Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет503/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қорытынды


756
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
1. Бұл – түпнұсқада Майкл Дж. Райан (Michael J. Ryan) жазған мақаланың өзгертілген
нұсқасы. 
2. Мұнда гей және лесбияндар зерттеулері деп аталатын әлеуметтанудың зерттеу саласы 
мен гейлер теориясының арасындағы айырмашылықты анықтау керек (Giffney, 2004). 
Гей мен лесбияндар зерттеулері бірегейлік ұғымына байыпты қарайды. Олар гей мен 
лесбияндардың өмірін, тәжірибесін зерттеп, тұжырымдайды. Бұл – маңызды тапсырма, 
өйткені бұл тәжірибелер тарихи тұрғыда маргиналданып, құпия сақталған. Квир теория-
сы маргиналданудың саяси мәселесімен айналысса да, ол бірегейлік туралы ойды қарас-
тырудан қауіптенеді.
3. Латурдың Дюркгейм әлеуметтануынан бас тартуы туралы, сондай-ақ бас тартқан мә-
селелер мен қателіктер туралы толығырақ мәлімет алу үшін Restivo (2011) бөлімін 
қараңыз.
4. Шындығында, бұл АЖТ-ның жалпы формасы ретінде қарастырылатын «аударма әлеу-
меттануының» анықтамасы ретінде ұсынылады (Brown and Capdevila, 1999).
5. Бұл сөз акторларға алаңдаушылық және адами акторлар ғана назар аудару туралы бұ-
рынғы тармаққа қайшы келеді. Сондай-ақ АЖТ-ның «Анонимді, қате анықталған және 
анық талмаған» перспективаларын ұсынғаны үшін Каллонның (1999:182) сыни пікірле-
рін қол дайды.
Ескертпелер
зерттейді. Квир теорияшылары сияқты, аффект теорияшылары аффект (өмір күші, құмар-
лық) еркін жүре алатын әлеуметтік және саяси ұйымның нысанын іздейді.
Ақырында, өндіріп-тұтыну теориясы – өндіріс пен тұтыну арасындағы ортақ әлеу меттік 
айырмашылықты еңсеруге тырысатын перспектива. Ол – мұндай бинарлық жалған сана-
латынын және іс жүзінде барлық экономикалық әрекет өндіріс пен тұтынудың белгілі бір 
қосындысын қамтитынын дәлелдейді. Өндіріп-тұтыну теорияшысы Джордж Ритцер өнді-
ріп-тұтынудың (prosumption) өндіріп-тұтыну – өндіріс ретінде (p- a -p), «балансты» өндіріп-
тұтыну, өндіріп-тұтыну – тұтыну ретінде (p -a -c) атты әртүрлі формаларын қарастыру үшін 
өндіріп-тұтынудың континуумын ұсынады. Адамдар әрқашанда өндіріп-тұтынушылар бол-
ғанымен, өндіріп-тұтынудың жаңа мәндерінің пайда болуы балансты өндіріп-тұтыну дең-
гейін арттыруға алып келді. Өндіріп-тұтыну идеясы сонымен бірге жаңа үлкен модерн тео-
риясына негіз салады. Біз өндіруші капитализмнен – тұтынушы капитализмге, одан өндіріп-
тұтынушы капитализм дәуіріне көштік. Өндіріп-тұтыну әлеу меттік-экономикалық өмірдің 
түбегейлі жаңа пішінін қамтамасыз ете отырып, бұл құ былыс болашақта капитализмнің 
отарлану қаупін туғызуы ықтимал.
Осы тарауда талқыланған жаңа теориялар сияқты, осы және басқа салалардағы жаңа 
зерттеу тақырыптары мен ойлау тәсілдері әлеуметтану теориясын үнемі жаңартып, оған дем 
беріп отырады. Алдағы уақытта жаңа теориялар пайда болады деп болжауға болады және 
олар да саланы ұқсас жолмен байытады.


757
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
6. Теориялардың бәрі бірдей ғылыми идеяларға тікелей әсер етпеген. Грегг пен 
Сейгворт (2010) аффект теориясына әсер еткен кем дегенде сегіз түрлі интел лек-
туалдық ой-пікірлерді ұсынады, олардың барлығы өмір туралы ғылымдармен бай-
ланысты емес.
7. Гуманитарлық ғылымдар мен әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдар өздері түсін-
беген және ғылыми ұғымдарды дұрыс пайдаланбағаны үшін сынға ұшырады. 90-жылда-
ры физик Алан Сокол гуманитарлық ғылымдар ғалым дарын «ғылыми ұғымдарды идео-
логиялық мақсат үшін пайдаланды» деп айыптады. Оның сын-пікірі «ғылымдар соғысы» 
деп аталатын академиялық пікірталастың бір бө лігі болды. Жақында Папульяс пен Кал-
лард аффект теориясына «күрделі ғылыми модельдерді қате және ішінара аударудың 
эпистемологиялық тұрғыдан гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы кеңістігін» 
қарастыру үшін жүгінген (2010:31).
8. Саяси өзгерістерге қатысты осы көзқарасты аффект теорияшыларының барлығы ұстан-
байды (Grossberg, 2010).


758
Әлеуметтану теориясы

Пайдаланылған әдебиеттер 

Abel, Theodore. 1948. «The Operation 
Called Verstehen». American Journal of 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет