Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Агенттік-құрылымдық интеграция



Pdf көрінісі
бет387/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

546
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Агенттік-құрылымдық интеграция
Америкалық әлеуметтану теориясындағы микро-макромәселесіне деген әуес-
тіктің өсуі мен еуропалық теорияшылардың агенттік пен құрылым арасын-
дағы қарым-қатынасқа деген қызығушылықтарының өсуі қатар жүрді. Шын-
дығында, бұл ынтызарлықтың артқаны соншалық – Фуллер (Fuller, 1998) 
оны «есі ауысқандық» деп атады. Маргарет Арчер «құрылым мен агент тік 
мәселесі заманауи әлеуметтану теориясының негізгі мәселесі ретінде дұрыс 
қарастырыла бастады» деп есептейді (1988:ix). Осы байланыспен айналысу 
(сонымен қатар ол көздейтін басқа байланыстар реті) жалпы әлеу меттану тео-
риясының «уытты сынағы» мен «ортақ мәселесі» болды деп тұжырымдайды
(Archer, 1988:x). Арчерге қарағанда, Доу өз пі кірін одан ертерек аса радикалды 
түрде білдірген: «Міне, осы мәселе: адам іс -әрекеті мәселесі төңірегінде әлеу-
меттануға қатысты талдаудың барлық тарихын жазуға болады» (1978:379). 
Бұдан бөлек, Доудың агенттікке қатысты қызығушылығы – әлеуметтік құры-
лымға деген қызығушылығы, сонымен бірге олардың ара сында үнемі шиеленіс 
болып тұратыны бар.
6
Үстірт деңгейде микро-макро- және агенттік-құрылымдық интеграцияның 
мәселелері тектес болып көрінеді, сондай-ақ көбінесе бірыңғай түсіндіріледі. 
Алайда бұл мәселені талдаудың басқа да жолы бар, онда бұл екі тұжырымда-
малық құрылымның арасында елеулі айырмашылықтар айқын көрінеді.
Агенттік әдетте микродеңгейге, жеке адам акторларына,
7
сондай-ақ әрекет 
етуші (макро) ұжымдық құрылымдарға жатады. Мысалы, Бернс әрекет етуші 
субъектілер ұғымы «индивидтерді, сонымен бірге ұйымдастырылған топтар, 
ұйымдар мен мемлекеттерді» қамтиды деп есептейді (Burns, 1986:9). Турен 
(Touraine, 1977) акторлар ретінде әлеуметтік таптарға назар аударады. Егер 
осы ұжымдық құрылымдарды әлеуметтік агенттер ретінде түсінумен келісе-
тін болсақ, онда агенттік пен микродеңгейлі құбылыстарды теңестіре алмай-
мыз. Құрылымды әдетте ауқымды әлеуметтік құрылымдарға жатқызсақ та, 
оның микро-құрылымдарға да тікелей қатысы бар (мысалы, адами өзара қа-
рым-қатынастағы микро-құрылымдар). Гидденстің жүйе анықтамасы (өзінің 
құрылымдық тұжырымына қарағанда «құрылым» терминінің әдеттегі мағы-
насына жақынырақ) «акторлар немесе ұжым арасындағы қайта жаңғыртылған 
қарым-қатынастарды» қамтитын құрылымдардың екі типімен де түсіндіріледі 
(1979:66). Агенттік те, құрылым да – микроға, сондай-ақ макродеңгейлі құбы-
лыстарға ортақ болып табылады.
Микро-макродеңгейлердің айырмашылығына назар аударсақ, микроагент-
тіктің көптеген теорияшылары саналы, креативті актор түріне айрықша ден 
қоятыны белгілі, бірақ бұл актор түрі сонымен қатар бихевиоризм, айырбас 
пен рационалды таңдау теорияларының жақтаушылары қызығушылық таны-
татын саналы емес «мінез-құлықты» ұстанатын актор санатына жатуы да мүм-
кін. Осылайша макро- термині – ауқымды әлеуметтік құрылымдардың ғана 
емес, сондай-ақ ұжымдық құрылымдардың да мәдениеті. Микро- агенттерге 
жатуы не ме се жатпауы мүмкін, ал макро- «құрылымдарға» қатысты болуы не-
месе бол мауы да мүмкін.
«Микро-макро» және «агенттік-құрылымдық» сызбаларын мұқият зерттей 
келе, олардың арасында елеулі айырмашылық бар екенін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет