Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет395/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Өріс. Енді «өріс» ұғымын қарастырайық, Бурдье оны құрылымнан гөрі 
көбінесе реляциялық түрде түсінеді. Өріс дегеніміз – объективті позиция-
лар арасындағы қарым-қатынастар желісі (Bourdieu and Wacquant, 1992:97). 
Олар индивидуалды сана мен еріктен тәуелсіз. Бұл өзара әрекеттесулер не-
месе индивидтердің тұлғааралық байланыстары емес. Позицияларды агент-
тер де, сондай-ақ институттар да ала алады. Қалай болғанда да, оларды өріс 
құрылымы байланыстырып отырады. Әлеуметтік әлемде әрбірі өзінің жеке 
ерекше логикасына ие және акторлардың бойында белгілі бір өрісте маңыз-
дылығы бар нәрсеге қатысты пікірді қалыптастыратын бірқатар жартылай 
автономды өрістер бар (for example, artistic [Bourdieu and Darbel, [1969] 
1990; Fowler, 1997], religious, higher education).
Бурдье өріс күрес алаңы деп есептейді: «Өріс – шайқастардың ортасы» 
(Bourdieu and Wacquant, 1992:101). Өрістің құрылымы бір уақытта «пози-
ция алып отырғандар индивидуалды немесе ұжымдық түрде өзінің орнын 
сақтап қалуға немесе жақсартуға және олардың өздеріне аса қолайлы ие-
рархия қағидасын зорлап міндеттеуге мүмкіндік беретін стратегияларды 
қолдайды әрі бағыттайды» (Bourdieu, cited in Wacquant, 1989:40). Өріс ка-
питалдың әркелкі түрлері (экономикалық, мәдени, әлеуметтік, символдық) 
кеңінен пайдаланылатын өзінше бәсекелестер нарығы болып саналады. Де-
генмен билік өрісі (саясат) ең үлкен маңызға ие; саяси өріс шеңберіндегі 
билік қатынастары иерархиясы барлық басқа өрістерді құрылымдайды.
Кез келген өрісті талдау үшін Бурдье үш сатылы процесті ұсынады. Ал-
ғашқы сатысы билік өрісінің бастапқы маңызын көрсетіп, белгілі бір өрістің 
саяси өріспен қарым-қатынастарын бақылауды мақсат етеді. Екінші саты-
да осы өрістің шеңберінде позициялар арасындағы қарым-қатынастардың


559
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
объективті құрылымының жоспары құрастырылады. Және, ақырында, ана-
литик өріс ішін дегі әртүрлі позициялардағы агенттер габитусының сипатын 
анықтап көруі қажет.
Өрістегі әртүрлі агенттердің позициялары олардың иелігіндегі капитал-
дың саны мен салыстырмалы салмағымен анықталады (Anheier, Gerhards, 
and Romo, 1995). Бурдье тіпті өрісті сипаттау үшін әскери ұғымдағы бей-
нелерді қолданды: ол оны «майдан шебінде қорғайтын және жаулап алатын 
қамалдардың, стратегиялық бекіністердің» алаңы деп атайды (1984а:244). 
Дәл осы капитал өзінің жеке тағдырын басқалардың тағдырына қатысты ба-
қылауды қамтамасыз етеді (on the negative aspects of capital, see Portes and 
Landolt, 1996). Бурдье әдетте (мемлекеттің пайда болуына қатысты капи-
тал типтерінің сәл өзгешелеу анықтамасын талқылау үшін (Bourdieu, 1994) 
капиталдың төрт түрін қарастырады. Әрине, бұл ұғым экономикалық са-
ладан алынған (Guillory, 2000:32) және де экономикалық капиталдың мәні 
айқын болып тұр. Мәдени капитал «қоғамдағы мәдени иерархия шыңында 
институтталған (мысалы, университет арқылы) мәдени формалармен таныс 
болу және тиімді пайдалануды» қамтиды (DiMaggio, 2005:167). Әлеумет-
тік капитал адамдардың арасындағы бағалы әлеуметтік қарым-қатынастар-
дан тұрады. Символдық капитал адамның беделі мен абырой-мәртебесінен
шығады.
Аталған өріс шеңберінде белгілі бір позицияларға ие агенттер әртүрлі
стратегияларды қолданады. Бұл идея Бурдьенің акторлары, тым болма-
ғанда, біраз еркіндікке ие екенін тағы көрсетеді: «Габитус агенттер тара-
пынан болатын стратегиялық есептеу мүмкіндігін теріске шығармайды» 
(Bourdieu, 1993:5, italics added). Бірақ стратегиялар «мақсатқа нысаналы 
және жоспарлы түрде қол жеткізуді емес... олар саналы ережелерге бағын-
баса да немесе стратег бекіткен мақсатқа ұмтылмаса да, тәртіпке бағынатын
әлеуметтік түсінікті үлгілерге бағдарланған «әрекет сызықтарының» бел-
сенді түрде күшейтілуін білдіреді (Wacquant, 1992:25). Осы стратегиялар 
арқылы «позиция алып отырғандар индивидуалды немесе ұжымдық түрде 
өзінің орнын сақтап қалуға немесе жақсартуға және олардың өздеріне аса 
қолайлы иерархия қағидасын зорлап міндеттеуге мүмкіндік беретін страте-
гияларды қолдайды әрі сол бойынша жұмыс істейді. Агенттердің стратегия-
лары олардың өрістегі позицияла рына бағынышты болады» (Bourdieu and 
Wacquant, 1992:101).
Бурдье мемлекетті өзі символдық зорлық-зомбылық деп атаған монопо-
лияға қарсы күрес орны дейді. Бұл зорлықтың «жұмсақ» формасы – «әлеу-
меттік агентке жасалатын зорлық-зомбылық» (Bourdieu and Wacquant, 
1992:167). Символдық зорлық-зомбылық жанама түрде, көбінесе әлеуметта-
нушылар мәдениет механизмдерінің көмегімен зерттейтін әлеуметтік бақы-
лаудың әлде қайда тікелей формаларына қарсы тұрады. Адамдарға символ-
дық зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік беретін негізгі институт – білім 
беру жүйесі (Bourdieu and Passeron, [1970] 1990; оны әйелдердің жағдайына 
қатысты қол дануы үшін Krais, 1993). Биліктегілер тілді, мағына мен сим-
волдық жүйені халықтың басқа бөлігіне таңады. Бұл билік басындағылар-
дың жағдайын тұрақтандырып, қоғамның қалған бөлігінен олардың әрекет-
терін бүр кемелейді және өздерінің үстемдігін заңды деп тануға итермелейді 


560
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
(Swartz, 1997:89). Жалпы тұрғыда Бурдье (Bourdieu, 1996) «билік пен тап-
тық қарым-қатынас идеологиясы білім беру жүйесіне тереңінен енген» деп 
санайды. Бур дьенің символдық зорлық-зомбылыққа қатысты көзқараста-
рында оның шы ғармашылығының саяси аспектісі айқын көрінеді. Бурдьені 
адамдарды осы зорлық-зомбылықтан және, жалпы алғанда, таптық, саяси 
үстемдіктен азат ету қызықтырды (Postone, LiPuma and Calhoun, 1993:6). 
Бұл ретте Бурдье – аңғал утопист емес. Оның позициясын «саналы уто-
пист» деп сипат таған дұрыс (Bourdieu and Wacquant, 1992:197).
Габитус пен өрістің маңыздылығын ескере отырып, Бурдье әдістемелік 
индивидуалистер мен әдістемелік холистер арасындағы бөлінуді жоққа шы-
ғарады және «әдістемелік реляционизм» деп аталған позицияны ұстанады 
(Ritzer and Gindoff, 1992). Басқаша айтқанда, Бурдье үшін негізгі қызықты 
пән – бұл габитус пен өріс арасындағы қарым -қатынастар. Ол бұл өзара 
байланыстың екі негізгі көрінісін табады. Бір жағынан, өріс габитустың ал-
ғышарттарын жасайды; есесіне габитус өрісті маңызды, құнды әрі қуатты 
мән-мағынамен толтырып құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет