564
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Тәжірибе дегеніміз не? Ең алдымен, тәжірибеге назар аудару «адам ның
мінез-құлқын бар болмысымен қабылдайтын теориялыққа дейінгі бол-
жамдардың» ықпалын айрықша атап көрсетеді (Biernacki, 2007:3607). Тәжі-
рибе – іс- әрекеттің қарапайым тәсілі және теориялыққа дейінгі болжамдар
мен күнделікті іс-әрекеттер біздің қалай әрекет ететінімізге, әсіресе дене-
мізді қалай басқарамыз, объектілерді ұстауға, заттарды қарастыруымызға,
оларды сипаттап, әлемді түсінуімізге әсер етеді. Реквитц (Reckwitz, 2002)
тәжірибенің бірқатар негізгі ұғымдарына назар аударып, тәжірибе мен тео-
рияның абстрактілі сипатын айқындауға тырысады.
Біріншіден, бұл – дене. Шынымен де, денеге деген қызығушылық тәжірибе
теориясының негізгі және анықтаушы сипаттамаларының бірі (және ол жал-
пы
әлеуметтануға, соның ішінде әлеуметтану теориясына бұрынғыдан бетер
қызығады; «Теорияға ықпал ету» еңбегіндегі 18-тарауда дененің мүлдем басқа
тұжырымдамасын қараңыз). Басқа көптеген теорияларда дене басқа құбылыс-
тармен басқарылатын (рационалды таңдау, нормалар, құндылықтар) эпифе-
номен. Бірақ тәжірибе теориясы үшін дене – әлеуметтіктің бір жағы. Шын-
дығында, тәжірибелер, тым болмағанда ішінара, «қалыптылыққа негізделген
сипаттамалар» болып саналады (Reckwitz, 2002:251). Тәжірибе – денені бел-
гілі бір жолмен үйретудің нәтижесі. «Тәжірибені адам денесінің қарапайым,
икемді түрде «орындалуы» деп түсінуге болады» (Reckwitz, 2002:251). Мұн-
дай анықтама гольф-клубты гольфке арналған допты жүргізу үшін пайдалану,
сондай-ақ әңгімелесулер, оқу және хат секілді айқын заттарға жатады.
Тәжірибе өзіне күнделікті тек үйреншікті физикалық жаттығуларды ғана
емес, сондай-ақ
ақыл-
ой әрекетін де қамтиды. Тәжірибеге қатысу – денені
әртүрлі әдістермен пайдалану және ой әрекетіне қатыстыру – «әлемді түсі-
нудің, бір нәрсені қалау және білудің белгілі бір үйреншікті/қалыптылыққа
негізделген тәсілдері» (Reckwitz, 2002:251).
Назар аударыңыз, бұл жердегі
негізгі екпін ой әрекетіне қойылса, олар дене әрекеттері ретінде рутиниза-
цияланады. Біз денеміз немесе ақыл-ойымыз не істей алатынын жете түсін-
бейміз; біз жай ғана әдеттегідей әрекет ете береміз. Мысалы, теннис – әрбір
қадамды ойланып басудың қажеті жоқ (мысалы, соққы жасау кезінде) белгі-
лі бір қарапайым дене қимылдарын жасайтын ойын. Бірақ ол ойын барысы,
интерпретация (мысалы, сіздің қарсыласыңыздың торға жүгіруі нені білді-
реді) және ұмтылыс туралы (мысалы, ұпай жинап, ойынды ұту) ноу-хауды
талап етеді. Теннис ойнау әдеттегі физикалық және ой әрекетін, сондай-ақ
екеуінің өзара байланысын да қажет етеді.
Заттар тәжірибенің ажырамас бөлігі және физикалық, ой әрекеті ретінде
қажет. Тәжірибе көбінесе заттардың белгілі бір тәсіл бойынша қолданылуын
топшылайды. Заттардың қолданылуы дене әрекеттерімен де, сондай-ақ ой
әрекеттерімен де байланысты. Сөйтіп, теннисте
теннис ракеткасын қажет-
ті соққының сипатына қарай, әртүрлі әдістермен пайдалану мүмкіндігіне
ие болу керек. Физикалық және ой әрекеттері қаншалықты жақсы болса
да, теннисті ракеткасыз ойнауға болмайды. Дене, ой және объектінің өзара
әрекеттесуінен ғана тәжірибе жинақталады. Жалпы алғанда, объектілер жоқ
болса, тәжірибе пайда бола алмайды.
Білімнің тәжірибе үшін де маңызы зор. Әртүрлі заттарды жай ғана біліп
қою жеткіліксіз, сондықтан оларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері білім ар-
565
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
қылы келеді (Reckwitz, 2002:253). Білімнің барлығы айтарлықтай айқын
емес. Теннис ойнай отырып, оның рудименттерін, кейбір соққыларды қалай
орындау керектігін және қарсыластың әртүрлі соққыларын қалай қайтару
керектігін білеміз, сондай-ақ біз басқа заттарды емес (қымсыну үшін), бел-
гілі бір заттарды қалайтынымызды (игеруді) білеміз. Ал эмоцияның белгілі
бір деңгейі мен типі (қырағы, бірақ қауырт/шиеленісті емес) табысқа жету
үшін қажет. Білімнің барлығы маңызды, бірақ
көп жағдайда осы білім оған
байланысты барлық сұрақтарды толық ойластырмай, жүйесіз қолданылады.
Тәжірибелік теория үшін
дискурс/тіл – әртүрлі тәжірибелердің ішіндегі
тек біреуі ғана. Керісінше, басқа алуан түрлі осыған ұқсас, әлеуметтануда-
ғы «лингвистикалық бетбұрыстың» бір бөлігі болатын басқа да көзқарастар
(әсіресе структурализм мен семиотика, 17-тарауды қараңыз) – дискурс/
тілге ерекше мәртебе береді. Яғни дискурсивті тәжірибе дегеніміз – бел-
гілердің жай ғана реттілігі. Тәжірибелік теорияда осылай қаралады, бірақ
олар осындай «заттың сыртқы сипаты әдеттегі менталды әрекеттер – түй-
сіну формалары, «ноу-хау» (бұл жерде грамматикалық және прагматика-
лық пайдалану ережелері), мотивация және бірінші кезекте бір-бірімен
байланысқан объектілер (дыбыстан компьютерге дейін) болып саналады»
(Reckwitz, 2002:254–255). Теориялық тәжірибеде дискурс/тіл тең белгі-
лерді ғана емес, сондай-ақ теорияның барлық басқа негізгі мәселелерін де
қамтиды.
Құрылым/процесс көзқарасы бойынша, әлеуметтік құрылым күнделікті
тәжірибеде кездеседі. Корпорациялар секілді
экономикалық құрылымдар-
дан интимді әлеуметтік қатынастарға дейінгі үлкен масштабты әлеуметтік
құбылыстар әлеуметтік тәжірибелердің негізінде жататын ішкі бағдарла-
малармен құрылымдалған. Құрылым (процесс секілді) үлкен масштабты
әлеуметтік құбылыстарда немесе адамдардың басында емес, әрекеттің ру-
тиналық мән-жайында болады. Ол – ұйымдастыру немесе ми құрылымында
бейнеленген ұйымның құрылымы емес, іс-әрекеттер тәртібі.
Бұл –
агентке/индивидке деген өте айқын көзқарас. Көптеген әлеумет-
тану теориялары, әсіресе микротеориялар негізгі назарды, мысалы, өз-
өзіне (рационалды таңдау теориясы) немесе нормалар, рөлдер басқара-
тын (құрылымдық функционализм) сияқты агентке/индивидуумға ауда-
рады. Басымдық агенттерге емес, тәжірибеге беріледі. Агенттер өмір сү-
реді, бірақ оны қоршаған ортаны және өзін толықтыратын ақыл-ой мен
дененің комбинациясы ретінде қарастыру керек. Агент – автономды (ра-
ционалды таңдау теориясындағыдай), субъективті допинг (құрылымдық
функциялықтағыдай) емес, одан гөрі «нақты
тәжірибеге сәйкес ноу-хау
мен мотивациялық білімдерді қолданатын әлем мен өзін түсінетін адам»
(Reckwitz, 2002:256). Мұндағы негізгі мәселе – тәжірибелік теория агент-
тің маңызын жойып, тәжірибеге назар аударуға бағытталған. Тәжірибелер-
ді орындайтын агенттер емес, керісінше, дәл осы тәжірибелердің өзі басты
маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: