Алеуметтану тероиясы indb


12-тарау • Қазіргі феминистік теория Әлеуметтану теориялары: институттық және интеракционистік



Pdf көрінісі
бет355/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

487
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Әлеуметтану теориялары: институттық және интеракционистік
Институттық теория бойынша, гендерлік айырмашылықтар нәтиже сінде түрлі 
институттық талаптарға сай әйелдер мен ерлер сан алуан рөлде ойнайды. Айыр-
машылықты анықтайтын негізгі фактор әйел адам дарды жар, ана және үй жұ-
мыскері, үй мен отбасы сияқты жеке ортасы және ер адамдардан өте қат ты ерек-
шелейтін тәжірибелер арқылы қа лыптасқан еңбекті жыныс тық тұрғыдан бөлу 
болды. Әйелдердің ана мен жар ретіндегі қызметі әйел дің тұлғасы мен мәдение-
тін зерттеу барысында толығымен талданды, мұны зерттеушілердің қатарында
И. Бернард (1981, [1972] 1982), Ходоров (1978), М. Джонсон (1989) мен Рисман 
Ферре (1995) сияқты әртүрлі теорияшылар бар. Отбасындағы жыныстық еңбек 
бөлінісі берілген ойлау сызығының орталық мотиві болып табылады. Мұндай 
шарттағы қай таланған тәжірибе өзге мекемелерге ауысуда және ерлер мен әйел-
дердің саяси мінез-құлықтарында (мысалы, дауыс беру кезіндегі гендерлік ажы-
рау), ман сап таңдауда (мысалы, күту кәсібі әйелдердікі ретінде), корпоративті 
басқару мен кәсіптік өсу мүмкіндіктерінің (мысалы, әйел адамдардың ана болуы-
на қатысты жұмысты тоқтата тұруы) арасындағы айырмашылықтарды тану ре-
тінде көрсетіледі. Институттық орналастыру теориялары «қара пайым әрекеттер 
гендерлік тұлғаның үздіксіз ерекшеліктерін қалай туындатады» деген біршама 
күрделі мәселелерді жоққа шығармады. Институттық орналас тыру теориялары 
екі түрлі сынға ұшырады: біріншіден, олар ерлер мен әйел дер бірдей институттық 
позицияны ұстанған кездегі гендерлік айырма шылықтың сақталуын ескермейді 
(кейбір феминистік теорияшылар ерлер мен әйелдер жыныстың бөлек құрылым 
ретінде сақталуы үшін ғана бірдей инсти туттық позицияны ешқашан ұстанбайды 
деп түйіндейді) (Kan, Sullivan and Gershuny, 2011). Екіншіден, көптеген әлеумет-
танушылар институттық теорияларды тұлға мен әрекеттегі гендерлік айырмашы-
лықтардың тым стати калық және анықталған моделі ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет