593
14-тарау
•
Модернизмнің заманауи теориялары
кетті өзінің алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндігі бар Адольф Гитлер
бақылап отырды. Басқа жағынан алып қарағанда, еврейлерді Германияның
«идеалды» қоғам болуына кедергі келтіргендер ретінде, қоғамның басқа бө-
лі гіне қарсы қоятын антисемитизмнің модернді және рационалды түрі
пайда
болды. Немістер осы мақсатқа жету үшін идеалды қоғам орнатуға қарсы тұр-
ғандарды жойып жіберуі тиіс еді. Неміс ғылымы (жоғары деңгейде рационал-
дандырылған) еврейлерді кемшілігі бар нәсіл екенін дәлелдеу үшін қолданыл-
ды. Кемелденген қоғамға жетудегі кедергі деп анықтағаннан кейін бірден-бір
шешім оларды құртып жіберу болатын. Оларды жою керек деп шеш кеннен
кейін, бюрократияның алдында тұрған жалғыз маңызды мәселе,
осы мақсатқа
жетудің ең тиімді әдісін табу болды.
Мұндағы тағы бір фактор – қазіргі құрылымдардағы бюрократия сияқты
моральдық түсініктің болмауы. Еврейлерді жою керек пе, жоқ па, мұның мәні
де жоқ еді. Мұндай моральдық ұстанымның болмауы қазіргі заманғы холокост
құбылысының басты себебі болды.
Достарыңызбен бөлісу: