599
14-тарау
•
Модернизмнің заманауи теориялары
Юрген Хабермас, бәлкім, бүгінгі әлемдегі ең бе-
делді әлеуметтанушы, ойшыл шығар. 1929 жылы
18 маусымда Германияның Дюссельдорф қала-
сында дүниеге келді. Отбасы дәстүрлі құн дылық-
тарды өте берік ұстанатын орта таптан шықты.
Хабермастың әкесі сауда палатасының директо-
ры болды. Жасөспірім шағы Екінші дүниежүзілік
соғысқа тап келген
Хабермасқа соғыс өте қатты
әсер етті. Соғыстың аяқталуы көптеген неміс-
терге, соның ішінде Хабермасқа, жаңа үміт пен
мүм кіндіктер алып келді. Нацизмнің құлдырауы
Германияның жарқын болашағына үміт сыйла-
ды, бірақ Хабермас соғыстан кейінгі жылдары
үлкен өзгерістердің бола қоймағанына наразы
болды. Нацизмге тоқтау салынған соң барлық
зияткерлік
ресурс тарға жол ашылды, тыйым
салынған кітаптар жас Хабермасқа қолжетім-
ді болды. Солардың ішінде батыс және неміс
әдебиеті, сондай-ақ Маркс пен Энгельс жазған
трактаттар бар еді. 1949–1954 жылдар аралы-
ғында Хабермас Геттинген, Цюрих және Бонн
қалаларында көптеген салаларды (мысалы,
философия, психология, неміс әдебиеті) зерт-
теді. Алайда Хабермас зерттеген мектептердегі мұғалімдердің ешқайсысы танымал бол-
ған жоқ және олардың басым көпшілігі әсіреұлтшылдарды қолдауды не әсіреұлтшыл ре-
жимде өздерінің академиялық міндеттерін атқаруды жалғастырды. Хабермас 1954 жылы
Бонн университетінде докторлық дәрежесін алып, екі жыл журналист болып қызмет істеді.
1956 жылы Хабермас Франкфурттағы әлеуметтік зерттеулер институтына келді және осы уа-
қыттан бастап оны Франкфурт мектебінің абыройы деп санады. Шынында да, ол осы мек-
тептің ең көрнекті мүшелерінің бірі Теодор Адорноның ғылыми ассистенті және институттың
(Wiggershaus, 1994) қызметкері болды. Көбінесе оқу орны Франкфурт мектебінде жүйелі бо-
лып саналса да, бұл көзқарасты Хабермас қолдаған емес:
«Мен үшін ешқашан дәйекті теория болған жоқ. Адорно мәдениетті сынау туралы эссе
жазған, сондай-ақ Гегель туралы семинарлар өткізді. Ол марксистік нақты идеяны не-
гізге алды – барлығы осы».
(Habermas, cited in Wiggershaus, 1994:2)
Әлеуметтік зерттеулер институтымен байланыста болған Хабермас
басынан бастап өзінің
тәуелсіз интеллектуалды бағдарын көрсетті. Оның 1957 жылғы мақаласы институт жетекшісі
Макс Хоркхаймермен арада кикілжің тудырды. Хабермас сыни ой мен практикалық әрекеттер-
ге шақырды, бірақ Хоркхаймер мұндай позицияның мемлекет арқылы қаржыландырылатын
институт үшін қауіптілігінен қорықты. Хоркхаймер Хабермасты институттан шығарып жіберу
туралы ұсыныс жасады. Ол былай дейді: «Мүмкін, оны жарқын болашақ, тіпті керемет ман-
сап күтіп тұрған шығар, бірақ ол институтқа тек үлкен зиян келтіреді» (Wiggershaus, 1994:555).
Ақырында, мақала институттың аты көрсетілмей, сілтемесіз жарияланды. Хоркхаймер Хабер-
мастың жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, түрлі кедергілер жасады, осылайша Хабермас жұ-
мыстан кетті.
1961 жылы Хабермас приват-доцент болып, Марбург университетінде докторлық диссерта-
циясын (неміс университеттерінің екінші диссертациясын) аяқтады. Көзге түсер бірқатар ма-
Достарыңызбен бөлісу: