488
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
күтіп, мінез-құлықты басқарады» (Fenstermaker and West, 2002:212). Осылайша,
гендер – бір-бірімен өзара әрекеттесетін адамдар арқылы әлемді ұғыну мен оның
жұмыс істеуіне мүмкіндік беру әдісі ретінде үнемі болып отыратын құбылыс.
Мысал келтірсек, «дұрыс» қоғамдық дәретхананы пайдалану – бұл әртүрлі
потенциалды қиыншылықтардан құтылу тәсілі. Бұл дегеніміз – қарбалас күн-
ді ешбір қиындықсыз өткізу тәсілі және мұны жасап
отырған адам гендермен
айналысып жатырмын деп ойламауы әбден мүмкін. Адам сезімдерінің бар ау-
қымын білдіретін құшақтау, күлу, шағымдану жолдары гендерлік қалыптасқан
және адамдар басқа адамдармен араласып, сөйлесу кезінде жағдайға байланыс-
ты қолданады.
Шындығында, гендерлік сұрақтан туындайтын тағы бір мәселе –
«Гендермен айналыспау мүмкін бе?» деген сұрақ.
Мұндай тәсілдің қазіргі кездегі танымалдығы оның тек теориялық тия нақ-
тылығын ғана көрсетіп қоймайды. Бұған қоса, ол ерлер мен әйелдерді кө бінесе
бір-біріне ұқсас көретін АҚШ тарихындағы белгілі түсінікке қатысты жарамды
екенін көрсетеді. Этноәдіснамалық түсіну жыныстан-жынысқа теориясына, жы-
ныс категориясынан гендерге өтудегі барлық гендерлік тәжірибеге ортақ бастау
болады: еркектер мен әйелдердің екеуі де осыны көреді және екеуі де гендерлік
сипат бойынша қызметтермен айналысады.
Алайда «жасауды, орындауды» қарапайым түрде түсіну еркек пен әйел
адамға бірқалыпты
болып көрінгеніне қарамастан, Уэст пен Фенстермейкер
(1995, 2002) және Уэст пен Циммерман (1987) гендерлік саладағы болмыстың
бір бөлігі – «айырмашылықты жасайды», өзгешеліктерді жасау барысында, өз-
дерін ерлерше немесе әйелдерше ажырату үшін әрекет ететінін мойын дайды.
Ажыратудың бұл әрекеттері гендерлік сәйкестікті сақтап тұру үшін бір жағдай-
дан келесі жағдайға қарай қайталанып отырады. Бұл теорияшылар өздерінің
«жасауға» қатысты талдауларын айырмашылықтың басқа мағына ларына, со-
ның ішінде нәсіл мен тапқа дейін кеңейтті. Гендерлік ерекшелік терді ескеріп,
осының барлығын өндіретін әлеуметтік механизм –
жыныс категориясына қа-
тысты жауапкершілікті, есеп берушілікті орнату.
Бұл бағытқа қойылатын басты сын – жауапкершіліктің стандарттары қай-
дан алынатынының түсініксіздігінде, өйткені ол адамдардың өзара әрекеттесу
барысында көбінесе ерекше ұқсас мінез-құлық көрсететін фактісін ескермей-
ді (Maldonado, 1995; L. Weber, 1995). Тағы бір жиі қайталанатын кем шілік:
«гендерлік» тезиске негізделген пікірталастар мен зерттеулердің көп шілігі
гендерлік теңсіздіктің интерактивті өнімдеріне
сыни тұрғыдан мән бер мей-
ді әрі осындай үлгілерді «жою» жөніндегі феминистік жобаның соңына та-
бандап түсе алмайды. (Deutsch, 2007; Risman, 2009; Thorne, 1995). Тағы бір
сын – гендерлік айырмашылықты жасайтындардың корпоративтілік туралы
сұрақты шешуге қатысты тәсілден бас тартуына байланысты (R. Connell, 2009;
Messerschmidt, 2009). Дороти Смит (2009) былай деп сын айтады: «Гендерді
жасау» жыныс, нәсіл және тап арасындағы айырмашылықтарды жеңілдетеді
және сәйкестендіреді. Дегенмен кез келген әдеби ізденістердің көрсетуі бо-
йынша, гендерлік айырмашылықтар туралы тезис мұғалімдерді,
зерттеушілер
мен теорияшыларды оның салдарын бақылаудың, соның ішінде транс сексуал-
дардың өмірлік тәжірибесін бақылаудың кеңейтілген жобасына ынталанды-
рып келеді (C. Connell, 2010). «Гендермен айналысу» теория ретінде философ
Джудит Батлердің гендерлік «көрсетілімі» болып саналады деген постмодер-
нистік тезисіне қарай үлкен резонанс тудырды.