Эмиль Дюркгейм (1858–1917) Дюркгеймнің ағартушылыққа қатысы Контқа қарағанда түсініксіздеу. Ол
ағартушылық дәстүрдің мұрагері ретінде зерделенді, себебі ғылымға және
әлеуметтік реформаларға ерекше көңіл бөлген. Дегенмен ол консервативті,
әсіресе Конттың жұмысындағыдай, дәстүрдің де мұрагері болып саналады.
Бірақ Конт ғылыми қауымнан тыс қалған болса (Токвиль секілді), Дюрк-
гейм өсіп келе жатқан академиялық базасын өз мансабының өрлеуіне қарай
қалып тастырды. Дюркгейм Францияда әлеуметтануды заңдастырды және
оның ең бектері жалпы әлеуметтанудың дамуында, соның ішінде әлеуметтану
теориясының дамуында жетекші еңбектерге айналды (Rawls, 2007; Milbrandt
and Pearce, 2011).
Дюркгейм өзінің саяси көзқарастары бойынша либерал болды, бірақ ин-
теллектуалды тұрғыдан көбінесе консервативті позицияны ұстанды. Конт пен
революцияның католик-қарсыластары секілді, Дюркгейм де әлеуметтік хаос-
тан қауіптеніп, оны жек көрді. Оның жұмысы, бұл тарауда талқыланғандай,
жал пы әлеуметтік, сонымен қатар Дюркгейм кезеңіндегі Францияға тән бас-
қа (өнер кәсіптік ереуілдер, билеуші топтың бүлінуі, шіркеу мен мемлекеттің
алауыз дығы, саяси антисемитизмнің өркендеуі) өзгерістерден туындаған бү-
ліктерден шабыт алды (Karady, 1983). Шындығында, оның туындыларының
көбі әлеу меттік тәртіпті зерттеуге арналған. Оның ойынша, әлеуметтік тәртіп-
сіздік қазіргі замандағы әлемнің қажетті бөлігі болып табылмайды және әлеу-
меттік реформалардың көмегімен оны азайтуға болады. Маркс заманауи әлем-
нің мәселелерін қоғамның ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырса, Дюркгейм
(басқа да көптеген классикалық теорияшылар секілді) басқа пікірді ұстанды.
Осылайша, Маркстің әлеуметтік революцияның қажеттілігі туралы идеялары
Дюркгейм мен өзгелердің реформизміне қарама-қайшы келді. Әлеуметтану
теориясының даму шамасына қарай тәртіп пен реформаларға деген дәл осы
дюркгеймдік қызығушылық басым болды, ал марксистік позицияны ұстанған-
дар көлеңкеде қалып қойды.