Габитус қолданысы және өріс. Бурдье абстрактілі теориялық жүйені жай
ғана құрастыруға тырыспады. Сондай-ақ ол оны эмпирикалық мәселелермен
байланыстырады және осылайша таза интеллектуализмнің тұзағынан құтыл-
ды. Біз Бурдьенің теориялық бағытын оның қоғамдағы әртүрлі топтардың
эстетикалық қалауын қарастыратын Distinction (1984а) эмпирикалық зерт-
теуінің мысалында көрсетеміз (for another application, see Homo Academicus
[Bourdieu, 1984b]).
Айырмашылық. Бурдье аталған жұмыста мәдениет ғылыми-зерттеудің ай-
тарлықтай заңды объектісі бола алатынын дәлелдегісі келеді.
11
Ол «жоға-
ры мәдениет» мағынасындағы мәдениетті (мысалы, классикалық музыканы
ұнату) жоғарғы, төменгі секілді барлық формаларды ескеретін мәдениеттің
антропологиялық түсінігімен біріктіруге тырысады. Соның ішінде Бурдье
өзінің жұмысында таңдаулы заттарды қалау мен тағамдағы негізгі қалауды
байланыстырады.
Құрылымдық инварианттардан, әсіресе өріс пен габитустың инвариант-
тарынан қоғамдағы әртүрлі топтардың мәдени қалаулары (әсіресе таптар
мен олардың бөлек секторларының) келісілген жүйелерді құрайды. Бурдье ні
эстетикалық «талғамдардағы» алуантүрлілік, эстетикалық рақаттың әртүрлі
мәдени объектілерінің арасын ажырата алуға және оларды әрқалай бағалау-
ға деген жүре пайда болған бейімдік қызықтырады. Бұдан бөлек, талғам –
практика, ал ол өз кезегінде индивидтің өзінің, сондай-ақ басқа адамдардың
әлеуметтік тәртіптегі орнын сезінуіне көмектеседі. Талғам ұқсас қалаулары
бар адамдарды біріктіруге және талғамы басқа жандарды ажыратуға қызмет
етеді. Адамдар талғамды тәжірибелік түрде қолданудың көмегімен объек-
тілерді саралайды және осының барысында өздерін де жіктейді. Біз адам-
дарды талғамына қарай белгілі бір категорияға жатқыза аламыз, мысалы,
олардың әртүрлі музыканы немесе кинофильмдерді қалауына қатысты. Бас-
қалар секілді бұл тәжірибелерді өзара қарым-қатынастар контексінде, яғни
тұтастық ішінде қарастыру қажет.
Сөйтіп, өнер немесе кинематография
561
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
саласында оқшауланған болып көрінетін талғам мен тағам, спорт немесе
шаш үлгілеріндегі қалаулармен байланысты.
Бурдье өзінің талғамдық қалауларына жүргізген зерттеуінде өзара бай-
ланысқан екі өрістерді қарастырады: таптық қатынастарды (әсіресе үстем
таптың бөлек топтарының шеңберінде) және мәдени қатынастарды (for a
critique of this distinction, see Erickson, 1996). Бурдье бұл өрістерді әртүр-
лі «ойындар» өтетін бірқатар позициялар ретінде талдайды. Белгілі бір
позициялардағы агенттердің істеген (индивидуалды немесе ұжымдық)
әрекеттері өрістің құрылымымен, позициялардың сипаты және олармен
байланысқан мүдделермен айқындалады. Сонымен бірге ойын өз-өзі-
не позиция таңдауды және әлдекімге сол бір ойында ерекше көзге түсу-
ге мүмкіндік беретін стратегияның кең ауқымын қолдануды талап етеді.
Талғам өрістегі өз позициясын шынымен сезініп, оны сақтап қалуға мүм-
кіндік береді. Алайда әлеуметтік таптың өрісі осы ойында ойнау қабіле-
тіне терең әсер етеді, жоғарғы тап өз талғамының мойындалуына және
төменгі таптың талғамдарына қарсылық білдіруге әлдеқайда жоғары дең-
гейде қабілетті. Мәдениет туындыларының әлемі әлеуметтік таптардың
иерархиялық әлемімен байланысты және өзі – бір уақытта иерархиялық
әрі иерархиялаушы.
Бурдье талғамды өз теориясының басқа маңызды ұғымымен, яғни габи-
туспен байланыстыратынын айтудың қажеті жоқ. Талғамдар үстіртін пікір-
лер мен сөздерге қарағанда, көбінесе осындай терең орныққан және ұзақ
мерзімді диспозициялармен қалыптасады. Адами қалаулар киім, жиһаз не-
месе тамақ дайындау секілді мәдениеттің тіпті тұрмыстық аспектілерінде
де габитус арқылы пайда болады. Дәл осы диспозициялар «таптың санасыз
бірлігін» құрайды (Bourdieu, 1984a:77). Бұдан кейін Бурдье осыны айқын
тұжырымдайды: «Талғам – бұл, делдалдық, оның көмегімен бір габитус бас-
қа габитуспен өзінің тектік ұқсастығын дәлелдейді» (1984а:243). Әрине,
диалектикалық түрде таптың құрылымы габитусты қалыптастырады.
Бурдье үшін габитус те, өріс те аса маңызды болса да, дәл солардың диа-
лекти калық өзара байланысы да аса зор маңыз бен мағынаға ие; өріс пен
габитус бір-бірін өзара анықтайды:
«Әдепкі габитусты қалыптастыратын диспозициялар өріспен өзара
байланыста болып, тек өрісте ғана қалыптасып, қызмет етеді және
сол жерде ғана жарамды болады... өріс өзі «мүмкін болатын күштердің
өрісі», «динамикалық» жағдай; ондағы күштер тек белгілі бір диспо-
зициялармен өзара байланыста ғана көрінеді. Сондықтан да бір тәжі-
рибе әртүрлі өрістерде, конфигурацияларда немесе бір өрістің қара-
ма-қарсы секторларында қарама-қайшы мәндер мен құндылыққа ие
болуы мүмкін».
(Bourdieu, 1984a:94; italics added)
Бурдье айтқандай, «әлеуметтік позициялар мен агенттердің диспози-
циялары арасында елеулі корреляция бар» (1984а:110). Габитус пен өрістің
арасындағы өзара байланысқа сүйеніп, практикалар, соның ішінде мәдени
практикалар қалыптасады.
562
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Бурдье мәдениетті өзінше бір экономика немесе нарық деп есептейді.
Бұл нарықта адамдар экономикалық капиталды емес, мәдени капиталды
пайдаланады. Бұл капитал көбінесе адамдардың әлеуметтік-таптық шығу
тегі және білім тәжірибесінің нәтижесі болады. Адамдар нарықта азды-көп-
ті капитал жинайды және оны өзінің жағдайын жақсарту үшін жұмсайды, не
болмаса оны жоғалтып, экономикадағы өз позициясын әлсіретеді.
Адамдар мәдениет өрісінің кең ауқымындағы, яғни олардың ішетін сусын-
дары (Perrier немесе Coco Cola), олар жүргізетін көліктер (Mercedes Benz не-
месе Ford Escort), оқитын газеттері (The New York Times немесе USA Today)
немесе демалатын орындарындағы (Француз ривьерасы немесе Дисней әле-
мі) сияқты түрлі айырмашылықтарды қолданады. Бұл өнімдерде объективті
айырмашылық бар және оларды пайдаланғанда ерекшеленіп тұрады. Бурдье
«бұл өрістердің жиынтық өрісі айырмашылықтарды қолданудың сарқылмас
мүмкіндіктерін ұсынады» деп есептейді (1984а:227). Белгілі бір мәдени тауар-
ларды сатып алғанда (Mercedes Benz) «табыс» алып келеді, ал басқаларын ал-
ғанда (Ford Escort) табыс түспейді немесе тіпті «шығынға» ұшыратады.
Бурдье (1998:9) Торстейн Вебленнің ([1899] 1994) «демонстра циялы тұ-
тыну» деген әйгілі теориясына сәйкес, «кез келген адам мінез-құл қының қоз-
ғаушы күші – ерекшелікке деген ұмтылыс» деп тұжырымдап қана қоймай-
тынын түсіндіргісі келеді. Оның айтуынша, негізгі тезисі мынадай: «Әлеу-
меттік кеңістікте өмір сүру, әлеуметтік кеңістікте белгілі бір орынды алу
немесе индивид болу, ерекшелену, аталған кеңістікте «ерекше адам болуды»
білдіреді... қабылдау категорияларына, классификация сызбаларымен ажы-
ратуға мүмкіндік беретін белгілі бір талғамға ие болады» (Bourdieu, 1998:9).
Сөйтіп, мысалы, роялді қалаған адам аккордеонды таңдаған адамнан бөлек-
теніп көрінеді. Бір таңдау (рояль) ерекше, ал басқасы (аккордеон) белгілі
бір көзқарастың үстемдігі және басқа пікірді ұстанатындарға қарсы бағыт-
талған символдық зорлық-зомбылықтың нәтижесіндей тұрпайы.
Мәдениет өнімдерінің сипаты мен талғамдардың арасында диалектика-
лық өзара байланыс бар. Мәдениет өнімдеріндегі өзгерістер талғамның өз-
герісіне алып келеді, сәйкесінше, талғамдағы ерекшелік мәдениет өнімде-
ріндегі өзгерістерге себепкер болуы мүмкін. Өріс құрылымы тауар арқылы
тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сондай-ақ
өндірушілердің осы мақсатта жасалып жатқан жұмысын қамтиды.
Талғамдағы ерекшелік (ал Бурдье сол уақыттағы барлық өрістерді қарас-
тырады) мәдени (мысалы, ескі сәнді ұстанушыларының жаңаны жақтау-
шыларға қарсылығы) және таптық майдандағы (үстем етушілердің үстем
таптың шең беріндегі басқарылатын топтарға қарсы) оппозициялық күштер
арасындағы күрестен пайда болады. Алайда бұл күрестің орталығы таптық
жүйеде ор наласқан, ал мәдени шайқас (мысалы, суретшілер мен интеллек-
туалдар арасында) – үстем таптың әртүрлі топтары арасындағы мәдениет-
тің, шынында, бүкіл әлеуметтік әлемді анықтауға бағытталған бітпейтін кү-
рестің көрінісі. Таптық құрылымдағы дәл осы позициялар талғамдар мен
габитустардағы қарама-қайшылықтардың себепшісі болады. Әлеуметтік
тапқа ерекше мән берген Бурдье оны жай ғана экономикалық сұрақтарға не-
месе өндірістік қарым-қатынастармен байланыстырудан бас тартып, тап та
габитуспен анықталады деп санайды.
563
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Бурдье габитус пен өрістің арасындағы диалектикалық өзара байланыс
талдауының контекст шеңберінде, қызмет пен құрылымның арасындағы
өзара байланыстың ерекше теориясын ұсынады. Оның теориясы практи-
каға назар аударуымен (алдыңғы жағдайда, эстетикалық практикаларға)
және құрғақ интеллектуализммен айналысудан бас тартуымен ерекшелене-
ді. Яғни ол теория мен практикаға деген марксистік көзқарасқа қайта оралу
болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |