Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет380/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

13.4-КЕСТЕ 

 Александердің интегративті моделі
ТӘРТІП
Ұжымдық
ІС-ӘРЕКЕТ
Материалдық
құрылымдар
Индивидуалды
Инструменталды
Нормалар
Нормативті
(Идеалистік)
Ерікті
қызмет
(Материалистік)
Рационалды
әрекет
Оның пікірінше, бұл теориялардың кемшілігі – индивидуалды еркіндік пен 
волюнтаризм ұғымдарын сақтағанмен, ұжымдық құбылыстардың ерекше (sui 
generis) табиғатын жеңуге қабілетсіз. Александер сондай-ақ индиви дуалды-
инструменталды деңгейде басталатын және экономика сияқты макро деңгейдегі 
құрылымдарға көшетін айырбас теориясын сынайды. Мұндай теориялар мак-
родеңгейдегі құбылыстарды оңтайлы қолдана алмай ды. Александер өз бастауын 
микродеңгейлерден алатын және осы негізде макро деңгейлік құбылыстарды тү-
сіндіруге ұмтылатын барлық теорияларға мін тағады.
Макродеңгейде Александер мәжбүрлі тәртіпке ерекше мән беретін және ин-
дивидуалды еркіндікті жоятын ұжымдық-инструменталды теорияларға (мы-
салы, экономикалық және құрылымдық детерминизмге) қатысты сыни пікірін 
білдіреді. Оның қарсылығының себебі – аталмыш теориялардың индивидуалды 
қызметті ескермеуінде.
Александер өз моделінің барлық төрт деңгейі арасындағы өзара байланыс-
ты зерттеумен айналысқанымен, ұжымдық-нормативті деңгей мен одан шы-
ғатын теориялар белгілі дәрежеде көңілін демдейді (оның парсонстық және 
құрылымдық-функциялық түп тамырларын ескерсек, бұл таңғаларлық нәрсе 
емес). Оның айтуынша, «ұжымдық тәртіп пен индивидуалды волюнтаризмді 
біріктіруге деген үміт рационалистік дәстүрде емес, нормативті арнада жатыр» 
(Alexander, 1982:108). Ғалымның дәл осындай бағдар ең қолайлы болады деген 
көзқарасы негізінен маңызды, өйткені тәртіптің қайнар көзі ұжымдық-инстру-


532
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
менталды бағдармен болатын жағдайдағыдай экстернализацияланбаған, ол 
керісінше, интернализацияланған (санада). Нормалардың интер нализация-
лануына ерекше назар тәртіпті де, сондай-ақ ерікті агенттікті де ескереді.
Жалпы алғанда, Александердің айтуынша, кез келген индивидуалды не-
месе микроперспектива қабылданбайды, өйткені ол тәртіпке емес, «тәртіп-
сіздік пен толық күтпеген жағдайға» алып келеді (Alexander, 1985:27). Яғни 
«әлеуметтік теорияның жалпы негізін тек ұжымдық көзқарастан ғана алуға 
болады» (Alexander, 1985:28, italics added). Александер екі ұжымдық бағыт-
тан ұжымдық-нормативті позицияны ұстанады.
Демек, Александердің көзқарасы бойынша, әлеуметтік теорияшылар не 
коллективистік (макро-), не болмаса индивидуалистік (микро-) бағытты 
таң даулары қажет. Ұжымдық позицияны таңдаса, индивидуалды келісімнің 
тек «салыстырмалы түрде шағын» элементті қосуы мүмкін. Егер олар инди-
видуалистік теориясын таңдайтын болса, онда өз теориясына тән кездейсоқ-
тықпен күресу үшін өз теорияларына үстем тым дара құбылыстарды кіргізу-
ге тырысып жатқан «индивидуалистік дилеммаға» тап болады. Берілген ди-
лемманы тек «индивидуализмге деген шартты ұстанымнан бас тартқанда» 
ғана шешуге болады (Alexander, 1985:27).
Александер Ритцердікіне ұқсас талдаудың төрт деңгейін қолданса да, 
бұл екі модельдің арасында елеулі айырмашылық байқалады. Александер 
ұжымдық-нормативті теорияларға, әлеуметтік өмірдегі нормалардың рө-
ліне үлкен мән береді. Ритцер кез келген деңгейге басымдық беруден бас 
тартады және төрт деңгейдің арасындағы және ішіндегі диалектикалық қа-
тынастарды зерттеу қажеттілігін тұжырымдайды. Нәтижесінде Александер 
макро- (субъективті) құбылыстардың маңызын жөнсіз арттырады, бұл оның 
микро-макроинтеграция теориясын дамытудағы үлесін әжептәуір шектей-
ді. Ол өзінің кейінірек жазылған еңбегінде: «Мен теорияшылар жеке айны-
малыдан тұтас айнымалыны тікелей құруға көшіп, қате түйін жасайды деп 
санаймын», – деді (Alexander, 1987а:314). Александерді осындай теорияшы-
лардың бірі деп санауға болады, өйткені ол ұжымдық-нормативті деңгейден 
әлеуметтік әлемнің қалған бөлігіне көшіп, қате түйін жасауға ұрынады.
Гидденс (1984) Александердің жұмысын тікелей нұсқамаса да, Парсонс-
тың әрекеті мен тәртібі арасындағы айырмашылықтарға негізделген бар-
лық еңбектер микродеңгейде, әсіресе «әлеуметтік акторлардың қоғамдық 
практикалардың құрамдас бөлігі ретіндегі білімдері» бұл арнада сөзсіз әл-
сіз болып келеді деген бірыңғай шешімге келді. Мен (Гидденс) Парсонстың 
қандай да бір көзқарасы әлеуметтік теорияның басты өзегіне айналған бұл 
сұраққа қанағаттанарлық жауап деп ойламаймын (Giddens, 1984:xxxvii).
Алайда Александердің микро- және макроұғымдары бір-бірін анықтай-
тын аса интегративті перспектива құрғанын атап өту қажет. Ол осы перс-
пективаны былайша тұжырымдады: «Іс-әрекеттің ұжымдық ортасы оны әрі 
жігер лен діреді әрі сол арада тұйықтап ұстайды. Егер де менің іс-әрекетті 
тұжырым дағаным дұрыс болса, бұл орта оның өнімі ретінде қарастырылады; 
егер мен қоршаған орта тұжырымдамасын дұрыс құрастыра алсам, іс-әре-
кет оның ақырғы нәтижесі болып есептеледі» (Alexander, 1987а:303). Алек-
сандердің ертеректегі жасаған моделіне қарағанда, Ритцердің біріктірілген 
әлеуметтанулық парадигмамен көбірек ұқсас келетін микро-макробайланы-
сының аса күрделі, диалектикалық мәні бар сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет