Модерн және өзіндік мән
Гидденс сияқты (1991), Тейлор өзіндік мәнді заманауи тәртіптің басты ком по-
нентімен теңестіреді. Sources of the Self («Өзіндік мәннің шығу көздері») (1989)
еңбегінде: «Меннің» ең маңызды ерекшелігі – моральдық игіліктерге қатысты да-
митынында», – деп көрсетеді. Тейлор оны бірнеше нақты талаптарға бөледі:
• «Біздің өзіміз үшін белгілі бір мәселелер ғана маңызды. Менің өзім сияқты
болуым, менің тұлғам, негізінен алғанда, заттардың мен үшін қандай ма-
ғынаға ие болатынына байланысты» (1989:34).
• «Біз, өзіміз ғана, белгілі бір мәселелер кеңістігінде қозғаламыз, жақсы-
лыққа деген бағдарды іздейміз және табамыз» (34).
• «Бір өзі – бұл басқа тұлғалар арасындағы Мен. Мен ешқашан басқаларға
сілтемесіз бейнелене алмаймын» (35).
• «Тұлғаның жан дүниесіне үңіліп, тану үшін оның тілін білу керек» (35).
Тейлор үшін өзіміз ортақ мағыналық кеңістіктерде, ортақ мәселелер кеңісті-
гінде және ортақ құндылықтар кеңістігінде пайда болады. Сонымен қатар, соң-
ғы екі көзқарас көрсеткендей, символикалық интеракционистер (9-тарау), этно-
метадологтер (10-тарау), постмодернистер мен постструктуралистер (17-тарау)
сияқты, Тейлор өзіндік мәндердің реляциялық және символдар/тілін пайда-
602
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
лануға негізделетінін көрсетеді. Бұған сондай-ақ Тейлордың өзіндік мәндерді
баяндаушы жандар деп қарастыру идеясында назар аударылады. Шын мәнінде,
өзіндік мән адамның терең моральдық, мәдени шек телген идеалдарын жүзеге
асыру әрекеттері туралы айтатын әңгімелерден тұрады.
Бұл, Тейлордың тілімен айтқанда, жаңа заманның дертіне (1991) алып ке-
леді. Соған қарамастан, Тейлордың пікірінше, өзіндік мән ортақ әңгімелерге не-
гізделгендіктен (тарих деген – біз, ал мәдениет – өзіндік мәннің не екені туралы
айту), ең заманауи адамдар осы әңгімелерден ажыратылған.
Біз өз тарихымызды білмейміз. Одан да сорақы нәрсе – өзіндік мәннің бірін-
ші кезекте жалпы тарих негізінде құрастырылғанын білмейтініміз. Нәтижесін-
де, жаңа заман адамы – Гидденс (1991) онтологиялық қор ғансыздық деп атаған,
экзистенциалдық бағытсыздықтан, Дюркгейм атап өткен аномиядан зардап ше-
геді. Осы үзілістің себептері алуан түрлі болғанымен, не гізінен алғанда, мұның
қалыптасу себебі өзіндік мәнді – реляциялық және мәдени көзқарастарға қараған-
да қазіргі заманның индивидуалдық тұрғыдан көбірек дамытуға ықпал етуінде
болып отыр.
Тейлор бұл дерттен айығу үшін өзіндік мәнге ықпал ететін мәдени шектерді
жаңаша түсіну жолын ұсынады. Ол адамдардың жалпы моральға қалай не гіз-
делетінін көрсеткісі келеді. Бұл орайда Тейлор өзін мәдени диалогті жал ғасты-
рушы ретінде қарастырады. Шамасы, бұл диалогті сезініп, оған қа тысу өзіңді
жылдам әрі жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Тейлор бұл диалогке дем беру
үшін (1989) өзіндік мәннің түрлі негіздерін бейнелейді. Бізде бір қатар маңызды
негіздерді ғана бейнелейтін кеңістік бар.
Біріншіден, қазіргі заманғы «мен» өзін-өзі ұстай білу, рационалдық және
әрекеттесу идеалдары арқылы анықталады. Алғаш рет философ Джон Локк
еңбектерінде сипатталған мұндай өзіндік болмыс түрі заманауи кезеңде дамы-
ған ғылыми көзқарастарға сәйкес келеді. Кейініректегі еңбектерінде (2007:27)
Тейлор мұны «буферлі» мен деп атайды. Қазіргі заманға дейін бір жетістікке
жетуде ғарыш пен Құдайдың құдіретіне сенсе, мұнда өзінің жан дүниесіне терең
үңіліп, өзін-өзі бақылау арқылы ішкі күшіне сенім артуға жетелейді. Бұл идеал
қазіргі уақытқа дейін әрекет етіп, мысалы, өз ашуын тежеу және өзін-өзі тәртіпке
шақыру әдістері арқылы психотерапевтік түрде көрінеді (жаңа замандағы тәртіп-
тің маңыздылығы туралы Фуконың көзқарастарын қараңыз, 17-тарау).
Индивидуалдықтың тағы бір негізгі көзі ХVIII ғасырдағы романтизммен
байланысты. Бұл буферлік өзіндік мәннің рационалдығына қарсылық белгісі
ретінде пайда болды. Романтизм кездейсоқтықты, эмоцияны және өзін көрсе-
те білуді мадақтайды. Ол Тейлордың «айқын» индивидуалдық және «шына-
йы» өзіндік болмысқа ұмтылу (2007:473; see Guignon, 2004) деп атаған «мәде-
ни идеалына» алып келді. Бұл – әрбір адамның шынайы немесе нағыз өзіндік
мәнге ие екенін және адамдардың өз өмірлерінде жасай алатын ең құнды дүние
олардың «шынайы» өзін білдіруі мен көрсетуіне негізделген қазіргі заманғы ма-
ңызды идея. Мұндай индивидуалдық «өз армандарыңызбен өмір сүріңіз» және
«ұтымды сәтті пайдаланыңыз» сияқты ұрандар арқылы көрінеді.
Шынайылық идеалы заманауи мәдени орта үшін өте маңызды болғандықтан,
адамдардың көпшілігі оны мәдени жетістік емес, табиғи факт деп есептейді. Бу-
ферлік өзіндік идеал сияқты, шынайы идеал қазіргі кезеңде, мысалы тұтынушы-
ның жарнамасында, жаңа жастық психотерапиясында және көркемдік практи-
када, өз күшінде қалып отыр. Шын мәнінде, Тейлор суретшіге «шынайы лықтың
артықшылығын барынша толық түсінетін заманауи адам» деген анықтама берді.
|