Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет500/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

18.1-СЫЗБА 

 Өндіріп-тұтыну континуумы
Континуумның екінші шегінде, әлеуметтанушылар әдетте тұтыну деп атай-
тын, өндіріп-тұтынудың тұтыну формасы (prosumption-as-consumption, яғни
p-a-c) көрсетілген. Бұл жерде тиісінше әрекеттің басым бөлігі жасап шы ғаруға 
емес, тұтынуға бағытталған және өндіру әрекетінің кейбір формалары ғана ке-
зігеді. Мысалы, McDonald’s мейрамханаларында тамақтанған адам өз үстелін 
жинастырып, тазалап кетуі керек.
Ритцер айтылған екі экстремалды форма – өндіріп-тұтыну арасындағы бай-
ланыс ты өндіріп -тұтыну формасын ұсынады. Бұл формада өндіріс пен тұты ну
қатынасының үлестері біршама теңестірілген. Мысал ретінде АТМ машина-
ларын (банкоматтарды) пайдалануды келтіруге болады. Банкоматты басқару-
дағы атқарылатын «жұмыс» (құпия кодты теру, т.б.) қолма-қол ақшаны тіке-
лей алу («тұтыну») сияқты күрделі және уақыт алады. Р- a- p (өндіріп-тұтыну 
өндіріс ретінде), р-а- с (өндіріс тұтыну ретінде) және тепе-тең өндіріп-тұтыну 
арасындағы аналитикалық айырмашылық тарихи айырмашылық тарға жол бе-
реді. Біз тарихи аспектіге осы бөлімнің соңына қарай қайта ора ламыз. Қазіргі 
сәтте балансты өндіріп-тұтыну формасы алдыңғы қоғамдарға қарағанда кеңі-
рек таралғанын айта кету абзал. Бұл бізді өндіріп-тұтынудың жаңа тәсілдеріне 
бейімдеді.
Өндіріп-тұтынудың жаңа мәні
Ритцер, Дин мен Юргенсон (2012) қазіргі кезде балансты өндіріп-тұтынудың 
неліктен кең таралғанын түсіндіру үшін оның өсуіне ықпал еткен бірнеше та-
рихи факторды сипаттайды. Мысалы, қызмет көрсету индустриясының өсуі 
және постмодерндік теорияның пайда болуы өндіріс пен тұтыну секілді би-
нарлықтар арасындағы айырмашылықтарды азайтты. Бұл тарихи факторлар 
ішінде ең маңыздысы – өндіріп -тұтынудың жаңа мәнін айқындайтын компью-
терлер мен Интернет сияқты технологияларды дамыту болып отыр.
Маркс өндіріп -тұтынудың жаңа тәсілдері мен тұтынудың жаңа тәсіл-
дерін талдаса да, өндіріске деген бұрынғы көзқарасынан айнымады. Маркс 
үшін өндіріс дегеніміз (осы талқылау жағдайында р-а-р) – зауыт, ал капита-
лизм өндірісіндегі технологиялар (тігін машиналары) өндіріс тәсілдері бо-
лып са налды. Ритцер тұтынуды бірден көбейтетін және басқаратын (p -a- c)
McDonald’s мейрамханалары (2015a) және сауда орталықтары (тұтыну шір-
кеулері, 2010а) сияқты параметрлерді талдау арқылы тұтыну тәсілдерінің 


752
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тұжырымдамасын жасады. Бұрынғы идеяларды кеңейте отырып, «адамдарға 
тауарлар мен қызметтерді өндіруге мүмкіндік беру» (2015b:6) өндіріп-тұтыну ды 
жаңа сапалық деңгейге көтерді. Өндіріп-тұтынудың жаңа тәсілдерін жеңіл де-
тетін материалдық технологиялардың мысалдары – 3D принтерлер, сканерден 
өткізу машиналары, банкоматтар және адамдарға үйде отырып-ақ өздерінің ма-
ңызды органдарын бақылауға мүмкіндік беретін медициналық технологиялар. 
Бұл мысалдардан бөлек, өндіріп-тұтынудың жаңа мәні көбінесе цифрлық тех-
нологияларға байланысты. Материалдық тұрғыдан алғанда, бұл әлдеқайда ау-
қымды және өндіріп-тұтынуды аралас жүргізуге мүмкіндік береді. Travelocity, 
eBay, Facebook, Fourquare, YouTube және Etsy сияқты интернет-сайттар осыған 
мысал бола алады. Бұл іс жүзінде өндіріп-тұтынудың жаңа тәсіл дерінің көп-
шілігі материалдық және сандық элементтерді біріктіретінін білдіреді. Олар 
материалдық және сандық тұрғыдан «кеңейтілген шындықта» жұмыс істейді 
(Jurgenson, 2012). Мысалы, Солтүстік Америкадағы эко но миканың белсенді са-
лалары өндіріп-тұтынуды қолдап қана қоймай, соны мен бірге өндіріп-тұтыну 
қызметіндегі сапалық жаңа тәсілдер арқылы жұмыс жасауды талап етеді.
Сонымен қатар Ритцер (2015d:418) адамзат өндіріп-тұтынуды таяу арада 
«ақылды өндіріп-тұтыну машиналары» арқылы шеше алады деп болжайды. 
Қазіргі технологиялар өндіруші-адамның тікелей қатысуынсыз бір мезгіл-
де өндіруге және тұтынуға бағытталған. Бұған мысал ретінде адам денесін 
«оқып», олардың қозғалысын қайталайтын (тұтыну актісі) технологияларды 
(Fitbit және смартфон) айтуға болады. Ритцер (2015d:417) былай деп жазады: 
«Көпшілік үшін белгілі смартфон өзінің ішінде деректерді жинайды және ано-
нимді түрде осы деректерді «көлемді дерек» жинайтын компьютерлерге жібе-
реді». Бұл жерде Ритцер ақылды машиналар Интернет көмегі арқылы бір-бі-
рімен байланыса отырып, пайдаланушылардың саналы араласуынсыз-ақ, адам 
үшін шешім қабылдайтын дистопиялық болашақты қарастырады. Өндіріп-тұ-
тыну машинасына назар аудара отырып, осы тараудың алдың ғы бөлімдерінде 
талқыланған кейбір озық идеялар мен «өндіріп-тұтыну» тео рия сының өзара 
сабақтастығын көреміз. Актор-желі теориясы мен постәлеуметтік теориялар 
секілді, «өндіріп-тұтыну» теориясы адамзаттық емес агенттердің қоғамдық 
өмірдегі маңызын мойындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет