Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет391/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

летін салалар» деген қорытындыға келдік (Layder, Ashton and Sung, 1991:461; 
italics added). 
Сын-пікірлер. Ян Крейб (Craib, 1992) Гидденстің құрылымдау теориясына 
аса жүйелі сын жазды (for a more general critique, see Mestrovic, 1998). Бірін-
шіден, Крейбтің айтуынша, Гидденс негізгі назарын әлеуметтік практикаларға 
аударғандықтан, оның теорияларына «онтологиялық тереңдік» жетіс пейді. Бұл 
жерде Гидденс өзінің талдауында әлеуметтік өмірдің негізінде жатқан әлеумет-
тік құрылымдарды қарастырмайды. Екіншіден, оның қабылдаған теориялық 
синтез әрекеті әлеуметтік өмірдің күрделілігімен әлсіз байланысқан. Бұндай 
күрделілікті қарастыру үшін бөлек синтездік теория қажет емес – «бізге қажет 
бірқатар теориялар, өзара үйлеспеуі мүмкін» (Craib, 1992:178). Крейбтің көз-
қарасы бойынша, әлеуметтік әлем айтарлықтай реттелмеген, оны құрылымдау 
теориясы секілді жалғыз концептуалды нақты тәсілдің көмегімен ғана дұрыс 


552
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
талдап шығу мүмкін емес. Гидденстің көзқарасы әлеуметтану теориялары-
ның толық спектрін пайдалану мүмкіндігін шектейді. Гидденс позитивизм 
секілді метатеориялар мен құрылымдық функционализм теорияларын қа-
былдамайды, олардың пайдалы идеяларынан бас тартады. Тіпті ол басқа 
теорияларға сүйенсе де, олардың тек кейбір аспектілерін ғана қолданады, 
нәтижесінде қажеттінің барлығын толық ала алмайды. Үшіншіден, Гидденс 
өз пайымдауларының ешқандай тірек нүктелерін тұжырымдамайды, сон-
дықтан да оған заманауи қоғамды сыни талдау үшін қажетті негіз жетіспейді 
(14-тарауды қараңыз). Ақырында, Гидденс келтірген сында кешенді теория-
лық түйінді жүйе жоқ, көбінесе арнайы мақсатты сипатқа ие. Төртіншіден, 
Гидденс ұсынған теория, ақыр соңында, бөлшектелген болып көрінеді. Оның 
эклектизмі бір-бірімен кейде онша үйлеспейтін әртүрлі теориялық элемент-
тер мен бөліктерін жинақтауға мәжбүрледі. Соңында Гидденстің не туралы 
айтып тұрғанын нақты түсіну қиын (Mestrovic, 1998:207). Крейб өзінің жаса-
ған талдауында Гидденстің ойында не бар екенін білмейтінін, жай ғана шама-
лайтынын бірнеше мәрте айтады.
Сын-пікірдің ауқымы мен маңыздылығын ескере отырып, Крейб мынадай 
сұрақ қояды: олай болса құрылымдау теориясын не үшін қолдану қажет? Ол 
екі негізгі себепті келтіреді. Біріншіден, Гидденс идеяларының көпшілігі (мыса-
лы, құрылымдарды бір уақытта шектейтін әрі қолдайтын деп түсіну) заманауи 
әлеуметтанудың ажырамас бөлігіне айналды. Екіншіден, бүгінде әлеу меттік 
теорияның саласында жұмыс істейтін кез келген адамға Гидденстің шығарма-
шылығын есепке алып, оған қатысты өз позициясын жасау керек болады. Крейб 
өзінің талдауын Гидденстің шығармашылығына арналған бөстекі мақтаумен 
аяқтайды: «Менің ойымша, оның шығармашылығынан сүйеніш болатын бірде-
ңені таба алатындай әлеуметтік теорияны елестету өте қиын. Осы сәтте, қалай 
болғанда да, құрылымдау теориясы өзінің негізгі орнын сақтайтын болады» 
(1992:196, italics added).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет