Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет392/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Габитус және өріс. Пьер Бурдье (Bourdieu, 1984a:483; Calhoun, 2011) ұсынған 
теория автордың объективизм мен субъективизмді қасақана қарсы қою деп са-
найтын немесе, өзі айтқандай, «индивид пен қоғам арасындағы абсурд оп пози-
цияны» еңсеріп өту ықыласынан пайда болды (Bourdieu, 1990:31). Бурдье жаз-
ғандай, «менің шығармашылығыма бағыт беретін ең негізгі (және, менің ойым-
ша, аса маңыздысы) стимул – объективизм мен субъективизмнің оппози циясын 
жеңу» (1989:15).
Ол объективистердің қатарына Дюркгеймнің әлеуметтік фактілерді зерт-
теуін (3-тарауды қараңыз), Соссюрдың, Леви-Стросстың структурализмін және 
құрылымдық марксистерді (17-тарауды қараңыз) жатқызады. Бұл көзқарас-
тардың сынға ұшырау себебі – объективті құрылымдарға назар аударып, әлеу-
меттік құрылыс процесін елемеуінде; акторлар осы процесс арқылы құрылым-
дарды қабылдап, ойластырады және құрастырып, содан кейін осының негізінде 
әрекет етеді. Объективистер әлеуметтік агенттікті және агентті де ескермей-
ді. Ал Бурдье агентті ұмытпайтын құрылымдық позицияны жақтайды. «Мен
Леви-Стросс пен басқа структуралистердің, әсіресе Альтюссерде жоғалып 
кеткен шынайы өмірлік акторларды қайтаруға ұмтылдым» (Bourdieu, cited in 
Jenkins, 1992:18).
Бұл мақсат Бурдьені ([1980]1990:42) субъективистік бағытты қолдауға 
мәжбүр етеді. Оның студенттік шағында бұл бағыт бойынша Сартрдың экзис-


553
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
тенциализмі үстемдік еткен болатын. Сондай-ақ Шюцтың феноменологиясы, 
Блумердің символикалық интеракционизмі және Гарфинкельдің этноәдіснама 
«ethnomethodology» агенттердің әлеуметтік әлем туралы ойлауына, есеп беруі-
не немесе бейнелеуіне назар аударып, осы процестердің болып жатқан объек-
тивті құрылымдарын елемейтін субъективизмнің мысалдары ретінде қарасты-
рады. Бурдье бұл теориялар агенттікке екпін түсіріп, құрылымды ескермейді 
деп санайды.
Аталған тәсілдердің біреуін ұстанудың орнына Бурдье объективті құрылым-
дар мен субъективті құбылыстардың арасындағы диалектикалық өзара байла-
нысты зерттейді:
«Бір жағынан, объективті құрылымдар... түсініктер үшін негізден және 
өзара әрекеттесулерді қозғайтын құрылымдық шектеулерден тұрады. 
Алайда басқа жағынан алсақ, бұндай түсініктерді, әсіресе, күнделікті ке-
тетін күшті, осы құрылымдарды өзгертуге немесе сақтап қалуға бағыт-
талған индивидуалды және ұжымдық күштерді түсіндіруді қалаған кезде 
назарға алу керек».
(Bourdieu, 1989:15)
Объективизм-субъективизм дилеммасынан құтылу мақсатында Бурдье 
(Bourdieu, 1977:3) тәжірибе (практика) ұғымына көңіл аударады. Ол бұл ұғым-
ды құрылым мен агенттік арасындағы диалектикалық өзара байланыстың нә-
тижесі деп санайды. Тәжірибе объективті түрде анықталмаған, олар жеке қа-
лаудың өнімі де емес (Бурдьенің тәжірибе мәселесіне назар аударуының тағы 
бір себебі – осындай тәсілді қолдану кезінде объективизм мен субъективизмді 
байланыстыратын орынсыз интеллектуализмнен құтылуға болады).
Бурдье құрылым мен адамдар әлеуметтік шындықты құрау жолдары ара-
сындағы диалектикаға қатысты қызығушылықты көрсетіп, өзінің жеке тәсілін 
«конструктивтік структурализм», «құрылымдық конструктивизм» немесе «ге-
нетикалық структурализм» деп атайды. Ол генетикалық структурализмді бы-
лай анықтайды:
«Әртүрлі өрістердің объективті құрылымдарын талдау – белгілі бір дә-
режеде әлеуметтік құрылымдар бірігуінің өнімі болатын менталды құры-
лымдардан, сонымен қатар биологиялық индивидтердегі генезистік тал-
даудан, сондай-ақ әлеуметтік құрылымдар генезисін талдаудан да ажы-
рағысыз болады: әлеуметтік кеңістік пен оны алып тұрған топ – тарихи 
күрестің өнімі (бұл күресте агенттер олардың әлеуметтік кеңістікте алып 
тұрған орындарына сәйкес қатысып отырады, олар осы кеңістікті түсінуге 
мүмкіндік беретін менталды құрылымдар)».
(Bourdieu, 1990:14) 
Бурдье аздап болса да құрылымдық тәсілге қосылады, бірақ оның позиция-
сы Соссюр мен Леви-Стросстың структурализмінен (құрылымдық марксистер-
ден де) ерекшеленеді. Олар тіл мен мәдениеттегі құрылымдарға акцент қойған 
болса, Бурдье құрылымдар әлеуметтік әлемнің өзінде де бар деп пайымдайды. 
Бурдье «объективті құрылымдар өздерінің практикаларын немесе өздерінің 
түсініктерін бағыттап, тежеуге қабілетті агенттердің саналары мен еріктерінен 


554
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тәуелсіз» деп санайды (Bourdieu, 1989:14). Сол арада ол қабылдау, ойлау және 
іс-әрекет сызбаларының генезисін, сондай-ақ әлеуметтік құрылым сызбалары-
ның генезисін қарастыруға мүмкіндік беретін конструктивтік позицияны да қа-
былдайды.
Бурдье структурализм мен конструктивизмді біріктіруге тырысты және бұл 
аздап болса да орындалды, бірақ оның структуралистік бағыттағы жұмысын-
да бұрмалану байқалады. Ол нақ осы себептен (Фуко және басқалармен бірге, 
17-тарауды қараңыз) постструктуралист болып есептеледі. Оның шы ғармашы-
лығында конструктивизмге қарағанда структурализм көбірек. Көп теген басқа 
теорияшылардың (мысалы, феноменологтерге, символикалық интеракционис-
терге) бағыттарына қарағанда Бурдьенің конструктивизмі субъек тивтілік пен 
ниеттестікті елемейді. Ол, шынымен де, адамдардың әлеуметтік кеңістіктегі 
өз орындарының негізінде әлеуметтік әлемді қабылдау мен құ растыру мәсе-
лесін өзінің әлеуметтануына қосу маңызды деп санайды. Алайда әлеуметтік 
әлемді қабылдау мен құрастыру құрылымдармен бір уақытта ынталандыры-
лып та және тоқтатылып та тұрады. Бұл Бурдьенің өз теориялық тәсіліне қа-
тысты берген анықтамаларының бірінде жақсы көрінеді: «Әртүрлі өрістердің 
объективті құрылымдарын талдау… – белгілі бір дәрежеде әлеуметтік құры-
лымдар бірігуінің өнімі болатын менталды құрылымдардан, сонымен қатар 
биологиялық индивидтердегі генезистік талдаудан ажырағысыз болады. Сон-
дай-ақ әлеуметтік құрылымдар генезисін талдаудан да ажырағысыз болады»
(Bourdieu, 1990:14). Оны қызықтыратын сұрақты «әлеуметтік құрылымдар мен 
менталды құрылымдардың арасындағы» өзара байланыс деп сипаттауға болады 
(Bourdieu, 1984а:471).
Микроәлеуметтанудың кейбір өкілдеріне Бурдье ұсынған тәсіл қолайсыз, 
салыстырмалы түрде аса адекватты структурализмнен ауқымдырақ көрінді. Ва-
канның айтуы бойынша, «талдаудың екі тұсы да тең дәрежеде қажет болғанына 
қарамастан, олар тең құқылы емес: субъективистік түсінуге қарағанда объекти-
вистік жарылысқа эпистемологиялық басымдық беріледі» (Wacquant, 1992:11). 
Дженкинстің тұжырымдамасына сәйкес, «ол [Бурдье] басқалардың шығарма-
шылығын мойындамай, жоққа шығарған көптеген ғалымдар секілді өмірге деген 
объективтік көзқарастың ұстанушысы» (Jenkins, 1992:91). Немесе, керісінше, 
«ақырында, Бурдьенің шығармашылығындағы аса маңызды кемшілік – субъек-
тивтілікті қарастыруға қатысты қабілетсіздігі» (Jenkins, 1992:97).
Шындығында, Бурдьенің әріптестері Люк Болтански мен Лоран Тевено 
оның жұмысындағы құрылымдық бейімді түзеу үшін «француздық прагматизм-
ді» құрастырды (Boltanski and Thevenot, [1991], 2006).
9
Дегенмен Бурдьенің теориясында «реттелуге келетін импровизацияны кез-
дейсоқ құрастыруға» қабілетті динамикалық актор бар (1977:79). Бурдье еңбе-
гінің негізі мен оның субъективизм мен объективизмді еңсеру әрекеттері оның 
габитус пен өріс тұжырымдамаларында (Aldridge, 1998), сондай-ақ олардың 
бір-біріне қатысты диалектикалық қатынасында жатыр (Swartz, 1997). Габитус 
акторлардың ақыл-ойында болса, өрістер олардың ойларынан тыс болады. Біз 
бұл екеуін осыдан былай жекелей қарастыратын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет