйелдердің ерлерден бірқатар төмен тұратыны 
және ол табиғи жетіспеушілік олардың әлеуметтік бағынуын түсіндіретінін 


485
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
әйелдерге қарсы қолданды. Бірақ бұл уәжді алғашқы феминистік толқын – 
«әйел мінезі» мен «әйел сипаты» ұғымының оң аспектілерін қарастырған мә-
дени феминизм теориясын жасаушылар тоқтатқан еді. Маргарет Фуллер, 
Фрэн сис Уиллард, Джейн Аддамс, Шарлотта Перкинс Гилман сияқты тео-
рия шылар пацифизм, қамқорлық, жұмсақтық, серіктестік, қақтығыстарды оң-
тайлы басқару сынды әйел қасиеттері қоғамды басқаратын үкіметтің бойында 
болу керек деп есептеді (Deegan and Hill, 1998, Donovan, 1985; Lengermann and 
Niebrugge-Brantley, 1998). Бұл үрдіс бүгінге дейін ерекше нормалар туралы дау-
ларға қатысты әйелдердің этикалық шешімдері (Day 2000, Gilligan, 1982, Held, 
1993), әйел санасындағы «қамқорлық назары» тәсілі (Fisher, 1995, Reiger, 1999,
Ruddick, 1980), әйелдердің қарым-қатынас стилі (M. Crawford, 1995; Tannen, 1990, 
1993, 1994), әйелдердің эмоционалды тәжірибе ашу тәсілі (Beutel and Marini, 
1995; Mirowsky and Ross, 1995), сондай-ақ әйелдердің агрессиялы мінез-құлқы-
ның төмен және бейбіт өмірге әсер ететін қасиетінің жоғары болуы деп бағалан-
ды (Forcey, 2001; Ruddick, 1994; Wilson and Musick,1997).
Заманауи әдебиетте өзекті мәдени феминизм мәселесі бойынша Кэрол Гил-
лиган «әйелдер ерлерге қарағанда саналы ойлаудың түрлі әдістерін қолда нады» 
деген уәж ұсынды. Гиллиган бұл екі этикалық стильді бір-біріне қарсы қояды, 
біріншісі – «қамқорлық этикасы», яғни барлық тараптар олардың қа жет тікте-
рін көріп, оларға жауап беріп жатқанын сезінгенде нәтижеге жетуге ұмтылатын 
әйел іспетті болса, екіншісі – «әділет этикасы», ол дегеніміз – бар лық тараптың 
тең құқығы қорғайтын ер адам іспеттес деп көрсетеді (Gilligan and Attanucci, 
1988). Алайда көптеген зерттеулер осы екі этикалық принципке, гендерлік айыр-
машылықтардың бар-жоғына қатысты болып отыр, нәтижесінде бұл зерттеудің 
ұзақ мерзімді әсері – «күтім этикасы – әлемдегі моральдық позиция» (Orme, 
2002; Reitz-Pustejovsky, 2002; F. Robinson, 2001). Көптеген сындарға қарамастан 
(Alcoff, 1988; Alolo, 2006), мәдени феминизм әлемге танымал, себебі ол әйел-
дердің әдістері мен білімдерін андроорталықтас мәдениеттен гөрі әділ қоғамды 
құру үшін пайдалану тиімдірек болатынын болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет