555
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
сайтын бірқатар интериоризацияланған сызбаларға ие. Нақ осындай сызбалар
арқылы адамдар бір уақытта өздерінің тәжірибесін жасайды және оларды қабыл-
дап, бағалайды. Диалектикалық тұрғыдан алсақ, габитус дегеніміз – әлеуметтік
өмірдегі «құрылымдар интериоризациясының өнімі» (Bourdieu, 1989:18). Шын
мәнінде, габитусты «интернализацияланған «дербестендірілген» әлеуметтік құ-
рылымдар» деп есептеуге болады (Bourdieu, 1984a:468). Олар «жалпы мағына»
сияқты (Holton, 2000). Жастар, гендерлік топтар және әлеуметтік таптар секілді
таптық құрылымдағы объективті айырмашылықтарды көрсетеді. Габитус әлеу-
меттік өмірде көп жыл бойы позиция иемденудің нәтижесінде алынады. Яғни
габитус субъектінің бұл өмірдегі позициясының сипатына қарай өзгешеленеді;
әрбір адам бірдей габитусқа ие бола бермейді. Алайда әлеуметтік өмірде ұқсас
орындарға ие адамдардың габитустары ұқсас келеді (Айта кету қажет, Бурдье
өзінің шығар машылығында «агенттің
практикасын, оның өнертапқыштығын
және импро визациялау қабілетін қайта қарастыруға енгізу ықыласын» басшы-
лыққа алдым дейді [Bourdieu, 1990:13]). Бұл мағынада габитус ұжымдық құбы-
лыс та бола алады. Ол адамдарға әлеуметтік әлемді ұғынуға мүмкіндік береді,
алайда көп габитустардың бар болуы әлеуметтік әлем мен оның құрылымдары
әртүрлі акторларға бірдей ықпал жасамайтынын білдіреді.
Әрбір нақты уақытта болатын габитус ұжымдық тарих барысында пайда бо-
лады: «Тарихтың өнімі, яғни габитус индивидуалды және ұжымдық практика-
ларды тудырады және,
сәйкесінше, тарихтан туындаған сызбаларға сәйкес та-
рихтың өзін де жасайды» (Bourdieu, 1977:82). Әр индивидте байқалатын габи-
тус – индивидуалды тарих барысында алынып, габитус орын алатын әлеуметтік
тарихтағы бөлек бір мезеттің функциясы. Ол беріктік пен жылжымалы қасиетке
ие – ол бір өрістен басқасына қарай жылжи алады. Бірақ адамдар лайықсыз га-
битусқа да ие болуы мүмкін,
сондай-ақ олар Бурдье айтпақшы,
гистерезистен
зардап шегулері де ықтимал. Осындай кешігу эффектісінің жақсы мысалы ре-
тінде заманауи капитализмге дейінгі қоғамдағы аграрлы тіршіліктен ажырап,
Уолл-Стритке жұмысқа жіберілген адамды келтірсек болады. Капитализмге де-
йінгі қоғамнан алынған габитус оған Уолл-Стритте қанағаттанарлық дәрежеде
өмір сүруге жағдай жасамас еді.
Габитус әлеуметтік өмірді тудырады және сол арада өзі де әлеуметтік өмір
арқылы пайда болады. Бір жағынан, габитус «құрылымдаушы құрылым», яғни
әлеуметтік өмірді құрылымдайтын құрылым. Басқа терминдерде Бурдье габи-
тусты
«сырттың интернализациясы мен іштің экстернализациясы» деп
сипат-
тайды (1977:72). Сөйтіп, габитус ұғымы Бурдьеге объективизм мен субъекти-
визм арасында таңдау жасаудан құтылуға, «агенттен бас тартпай, субъект фи-
лософиясынан құтылуға... сондай-ақ, құрылымның агентке әсерін назарға ала
отырып, құрылым философиясынан құтылуға» мүмкіндік береді (Bourdieu and
Wacquant, 1992:121–122).
Нақ осы практика габитус пен әлеуметтік әлемнің арасындағы жанама
буын болып қызмет етеді. Бір жағынан, дәл практика
арқылы габитус жасала-
ды; басқа жағынан, практика нәтижесінде әлеуметтік әлем туындайды. Бурдье
габитусты «тәжірибемен құрылған және үнемі тәжірибелік функцияларға
негізделген, құрылымдалған және құрылымдайтын диспозициялардың жүйе-
сі» ретінде анықтаған кезде практиканың жанама
функциясы туралы айтады
(cited in Wacquant, 1989:42; see also Bourdieu, 1977:72).
Практика габитусты
қалыптастырса, габитус, өз кезегінде, практиканы жүргізуге және сәйкестен-
діруге қызмет етеді:
556
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
1930 жылы Францияның оңтүстік-шығыс өңірін-
дегі шағын ауылдық жерде дүниеге келген. Бурдье
орташа дәулетті отбасында ер жетті (оның әке-
сі мемлекеттік қызметкер болды) (Jenkins, 2005a,
Monnier, 2007). Ол 1950 жылдардың басында Па-
риждегі беделді колледж – Жоғарғы педогогика-
лық мектепте (Ecole Normale Superieure) оқып, сол
жерден диплом алды. Алайда Бурдье диссертация
жазудан бас тартты. Бір жағынан, ол осы әрекеті-
мен оқу орнында қалыптасқан авторитарлы тәртіп
пен сабақ беру әдісіне наразылық білдірді. Мек-
тепте қабылданған қатаң коммунистік, әсіресе ста-
линдік бағытты қабылдамады және бұндай көзқа-
растарға қарсы болды.
Бурдье шет аймақтағы
мектепте аз уақыт сабақ
берді, бірақ 1956 жылы азаматтық борышын өтеу ге
шақырып, екі жыл бойы Алжирде француз әске рі-
нің сапында болды, кейін сол жерде тағы екі жы-
лын өткізді. Бурдье өзінің Алжирдегі өмірі туралы
кітап жазды. 1960 жылы Францияға оралып, бір
жыл бойы Париж университетінде ассистент болып жұмыс істеді. Ол Коллеж де Франс оқу ор-
нында антрополог Леви-Стросстың дәрістеріне қатысты, сонымен бірге әлеуметтанушы Раймон
Аронның ассистенті болып қызмет етті. Бурдье үш жылға Лилль университетіне ауысты, бірақ
кейін 1964 жылы Жоғарғы тәжірибелік зерттеу мектебіне (
L’Ecole Practique des Hautes Etudes)
зерттеуші-директор лауазымын алу үшін қайтып келді.
Келесі жылдары Бурдье париждік, француздық және әлемдік зиялы ортада беделді тұлғаға ай-
налды. Оның шығармашылығы әртүрлі салалардың бірқатарына, соның ішінде білім беру, ант-
ропология және әлеуметтануға әсер етті. Ол 1960 жылдары өз идеяластарын жинап, сол сәттен
бастап ізбасарларымен қызметтес болды, сондай-ақ жеке ғылыми табыстарға жетті. 1968 жылы
Еуропалық Әлеуметтану орталығы құрылып
(Centre de Sociologie Européenne), Бурдье өмірінің
соңына дейін осы орталықтың жетекшісі болды.
Actes de la Recherche en Sciences Sociales («Әлеу-
меттік ғылымдағы ғалымдар еңбегі») атты бірегей журналдың жарық көруі осы орталықпен
байланысты болды. Осы журнал Бурдье мен оның пікірін жақтаушылардың маңызды мінберіне
айналған.
1981 жылы Раймон Аронның қызметтен кетіп, Коллеж де Франстағы
әлеуметтану кафедра-
сы меңгерушісінің орны босады. Көптеген жетекші француз әлеуметтанушылары (мысалы,
Раймон Будон және Ален Турен) осы орынға талаптанды. Алайда кафедраны Бурдьеге берді
(Jenkins, 1992). Осы уақыттан бастап Бурдье бұрынғыдан әлдеқайда жемісті қызмет етті, ал оның
абырой-атағы өсе берді (for more on Bourdieu, see Swartz, 1997:15–51).
Бурдьенің шығармашылығындағы қызықты аспект – оның көзқарасының үзіліссіз, басқалармен
пікірталас барысында кейде жария, кейде жасырын қалыптасуы. Мысалы, оның ерте кезеңдегі
ойына студент кезінде екі көрнекті ғалым – Жан-Поль Сартр және Клод Леви-Стросспен әңгіме-
лесуі әсер етті. Бурдье Сартрдың экзистенциализмінен «акторлар әлеуметтік өмірді жасаушы»
деген айқын түсінігін алып пайдаланды. Алайда Бурдье Сартр акторларға тым үлкен мүмкіндік
беріп, олар тап болған құрылымдық шектеулерді ескермей, тым алыс кетті деп санады. Құры-
лымға қызыққан Бурдье ұлы структуралист Леви-Стросстың шығармашылығына сүйенді. Ба-
сында Бурдье бұл бағдарға қатты қызықты. Шындығында, ол біраз уақыт бойы өзін «бақытқа
бөленген структуралист» деп атады (cited in Jenkins, 1992:17). Сонымен бірге оның ертеректе
Достарыңызбен бөлісу: