Алеуметтану тероиясы indb


Агенттік-құрылымдық және микро-макробайланыстар



Pdf көрінісі
бет401/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Агенттік-құрылымдық және микро-макробайланыстар:
басты айырмашылықтар 
Америкалық және еуропалық теорияшылардың арасындағы аса маңызды 
айырмашылықтардың бірі олардың өздеріне тән актор бейнесінің тұжырым-
дамаларында жатыр. Америкалық теорияның дамуына бихевиоризм мен 
айыр бас теориясы айрықша ықпал еткені белгілі. Сондықтан америкалық 
теория шылар (кейбір) еуропалықтардың саналы, креативті іс-әрекетке қа-
тысты қызығушылықтарына қосылады, бірақ олардың қызығушылықтары 
саналы емес мінез-құлықтың мойындалған маңыздылығымен шектеулі. Ак-
торлардың мінез-құлықтарын санасыз сипатта қарастыру бүгінде америка-
лық әлеумет танудағы рационалды таңдау теориясына деген қызығушылық-
тың өсуімен кү шейе түсуде. Бұл жерде актор мақсаттарға жетуде азды-көпті 
тиімді құралдарды автоматты түрде таңдаушы болып суреттеледі.
15
Құрама 
Штаттардағы рационалды таңдау теориясының әсері еуропалық және аме-
рикалық құрылым мен агенттік тұжырымдамаларының арасына бұрынғы-
дан да үлкен «жік» түсіруі мүмкін.
Макроқұрылымдық деңгейде еуропалықтар әлеуметтік құрылымдарға 
назар аударуға бейім болды. Әлеуметтік құрылымға мақсатты түрде үлкен 
көңіл бөлінбеген кезде құрылым мәдениеттен дұрыс ажыратылмады (Шын-
дығында, бұл Арчердің [1988] жұмысының жазылуына түрткі болды). Бас-
қа жағынан алсақ, Америка Құрама Штаттарында құрылымды, мәдениетті 
макро-микроинтеграция тұжырымдамаларын құру әрекеттерінде талдау-
дың үлкен бет алысы байқалды.
Макроқұрылымдық деңгей мәселесіне қатысты тәсілдердегі тағы да бір 
айырмашылық Құрама Штаттар мен Еуропадағы теориялық ықпал етуде-
гі өзгешеліктерден шығады. Құрама Штаттарда макроқұрылымдық деңгей 
мәселесі бойынша әлеуметтік танымға, негізінен, ықпал еткен – құрылым-
дық функцио нализм. Бұл теорияның сипаты америкалық теорияшылардың 
назарын ауқымды әлеуметтік құрылымдар мен мәдениетке аударуға әсер 
етті. Еуропада аса ықпалды болған структурализмде құрылымдар әлдеқайда 


574
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
кеңірек түсін діріледі: ақыл-ойдың микроқұрылымдарынан қоғамның мак-
роқұрылымдарына дейін – осының барлығы аталған ұғымның ішіне кіреді. 
Структуралистер құрылымдық функционалистерге қарағанда мәдениетке 
әлдеқайда аз көңіл бөлді.
Қарастырылып жатқан әлеуметтануға қатысты әдебиеттің екі бағытының 
арасындағы тағы да бір негізгі айырмашылық – микро-макроинтеграция мә-
се лесін талдау деңгейлерін аса ауқымды мәселеге жатқызуға болатынында 
(Edel, 1959; Jaffee, 1998; Ritzer, 1981a, 1989b; Wiley, 1988), ал агенттік пен 
құрылым мәселесі туралы бұлай айтуға болмайды. Әлбетте, микро-макро-
байланыстарды тігінен иерархия тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл ие-
рархия бойынша төменде микродеңгейлі құбылыстар, жоғарыда – макро-
деңгейлі құбылыстар, ал ортасында – мезодеңгейлі болмыстар орналасады. 
Сірә, агенттік-құрылымдық байланыстардың талдау деңгейлері мәселесімен 
анық байланысы жоқ шығар, өйткені агенттікті де, сондай-ақ құрылымды да 
әлеуметтік талдаудың кез келген деңгейінен байқауға болады.
Агенттік пен құрылым жайлы мәселе микро-, макродеңгейлер туралы мә-
се лемен салыстырғанда тарихи, динамикалық шеңберге әлдеқайда көбірек 
кірікті рілген (Sztompka, 1991; again Elias is a clear exception, but of course 
he is European). Бұл сипаттама Гидденс, Хабермас және Арчердің шы ғар ма-
шылықтарында ерекше байқалған, әйтсе де бұл агенттік пен құрылым мәсе-
лесіне арналған әдебиеттің барлығынан көрінеді. Микро-макроинтеграция 
мәселелерін қарастыратын теорияшылар, керісінше, оларды статикалық, 
иерархиялық, тарихилықтан тыс негізде бейнелейді. Дегенмен микро-мак-
робайла нысты қарастыратын кейбір теорияшылар осындай өзара байла-
ныстың дина микалық сипатын статикалық түрде түсіндіреді: «Әлеуметтік 
шындық деңгей лерін және олардың өзара байланысын зерттеу, шындығын-
да, әлеуметтік әлемге деген статикалық емес, динамикалық әдіс... әлеуметтік 
әлемнің деңгейлерін зерт теудегі динамикалық және тарихи әдістерді әлде-
қайда жалпы диалектикалық бағдардың ажырамас бөлігі деп санауға бола-
ды» (Ritzer, 1981а:208; Wiley, 1988:260). Ақыры, біз агенттік пен құрылым 
теорияшылары үшін негізгі сұрақ ретінде көбінесе микро-макроинтеграция 
туралы еңбектерде аталмайтын нәрсе мораль болып саналатынын атап ай-
туымыз қажет. Осындай айырмашылықтарды теориялық бастаулар мен ре-
ферентті топтардағы өзгешелікпен түсіндіруге болады. Агенттік-құрылым-
дық теориясы – философияда айтарлықтай мықты түп тамыры қалыптасқан 
және философияға дендеп бойлаған моральға тікелей қатысты мәселе. Кері-
сінше, микро-макротеориясы негізінен әлеуметтану сипатындағы ғылымға 
бағытталған, демек, мораль мәселесі мұнда философияға қарағанда онша 
мәнді емес.


575
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Бұл тараудың бірінші бөлімі микро- және макроинтеграция тақырыбына арналады. 
Мұндай дамудың астарында әлеуметтану теориясының ертедегі алыптарының ой-таным-
дарына қайтып оралу және ХХ ғасырдағы америкалық әлеуметтану теориясының басым 
бөлігін сипаттаған теориялық экстремизм, микро- немесе макроэлементтен алыстау жатыр. 
1980 жылдарға дейін микро-макромәселесіне аз көңіл бөлінген, бірақ осы онжылдық және 
1990 жылдары бұл тақырыпқа қызығушылық арта түсті. Еңбектер микро- сияқты макродан 
да, сондай-ақ олардың арасындағы әртүрлі нүктелерден туындап отырды. Бұл еңбектердің 
біразы микро-, макротеориялардың интеграциясына арналды; басқалары болса әлеуметтік 
талдаудың микро- және макродеңгейлерінің арасындағы өзара байланысқа қатысты болған 
секілді. Теория мен деңгейлердің интеграциясымен жұмыс жасайтындардың арасындағы 
осы негізгі айырмашылыққа қоса, басқа да маңызды өзгешеліктер жетерлік.
Бұл тараудың бірінші бөлімінің негізгі нысанасы – әлеуметтік талдаудың микро, мак-
родеңгейлерін интеграциялау бойынша жазылған еңбектердің бірнеше басты үлгілерін тал-
қылау. Александер мен Ритцердің екі еңбегінде әлеуметтік әлемнің өте ұқсас микро-макро-
моделдері зерттеледі. Бұл еңбектердің арасындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан, 
олардың әлеуметтік әлемінің ұқсас бейнелері әлеуметтік талдаудың микро, макродеңгей-
лерін байланыстыруға тырысатындардың арасындағы үлкен консенсусты қамтып көрсете-
ді. Коллинздің микро-макроинтеграциясы бойынша еңбегі талданып, редукционизмі үшін 
(макроэкономикалық құбылыстарға, микроұяшықтарға деген бейімділігі үшін) сыналады.
Микро-макросекциясы микро-макроинтеграциялық жүйе бойынша америкалық жұмыс-
тың еуропалық прекурсорларының бірі – Норберт Элиастың толық зерттеулерімен жабыла-
ды. Оның үлгілі әлеуметтану туралы ойлары, сондай-ақ сот пен мемлекеттегі микродеңгей-
лі әдеттер мен өзгерістердің арасындағы өзара байланысты тарихи-салыстырмалы зерттеуі 
ерекше көңіл бөлуге лайықты.
Бұл тараудың екінші бөлімі, негізінен, агенттік-құрылымдық байланысты зерттеген еу-
ропалық әдебиет туралы. Оның макро-микроинтеграция бойынша америкалық еңбекпен 
бірқатар ұқсастықтары бар, бірақ елеулі айырмашылықтар да жоқ емес.
Заманауи еуропалық теорияшылардың көбі агенттік-құрылымның өзара қатынаста-
рымен айналысса да, бұл тараудың екінші бөлімі теориялаудың осындай типінің негізгі үш 
мысалына арналады. Біріншісі – Гидденстің құрылымдық теориясы. Гидденс ұсынған тео-
рияның өзегі – агенттер мен құрылымдарды бір-бірінен бөлек қарастырудан бас тартуы; 
Олар өзара қиюласқан жүйеде қарастырылады. Кейін біз Бурдьенің теориясына көшеміз. 
Оның теориясында басты назар габитус пен өріс арасындағы өзара байланысқа аударыла-
ды. Гидденс пен Бурдьенің агенттік-құрылымға қатысты жұмыстарымен байланысты соң-
ғы зерттеулері секілді, біз практикалық теорияны да қарастырамыз. Ақыры, Хабермастың 
өмір мен әлем туралы, сондай-ақ өмір-әлемінің отарлану жүйесі туралы соңғы идеяларын 
талдап шығамыз. Құрылым-агенттіктің осындай нақты еңбектерін талқылап болып, бұл 
әдебиеттің жалпы түсіндірмесіне ораламыз. Ондағы негізгі айырмашылықтарды, соның 
ішінде агент пен құрылымның болмысына қатысты әртүрлі көзқарастарды қоса талқылау-
дан бастаймыз. Айырмашылықтардың басқа қайнар көзі – осы еңбектер негізделген әртүр-
лі теориялық дәстүрлер. Бұл еңбектердің кейбіреулері агенттік бағытта болса, басқалары 
құрылымдық бағытта.
Тағы бір мәселе – агенттік-құрылым мен микро-макроәдебиет арасындағы ұқсастық. 
Екі әдебиет те интеграцияға қызығушылық танытып, микроағзалар мен макроқұрылымдық 
теорияның артықшылықтарына сақтықпен қарайды. Алайда бұл екі әдебиет арасында ұқ-
сас тықтарға қарағанда, айырмашылық әлдеқайда көп. Олардың акторлар бейнесінде, құры-
лымды ұғыну жолдарында, идеялар туындаған теорияларда, талдау деңгейлерінің ұғымына 
қосылу дәрежесінде, тарихи мен динамикалық құрылымға қаншалықты кіріктірілгенінде, 
моральдық мәселелерді қозғау деңгейінде өзгешеліктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет