529
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
кредиттік карталарды пайдаланудан туатын проблемалық жағдай ларды талдау
барысында микродеңгейдегі
жеке және
макродеңгейдегі қоғамдық мәселелер-
дің арасындағы өзара әрекеттесуге қатысты идеяларына жүгін ді. Жеке бастың
алаңдаушылығы – жеке адамға және олардың айналасын дағыларға барынша
әсер ететін мәселелер. Қоғамдық мәселелер көп адамға, тіпті
жалпы қоғамға
ықпал етуі мүмкін.
Ритцер кредиттік карталарға байланысты жеке және қоғамдық мәселелер-
дің ауқымды жиынтығын қарастырады. Бұлар гумент пен микро-макробайла-
нысқа интеграциялық көзқарас тұтынушылық қарыз мәселесі талқылануы-
нан көрінеді. Макродеңгейде тұтынушылық қарыздың жиынтығы қоғамдық
мәселеге айналды, өйткені адамдардың елеулі саны кредиттік карта ұсынатын
компанияларға қарыз. Бұл өсіп келе жатқан тұтынушылық
қарыздың қосалқы
мәселесі – құқықбұзушылық пен банкротқа ұшырау оқиғаларының өсуі. Сон-
дай-ақ макродеңгейдегі қоғамдық мәселе – қарызды жинақтау үрдісі арқылы
тұтынушылық қарызды ынталандырудағы үкіметтің рөлі. Несие карталарын
барынша көп таратуға жағдай жасау арқылы адамдарды қарыз алуға үгіттеу ық-
палы өзекті мәселеге айналады. Мысалы, адамдар пошта арқылы рәсімделген
кредит карталарына қол жеткізуге болатыны туралы хабарлама алатын үрдіс
жүріп жатыр. Адамдар, үлкен ұжымдар несиелік лимиті бар карталарға оңай
қол жеткізеді. Дегенмен осындай фирмалардың колледж студенттеріне, жоғары
/
Twenty Lectures: Sociological Theory since World War II («Жиырма дәріс: Екінші дүниежүзілік со-
ғыс кезіндегі әлеуметтану теориясы») (1987b) аталатын еңбекте постпарсонстық әлеуметтанудағы
жанжалдар мен тәртіптер, микро- және макротәсілдер, құрылымдық және мәдени көзқарастар
арасындағы бөліністің нәтижелі болмағанын айттым. Бұндай топтастырулар әрдайым шырмалып
жүретін тәртіп пен жанжалдың жалғасып келе жатқан ойыны және қоғамның дихотомиялық өл-
шемдері секілді негізгі әлеуметтік процестерді жасырып отырды.
Тығырыққа тірелген мұндай мәселелерге жауапты Парсонстың алғашқы еңбектерінен (Alexander
and Colomy, 1990) және ертедегі классиктерден іздеу керектігін айттым. Әйткенмен, теорияны
жаңа, «постпарсонстық» фазаға жылжытуға тырысқанымда, классикалық және қазіргі теория-
ның аясынан алшақ кетуге тырыстым. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің өзіме
жақын департаментінде, феноменологтердің күшті тобымен, әсіресе Гарольд Гарфинкельмен
кездес уім жаңа зерттеулерге қызығушылығымды оятты. Әлі де ең маңызды теориялық еңбегім
деп есептейтін
Actionand Its Environments («Іс-әрекет және оның қоршаған ортасы») (1987a) кіта-
бымда микро-макробайланыстың жаңа артикуляциясына арналған өрісті жоспардың бағдарын
жасадым.
Cонымен бірге жаңа мәдениет теориясын құрастыруға назар аудардым. Клиффорд Гирцті ерте
кезде оқығандықтан, әлеуметтік ғылымдағы мәдениетке деген дәстүрлі көзқарас тым шектеулі
болғанына көзім жетті. Сол кезден бері менің тәсіліме семиотика, герменевтика және пост струк-
туралистік ойлау қатты ықпал етті. Әлеуметтанудан тыс теорияларды қосып алғанда, мен әлеу-
меттік құрылым символдық кодтар мен мәндерге толы болатын көптеген әдістерді теориялық
түрде дәлелдеуге тырыстым.
Менің ойымша, теориялық синтезге қатысты бұл қозғалыс жалпы әлемдегі оқиғалар есебінен
алға басады. Посткоммунистік әлемде бізге күрделі және барлығын қамтитын, бірақ өте нәзік де-
мократияларды түсінуге көмектесетін модельдерді құрастыру аса маңызды. Қарсы дәлелдердің
көп болуына қарамастан, прогресс тек қоғамда ғана емес, сондай-ақ әлеуметтануда да болуы
мүмкін екеніне сенгім келеді. Бұндай прогресс қоғамға деген көп өлшемді және синтездік көзқа-
рас арқылы ғана қолжетімді.
[Александер жайлы толығырақ қараңыз: Colomy, 2005.]
530
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы:
негізгі мектептер
сынып оқушыларына кредит картасын ұсынатыны айыптауға тұрарлық әрекет.
Олар жастарды несие мен қарыздың «қармағына» іліп алуға тырысады. Әрине,
мұндай әрекеттердің соңы көптеген адамның жеке басында қиындық тудырып,
қоғамдық мәселеге айналады.
Миллиондаған адам кейде несие карталарын оңды-солды пайдаланып, қа-
рызға белшесінен батады. Адамдар кейде үлкен «пирамиданы» құрайды, басқа
карталар бойынша минимал төлемдер жасау үшін келесі картадағы ақшалай
алғытөлемдерді пайдаланады. Осылайша қарызын төлей алмаған адамдар заң
алдында
жауап беріп жатса, кейде өзінің банкротқа ұшырағанын жариялауға
мәжбүр болады. Нәтижесінде ескі қарызын қайтарып, несие алу құқығын қал-
пына келтіру үшін ұзақ жылдар, кейде тіпті қалған өмірін арнайды. Жағдай сон-
шалықты ауыр болмаса да, кредиттік картадағы
қарыз бойынша пайыздарды
ғана төлеу үшін үздіксіз жұмыс істеп, өзінің кредиттік теңгерімін аздап өзгер-
туге (егер бар болса) қабілетті болады. Олар несие карталар фирмасына тәуелді
болады деп айтуға болады.
Бұл жерде сипатталған жеке қиындықтардың түрлері жинақталған кезде қо-
ғамдық мәселеге айналады. Бізге мәлім, несие карталар
фир маларының саясаты
мен процедуралары (мысалы, дайын карталарды ұсыну және студенттерге несие
карталарын ұсыну) секілді қоғамдық мәселелер – жеке қиындықтардың пайда
болуына себепкер. Жеке
проблемалар мен қоғамдық мәселелер арасында диалек-
тикалық байланыс бар, олар бір-бірін өзара шиеленістіреді.
Жалпы
тұрғыдан қарастырсақ, несие карталарына қатысты келтірілген мы-
сал біріктірілген микро-, макротәсілдің өзекті әлеуметтік мәселені зерттеуге жа-
райтынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: