Алеуметтану тероиясы indb


Өндіріп-тұтынушы капитализм



Pdf көрінісі
бет501/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Өндіріп-тұтынушы капитализм
Ритцер (2015c) өндіріп-тұтыну жөніндегі жұмысы арқылы әлеуметтануға жаңа 
үлкен нарратив ұсынды. Ол модерн (және қарқынды жаһандық) қоғамының 
тарихын өндіруші капитализмінен – тұтынушы капитализміне, одан өндіріп-
тұтынушы капитализміне көшуімен түсінуге болады деп болжайды. Әрине, 
бұрын айтылғандарға сәйкес, Ритцер бұл кезеңдердің әрқайсысындағы эконо-
микалық әрекет өндірістің, тұтынудың және өндіріп-тұтынудың элементтерін 
біріктіретінін анық айтады. Демек, капитализм құрылымдарының әрқайсысы 
өндіріп-тұтынуды, яғни қоғамдық өмірдің үлкен салаларын бірегей жолда-
рымен қалыптастырды. Өндіріп-тұтынушы капитализм дәуірінде өндіріп-тұ-
тыну – өндіріп-тұтыну континуумының p-a-p соңына дейін жалғасады және
көбінесе тек қана өндіріспен байланысты теориялардың дамуына әкеледі. Тұ-
ты нушы капитализм дәуірінде өндіріп-тұтыну – өндіріп-тұтыну континуумы-
ның (p-a-c) соңына дейін жалғасады, көбінесе тұтынумен байланысты теория-
лардың ғана дамуына жағдай жасайды.


753
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Өндіріп-тұтынуға назар аудару – оқшаулану, пайдалану және жұмыс та-
биғаты сияқты таныс әлеуметтану тұжырымдарын қайта қарастыруды та-
лап етеді. Мысалы, Ритцер осы кезеңдердің әрқайсысындағы капиталистік 
қанаудың қалай жұмыс істегенін талқылауға көп уақыт жұмсайды. Қанау-
дың ең танымал көрінісі Маркстің өндірістік капитализмін талдауында қам-
тылған. Маркс капиталистердің іс жүзінде жұмысшыларға өздері шығарған 
тауарлардың толық құнынан аз ақы төлеп, ақша жасайтынын айтады. Ана-
ғұрлым техникалық түсініктерде Маркс: «Қосымша құн көрсеткіші – капи-
талдың еңбек күшін немесе капиталистің жұмысшыны қанау дәрежесінің 
нақты көрінісі» – дейді (Marx, Ritzer, 2015c:423). Тұтынушы капитализмде 
тұтынушылар екі тәсілмен пайдаланылады. Біріншіден, кейбір жағдайлар-
да олар өз өнімдерінің нақты құнынан көбірек ақы төлеуге мәжбүр болады. 
Капиталистер қа нау дың бұл түрінде сұраныс пен ұсыныс циклдерін басқару 
арқылы мани пулятор рөлін атқарады. Екіншіден, тұтынушы қоғамын шек-
тен тыс тұтынуға ынталандырады. Бұл тұтынушыны оның нақты пайдалан-
байтын немесе оған қажеті жоқ тауарларды шамадан тыс тұтынуына мәжбүр 
етеді (Baudrillard, [1970] 1998; Ritzer, 2012a).
Қанаудың осы түрлері бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Алайда оларға 
өндіріп-тұтынушы капитализм қосылып, басып озды. Ритцер мен Юргенсон-
ның (2010:14) айтуынша, өндіріп-тұтынушы капитализм үш бірегей қасиеті-
мен сипатталады. Біріншісі – ақылы еңбектен ақысыз еңбекке көшу проце-
сі. Екіншісі – өндіріп-тұтынушы ка питализм көптеген өнімдерді (мысалы, 
Facebook-ке қол жеткізу) тегін ұсынады. Үшіншісі – «жүйе бұрын жоқшылық 
болған аймақта молшылық орнауымен ерекшеленеді» (2010:14).
Бірінші кезекте, өндіріп-тұтынушылар бір кездері ақылы қызметкерлер 
жаса ған жұмысты ақысыз істейді. Бұл – бизнестің тұтынушыларды жұмысқа 
жегуінің бір амалы (see Dujarier, 2015). Өндіріп-тұтынудың осы түрінің ал-
ғашқы мы салдары тұтынушылардың жанармай құю пистолетін өздері қолда-
нуына және азық-түлік дүкендерінде адамдардың өзіне-өзі қызмет көрсету 
аппараттарын қолдануына мүмкіндік беруден басталды. Ақысыз өндіріп-тұ-
тынуға көшу бизнеске мол табыс әкеледі. Кәсіпкерлер енді өндіріп-тұтыну-
шылар ақысыз жасайтын жұмыс үшін қызметкерлерге ақша төлеуге міндетті 
емес. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен өндіріп-тұтынушылар арасында еш-
қандай ресми шарт болма ғандықтан, олардың жұмысына ақы төлеуге немесе 
медициналық сақтандыру сияқты қосымша ақша төлеуге ұзақ мерзімді мін-
деттеме де жоқ.
Екіншіден, өндіріп-тұтынушы капитализмде пайда көзі басқада болғандық-
тан, өнім тегін ұсынылады. Ең бастысы, өндіріп-тұтыну халықтың мінез-құл-
қы мен айырым-белгілері туралы деректерді саудалайтын ақпарат эконо ми ка-
сымен тығыз байланысты. Бұл деректер өндіріп-тұтыну арқылы алмасты ры-
латын тауарларға қарағанда, өндіріп-тұтынушы капитализм үшін әлдеқайда 
маңызды. Әрине, YouTube сияқты веб-сайттар өндіріп-тұтынушылар жасаған 
жұмысқа тәуелді. Бұл сайттар басқа өндіріп-тұтынушылар мен жарнама беру-
шілерді тартады. Сөйтіп, өндіріп-тұтынушылар YouTube, eBay және Facebook 
сияқты сайттарды пайдалану арқылы олардың құнды ақпараттық деректерін 
сатып алады. Ритцер былай жазады:
«Дегенмен болашақта үлкен табыстың түпкі көзі және өндіріп-тұтыну-
шы капитализмдегі соңғы тауар – осындай сайттардағы «үлкен де рек-


754
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тер» түрінде жинақталған өндіріп-тұтынушылар жайлы тегін берілетін 
ақпарат... Бұл ақпарат капиталистік фирмаларға талғам... және болашақ 
өндіріп-тұтынушылар туралы ақпарат алу тұрғысынан үлкен құндылық-
қа ие. Facebook сияқты, ашық ештеңе сатпайтын, бірақ өндіріп-тұты ну-
шылар тегін берген ақпараттардан пайда тауып отырған (болашақта әл-
деқайда көп пайда табатын) интернет-сайттар – осының анық мысалы».
(Ritzer, 2015b:11) 
Шынында да, үшінші қасиетке байланысты, өндіріп-тұтыну капитализмі-
нің өркендеуін жоқшылық экономикасынан молшылық экономикасына жал-
пы ауысуының бір кезеңі деуге болады. Ақпараттық қоғам (Castells, 1998; 
14-та рауды қараңыз) осыған дейін тіпті қиял жетпес ақпаратты өндіру және 
тарату жолдарын қолдайтын технологияларды енгізеді. Ақпаратқа деген ынта 
тек Интернет экономикамен шектелмейді, сонымен қатар заманауи экономи-
калық өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Мысалы, біз осы тараудың ал-
дында аффект теориясын талқыладық. Аффект теорияшыларының (Clough, 
2008) биомедицина саласындағы негізгі потенциалды пайда көздерінің бірі – 
адам дардың, жалпы халықтың биологиялық және генетикалық әлеуеті туралы 
ақпаратты жинау және бақылау. Өндіріп-тұтынушы капитализмде мәселе – 
нақты тауарларды неғұрлым тиімді жолмен шығаруда емес. Керісінше, мәселе 
табысты саналатын ақпаратты өндіру, игеру және басқарудың тиімді жолда-
рын іздеуге негізделген. Ритцердің пікірінше, мұндай ақпаратты беру мен бас-
қаруда өндіріп-тұтынушы негізгі рөл атқарады.
Осыған байланысты Ритцер (2015d) өндіріп-тұтыну капитализмінің жаңа 
пайдалану түрін ұсынады. Тұтыну капитализмі – бір жақты пайдаланушы
Бұл қызметкерді пайдалану арқылы байлық жасайды. Өндіріп-тұтыну капи-
тализмі – екі жақты пайдаланушы. Ол жұмысшы мен тұтынушыны пайдала-
ну арқылы байлық жасайды. Өндіріп-тұтыну капитализмі – синергетикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет