Алеуметтану тероиясы indb


Модернизмнің аяқталмаған жобасы



Pdf көрінісі
бет415/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Модернизмнің аяқталмаған жобасы
Юрген Хабермас – жетекші әлеуметтік теорияшыларға және модерн заманын-
дағы рационалдық идеяларға постмодернистердің (және басқаларының) ша-
буыл жасауына қарсы шығушы, рационалдық идеялардың жақтаушысы. Сейд-
манның сөзі бойынша:
«Постмодерндік позицияны ұстанған қазіргі заманғы интеллектуал дар-
дың көпшілігінен бір айырмашылығы, Хабермас модернизмнің инсти-
туттық тәртіптерінен рационалдықтың құрылымын ерекше көреді. Көп-
теген интеллектуалдар модерн заманының эмансипациялық по тен циалы 
туралы мәселеде арсыздық танытса, Хабермас модернизмнің утопиялық 
потенциалы туралы айтады. Хабермас саналы түрде алға жылжитын қа-
йырымды қоғам орнатуды көздейтін ағартушылық жоба сынан сөніп бара 
жатқан үміт оты мен теріс айналған кумирді көрсе де, әлеуметтік контекс-
те ең күшті қорғаушылардың бірі болып қала береді».
(Seidman, 1989:2) 
Хабермас (1987b) модернизмді «аяқталмаған жоба» деп қарастырады, пост-
модерн әлемінің мүмкіндіктері туралы ойлаудан бұрын модернизмде әлдеқайда 
көп нәрсе жасау керек екенін айтады (Outhwaite, 2011; Scambler, 1996).
13-тарауда Хабермастың модернизм туралы ой-пікірінің маңызды жақта-
рын, оның жүйе, өмір-әлемі және өмір-әлемінің жүйе арқылы отарла нуына 
қатысты идеяларын талдадық. Оны (1986:96) «Модернизм патоло гия сының 
теориясын» жасаушы деп айтуға болады, өйткені ол модернизмді өзіне-өзі 
сәйкес келмейтін құбылыс ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, ол әлеумет-
тік жүйелерді сипаттайтын рационалдықтың (маңызды деңгейде формалды 
рационалдық) тіршілік әлемін сипаттайтын рационалдыққа қарама-қарсы 
екенін түсінеді. Әлеуметтік жүйелер күрделі, сараланған, интеграцияланған 
және инструменттік тұрғыдан жоспарлы сипатта дамиды. Тіршілік әлемі жік-
телу мен шоғырланудың (бірақ білім негіздері мен ақиқаттың, қайырымдылық 
пен сұлулықтың құндылық сферасы) рефлексиялық және сыни нормалар-
ды секуляризациялау мен инститтаудың күшеюінің куәгері болды (Seidman, 
1989:24). Рационалды қоғамда жүйе мен тіршілік әлемі өздерінің логикасына 
сүйене отырып, рационалды бола алады. Жүйе мен өмірді рационалдандыру 
қоғамды материалдық игілікке кенелтіп, қоршаған ортаны бақылауға алып ке-
леді, нәтижесінде ақиқат, ізгілік пен сұлулық рационалды тіршілік әлемінен 
туындайды. Алайда модерн заманында жүйе үстемдікке ие болып, тіршілік 
әлемін отарлай бастады. Нәтижесінде біз жүйелік оңтайландырудан ләззат 
аламыз, алайда гүлденуге мүмкіндік беретін тіршілік әлемінен келетін береке-
ден айырылып отырмыз. Тіршілік әлемі мен жүйе арасындағы «шекараларда» 
пайда болған көптеген қоғамдық қозғалыстар соңғы онжылдықтарда өмір сүру 
әлемін отарлау мен жұтатуға қарсыласып келеді.


597
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Жүйенің тіршілік әлемін отарлау жолын талдай отырып, Хабермас өзін әлеу-
меттік ойлар тарихының көп бөлігімен келісімде көреді:
«Маркстен – Спенсер мен Дюркгейм арқылы – Зиммель, Вебер және 
Лукачқа дейінгі әлеуметтік теориялардың негізгі тізбегін модернизмнің 
белгісі ретінде қабылданған жүйелік орта шекарасының «ішкі шет ел» 
генезисіне, қоғамның өзіне [Хабермастың тіршілік әлеміне] енуіне бе ріл-
ген жауап ретінде түсінуге болады».
(Habermas, 1991:255–256)
Басқаша айтқанда, Хабермас және сонымен қатар классикалық теорияның 
көпшілігі үшін «заманауилықтың айрықша белгісі», Хабермастың анықтамасы 
бойынша, тіршілік әлемін жүйенің отарлауы болды.
Хабермас үшін қазіргі модерндік жобаның аяқталуы деген не? Соңғы өнім – 
жүйе де, тіршілік әлемі де бірін-бірі бұзбай, өздерін толық көрсететін рационал-
ды қоғам. Қазіргі уақытта жұтаң тіршілік әлемінен күйзелеміз, бұл проблема 
шешілуі тиіс. Алайда жауап жүйенің бұзылуында емес (экономикалық және 
әкімгершілік жүйелерде ерекше), өйткені дәл осылар тіршілік әлемін оңтайлан-
дыратын қажетті материалдық алғышарттарды жасайды.
Хабермас (1987b) айналысатын мәселелердің бірі – қазіргі заманауи, бю-
рократиялық, дамыған, бай мемлекеттерде көбейіп келе жатқан мәселелер. 
Мұндай мемлекетке қатысы барлардың көпшілігі бұл мәселелерді біледі, бірақ 
оларды жүйелі деңгейде түбірімен шешу керек немесе жаңа жүйе енгізу қажет. 
Алайда Хабермас мәселелерді бұлай шешу керек деп ойламайды. Керісінше, 
олар жүйе мен тіршілік әлемінің арасындағы қарым-қатынастарда шешілуі 
тиіс. Біріншіден, жүйенің өмірге әсерін төмендету үшін кедергіні ұстап тұру 
қажет. Екіншіден, «тетіктер» тіршілік әлемінің жүйеге әсерін күшейтетіндей 
құрылуы тиіс. Хабермас қазіргі заман мәселелері: «Дұрыс жұмыс істейтін жү-
йе лермен шешілмейді. Бәрінен бұрын тіршілік әлемінің импульстері өзін-өзі 
басқаратын функциялы жүйеге ене алатындай болуы тиіс», – деп тұжырымда-
ды (1987b:364). Бұл – жүйе мен тіршілік әлемінің бірін-бірі өзара байытатын 
жолды жасауындағы қадам. Дәл осы жерде қоғамдық қозғалыстар процеске 
араласып, жүйе мен тіршілік әлемін ығыстырып, максималды мүмкін дәрежеде 
оңтайландыруға әрекеттенеді.
Хабермас Америка Құрама Штаттарына аса көп сеніммен қарамайды, өйт ке-
ні ол өмірдің кедейленуін жалғастыру арқылы жүйенің ұтымдылығын бекітуге 
тырысатын сияқты. Алайда Хабермас «рационалды тіршілік әлемінде сақтал-
ған заманауи нормативті мазмұнды күрделі жүйелер ғана құтқара алады» дейтін 
екіұшты идеялардың шешімін табуға мүмкіндік беретін Еуро паға үміт артады 
(1987b:366). Осылайша, Еуропаның «белсенді түрде батыс рационализмінің 
мұрасына» ассимиляция жасауына мүмкіндігі бар (Haber mas, 1987b:366). Бұл 
мұра бүгінде тіршілік әлемінің оңтайлы гүлденуі үшін жүйенің ұтымдылығына 
шектеу қойып, қазіргі әлемде оның екі типі қатар, тең дәрежеде өмір сүруіне 
жағдай жасайды. Мұндай жүйе мен өмір сүру рационалдығы арасындағы толық 
серіктестік қазіргі заман жобасының аяқталуы болады. Біз бұл мақсаттан алыс 
болғандықтан, постмодернизмнің шегі немесе ортасы туралы айтпағанның өзін-
де, модерн заманының аяқталуынан да алыспыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет