Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет37/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

ОГЮСТ КОНТ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/f/f4/Auguste_ Comte2.jpg


19
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
ойшыл дарды сынға алды. Ол негативті және зиянды деп есептеген ағартушылық 
фило со фиясына қарсы күресу мақсатында өзінің теориясын, позитивизм немесе 
по зитивті философиясын жасады. Конттың көзқарасынан революцияға қарсы 
француз католиктерінің (әсіресе де Бональд пен де Местрдің) әсерін сезу қиын 
емес. Алайда оның еңбектері соңғылардың жұмыстарынан, кем дегенде, екі аспект 
бойынша ерекшеленеді. Біріншіден, ол орта ғасырға оралу мүмкін деп санаған 
жоқ; ғылым мен өнеркәсіптің дамуы олай болуға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, 
Конт өзінің ізашарларына қарағанда әлдеқайда күрделі теориялық жүйені ойлап 
тапты, бұл ерте әлеуметтанудың негізін қалауға әсер етті.
Конт 1839 жылы әлеуметтану деп аталған әлеуметтік физиканы дамытты 
(Pickering, 2011). Әлеуметтік физика терминін қолдану – Конттың әлеу мет-
тануды нақты ғылымдардың үлгісі бойынша құрғысы келгенін көрсетеді.
Оның пікірінше, бұл жаңа ғылым, ақыр аяғында, басымдыққа ие жалғыз 
ғылымға айналып, әлеуметтік статика (барлық әлеуметтік құрылымдар) мен 
әлеуметтік динамикаға (әлеуметтік өзгерістер) қатысты болды. Екеуі де әлеу-
меттік өмірдің заңдарын іздеуді қамтығанымен, Конт әлеуметтік дина миканы 
әлеуметтік статикадан маңыздырақ көрген. Өзгерістерге ерекше көңіл аударуы, 
оның әлеуметтік реформаларға, дәлірек айтқанда, Француз револю циясы мен 
Ағартушылықтан туындаған ауыртпалықтарды реформалауға деген қызығу-
шылығын көрсетеді. Конт революциялар арқылы өзгерістерге талпынған жоқ, 
өйткені ол қоғамның табиғи эволюциясы ең жақсы нәтиже лерге алып келетінін 
айтты. Ал реформалар тек процеске болмашы жәрдемдесу үшін ғана қажет.
Бұл бізді конттық әдістің іргетасына – оның эволюциялық теориясына не-
месе үш сатылы заңына алып келеді. Бұл теория «әлемнің өз тарихи шеңбері 
бойынша өтетін үш интеллектуалды кезеңі бар» деп тұжырымдайды. Конттың 
ойынша, бұл процесс тек жалпы әлемге ғана тән емес: топтар, қоғамдар, ғы-
лым дар, индивидтер және тіпті ақылдың өзі сол үш сатыдан өтеді. Алғашқы 
қабылдаушы деген қосымша қызмет берді және алғаш рет бұл қосымша жұмыс оған біршама 
табыс алып келді (осы уақытқа дейін ол отбасы мүшелеріне жиі қаржылай тәуелді болып отыр-
ды). Осы кезеңде ол өзін зор даңққа бөлеген, 1842 жылы толықтай басылып шыққан (алғашқы 
томы 1830 жылы жарық көрді) Cours de Philosophie Positive («Позитивті философия курсы») атты 
алты томдық еңбегін жазып жүрді. Аталмыш еңбекте Конт әлеуметтануды бірден-бір соңғы ғы-
лым деген өз көзқарасын айқындады. Сондай-ақ Конт Политехникалық институтты сынап-мінеді, 
бұл 1844 жылы оның ассистенттік қызметін тоқтатуына алып келді. 1851 жылы қоғамды қайта 
құрудың үлкен жоспарын ұсына отырып, практикаға негізделген төрт томдық Systeme de Politique 
Positive («Позитивті саясат жүйесі») еңбегін бітірді.
Хайлбронның пайымдауынша, Конттың өміріндегі ең қатты соққы 1838 жылы болды, дәл сол 
кезде Конт өзінің жалпы ғылым, соның ішінде әлеуметтану туралы жазылған еңбегін әлдекім 
қабылдайды деген үмітінен қол үзді. Сол арада ол өзінің «ми гигиенасы» өмірін бастады; яғни 
Конт өзге авторлардың туындыларын оқудан қашқақтады, нәтижесінде соңғы интеллектуалды 
жетістіктерден көп артта қалды. Ал 1838 жылдан кейін Конт қоғамды реформалау туралы өзінің 
оғаш идеяларын дамыта бастады, бұл идеялары «Позитивті саясат жүйесінде» көрініс тапты. 
Конт өзін адамзаттың жаңа дінінің бас пірәдарымын (діни қызметкерімін) деп таныстыруға дейін 
барды; ол әлемді ақыр соңында әлеуметтанушы-діни қызметкерлер басқаратынына сенді (Конт-
қа оның католиктік бастаулары әсер етті). Өзінің даулы идеяларына қарамастан, Конт Францияда, 
тағы басқа елдерде біршама ізбасар шәкірттерді соңынан ертті.
Огюст Конт 1857 жылдың 5 қыркүйегінде қайтыс болды.


20
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
кезең – теологиялық, ол 1300 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл уақыт аралы-
ғында идеялардың басым жүйесі «адам бейнесіндегі тылсым күштер мен діни 
тұлғалар – барлық жаратылыстың көзі болады» деген ұғымды бірінші орынға 
қояды. Әсіресе әлеуметтік пен физикалық әлемді Құдайдың жаратылысы деп 
есептеген. Екінші кезең – метафизикалық, ол шамамен 1300 жылдардан 1800 
жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезең дараланған құдайлар емес, олар-
дың орнына абстрактілі күштер, «табиғат» бар лығына жауап беріп, түсіндіре 
алады деп баяндалады. Ақырында, 1800 жылы әлем ғылымға деген сеніммен 
сипатталатын позитивистік кезеңге көшті. Адамдар абсолютті себептерді із-
деуден бас тартып (Құдайды немесе табиғатты), орнына әлеуметтік және фи-
зикалық әлемді басқаратын заңдарды зерделеп қадағалауға көңіл бөлді.
Әлбетте, Конт өзінің әлем теориясында интеллектуалды факторларға ай-
рықша ден қойды. Шынымен де, ол интеллектуалды бейберекеттік әлеуметтік 
тәртіпсіздіктің туындауына себеп болады деп санаған. Мұндай тәртіпсіздіктің 
шығу көзі әлдеқайда ерте идеялар жүйесінде жатыр (теологиялық пен мета фи-
зикалық), ол позитивизм (ғылыми) дәуірінде де жалғасын тапты. Пози ти визм 
толық бақылауға ие болған шақта ғана әлеуметтік төңкерістер мен революция-
лар тоқтайды. Бұл эволюциялық процесс болғандықтан, әлеуметтік төңкеріс-
тер мен революцияларға деген қажеттілік жоқ. Алайда позитивизм орнығады, 
бәлкім, біреулер қалағандай тез келе қоймайтын шығар. Бұл жерде Конттың 
әлеуметтік реформизмі мен әлеуметтануы сәйкес келеді. Әлеуметтану пози-
тивизмнің орнығуын жеделдетеді және соған сәйкес әлеуметтік өмірге тәртіп 
алып келе алатын еді. Ең алдымен, Конт революцияның жақтаушысы болып 
көрінгісі келмеді. Оның пікірінше, әлемде тәртіпсіздік жетіп артылады. Кез 
келген жағдайда, Конттың көзқарасы бойынша, интеллектуалды өзгерістер қа-
жет болды, сондықтан әлеуметтік және саяси революциялар үшін себеп аз еді.
Біз классикалық әлеуметтанудың дамуында үлкен маңызы бар Конттың 
кейбір базалық консерватизмі, реформизм мен сциентизм, сондай-ақ оның 
әлемге деген эволюциялық көзқарастарымен таныстық. Оның шығармашылы-
ғының атап кетуге тұрарлық өзге де тұстары бар, өйткені олар да әлеуметтану 
тео риясының дамуында маңызды рөл атқарады. Мысалы, оның әлеуметтануы 
индивидке бағытталмайды, одан гөрі талдаудың базалық бірлігі ретінде отбасы 
секілді ауқымды нысандарды қарастырады. Сонымен қатар Конт әлеуметтік 
құрылымға да, әлеуметтік өзгерістерге де назар аудару қажеттігін айтқан. Ке-
йінгі әлеуметтану теориялары, әсіресе Спенсер мен Парсонстың шығармашы-
лығы үшін маңыздысы – Конттың қоғамның жүйелі сипатына, яғни қоғамның 
әртүрлі компоненттерінің арасындағы байланыстарына аса назар аударуында. 
Сонымен қатар ол қоғамдағы келісім рөліне көп мән берген. Конт қоғам үшін 
жұмысшылар мен капиталистер арасында міндетті түрде қақтығыстар тән де-
ген идеяны дұрыс деп санамаған. Сондай-ақ Конт абстрактілі теориялармен 
айналысып, әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу қажет екенін баса айтқан. Ол 
әлеуметтанушыларды бақылауды, экспериментті және салыстырмалы та рихи 
талдауды қолдануға шақырды. Конт әлеуметтану өзінің әлеу меттік заңдар-
ды түсіндіру, қоғамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған реформаларды 
түзу қабілетінің арқасында әлемдегі аса ықпалды ғылыми күшке айналады деп 
сенген.
Конт позитивті әлеуметтану дамуының алдыңғы шебінде тұрды (Bryant, 
1985; Halfpenny, 1982). Джонатан Тернердің пікірінше, Конттың позитивиз-
мі «әлеуметтік әлем абстрактілі заңдардың дамуына жауап береді; деректерді 


21
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
жете жинастырып, осы заңдарды тексеруге болады» және «бұл абстрактілі заң-
дар бізге әлеуметтік әлемнің негізгі және ең жалпылама қасиеттерін көрсетіп, 
та биғи байланыстарды нақты анықтайтынын» атап өткен (1985:24). Байқа-
ғанымыздай, кейбір классиктер (әсіресе Спенсер мен Дюркгейм) әлеуметтік 
өмірдің заңдарын ашуға Конт сияқты құлшыныспен кіріскен.
Өзінің әлеуметтану теориясының мектебін құру үшін Конттың мықты ака-
демиялық базасы жетіспесе де, ол әлеуметтану теориясының маңызды ба ғы-
тының даму негізін қалады. Бірақ француз әлеуметтануындағы оның ізбасары 
және идеяларының бір бөлігінің мұрагері Эмиль Дюркгейм Огюст Конттың 
ұрпақ алдындағы рөлін біршама кемітті (Parker, 1997; Mouzelis, 1997).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет