Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет409/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Тәуекелдердің туындауы 
Заманауи қоғамдағы тәуекелдер, негізінен, байлық көздерінен шығып жатыр.
Атап айтқанда, өнеркәсіп және оның жанама әсерлері қоғамға, жаһандану нә-
тижесінде тұтас әлемге қауіп төндіріп, тіпті өлімге дейін апаратын жағдай ту-
дыруда (Featherstone, 1990; Robertson, 1992). Уақыт пен кеңістік ұғымдарын 
пайдалану арқылы, Бек осы заманауи тәуекелдердің орынмен (бір география-
лық орындағы ядролық апат көптеген басқа елдерге әсер етуі мүмкін) не месе 
уақытпен (ядролық апат генетикалық күшке ие болып, болашақ ұрпақ қа да 
әсерін тигізуі мүмкін) шектелмейтінін көрсетеді. Әлеуметтік тап индус триал-
дық қоғамда негізгі орынға ие болса, онда тәуекел қоғамда фундаменталдық 
мағынаға ие болады, ал тәуекел және тап өзара байланысты емес. Бек былай 
дейді:
«Тәуекелдердің бөліну тарихынан мәлім, байлық тәрізді, тәуекелдер тап-
тық үл гі ге не гіз деледі, тек керісінше: байлық жоғарыда жинақталады, тө-
мендегілер тә уекелге барады. Осы дәрежеде тәуекелдер таптық қоғамды 
күшейтпесе, жоймайтынға ұқсайды. Кедейлік тәуекелге көп баруға итер-
мелейді. Керісінше, байлар (та быстылық, билік және білім) тәуекелден 
қауіпсіздік пен еркіндік алуы мүмкін».
(Beck, 1992:35)


590
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Әлеуметтік таптар үшін дұрыс нәрсе – халық үшін де дұрыс. Яғни қанша-
лықты мүмкін болуына қарай, негізінен, кедей елдер көбірек тәуекел етеді, ал 
бай елдер көптеген тәуекелдерді кейін ығыстыра тұруға қабілетті. Сонымен
қатар бай елдер өздері жасаған, мысалы, тәуекелдердің туындауын болдырмауға 
немесе туындағаннан кейінгі жағымсыз салдарларды жоюға көмектесетін техно-
логияларды өндіру және сату кезінде өздері пайда көреді.
Дегенмен бай адамдар да, тәуекелдерді тудыратын елдер де қауіптен қинал-
майды. Бұл тұрғыда Бек: «Бумеранг әсерін» талқыға салып, тәуекелдің жанама 
әсерінің «тіпті өндіріс орталықтарына да тиетінін» айтады. Жаңғырту агенттері 
өздері жасап және пайдасын көретін қауіп-қатерлердің иірімінде өздері қалады» 
(1992:37).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет