Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет502/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

екі жақты пайдаланушы. Ритцер бұл ретте өндіріп-тұтынушылар бір мезгілде 
өндіру және тұтыну әрекеттерімен айналысқандықтан, олар бір мезгілде өнді-
руші және тұтынушы ретінде пайдаланылады дегенді білдіреді. Ритцер осыған 
ұқсас айырмашылықтарды былай сипаттайды:
«P -a -p негізінен фабрикалар мен кеңселерде қолданылды, ал p- a- c, ең 
алдымен, сауда орындарында, сонымен қатар p- a- c және p -a- p әртүрлі 
уа қытта пайдаланылады. P- a- p, ең алдымен, жұмыс күні ішінде, ал p -a -c 
кө бінесе жұмыстан кейін және демалыс күндері қолданылды. Қазіргі уа-
қытта өндіріп-тұтынушыларды (p- a -p және p- a- c сияқты) пайдалану бір
жерде (online-үйде және отбасымен бірге) және бір мезгілде болады. 
Яғни p- a- p және p- a -c аралас пайдалану оның жаңа формадағы синер-
гиясы мен теңдессіз пайдалану деңгейін туындатады».
(2015d:426)
Бұл – өндіріп-тұтынудың ерекше пессимистік теориясы екенін атап өткен
жөн. Соңында өндіріп-тұтынушы капитализм өндіріп-тұтынушылардың ең бе-
гін, көбінесе өндіріп-тұтынушылардың хабарынсыз, кішкентай корпоративтік 
элитаның байлығын арттыруға жұмсайды.
Дегенмен өндіріп-тұтыну туралы идея экономика мен қоғамдық өмірдің 


755
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
революциялық өзгерістеріне жол ашады. Бұл өндіріп-тұтыну – бастапқыда де-
мо кратия мен индивидуализмге пайдасын тигізетін «кибер-либертариандық» 
немесе «хакерлік» этикаға негізделеді (Ritzer and Jurgenson, 2010:22). Шын-
дығында, Wikipedia, Linux және Mozilla секілді көптеген өндіріп-тұ тынушы 
сайттар капитализмге қарсы. Маркстің пікірінше, өндіріп-тұтыну капитализм 
өркениетінің негізі – теңсіздікті еңсеруге көмектесетіні туралы ойға байсал-
ды қарайды. Шынында да, Макер қозғалысы және «Жанып бара жатқан адам» 
фестивалі сияқты контрмәдениет, контртұтынушы қозғалыстарының пайда 
болуы капитализмге қарсы, тіпті сырттан әрекет ететін өндіріп-тұтынудың 
нысандарына деген қызығушылықтар туралы айтады (Chen, 2015). Демек, 
«бұл қозғалыстардың әлеуметтік тәртіпті революциялық жолмен ауыстыру-
ға талпынысы бар ма» деген сұрақ туындайды. Ритцер бұған шек келтірмейді. 
Осындай тұтынушының тікелей қатысымен жасалатын әрекеттер (мысалы, 
банкоматта не месе жылдам тамақтану мейрамханасында және одан да маңыз-
ды Facebook сияқты онлайн-сайттарда) өндіріп-тұтынушылардың қызығушы-
лығын тудырады, өз кезегінде, капиталистер де өндіріп-тұтынушылар ұсынған 
бос жұмыс күшінен бас тартпайды. Болашақта, Ритцердің айтуынша, капита-
листер осы бос жұмыс күшін шеберлікпен игере отырып, өндіріп-тұтынудан 
есепсіз мол пайда табады.
Біз бұл тарауда ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында өздерінің маңыздылығын 
дәлелдеген төрт теорияны қарастырдық. Олардың әрқайсысы тұжырымдамалық құрал-
дардың бірегей жиынтығын ұсынады, олар сондай-ақ бірегейліктің қалыптасуы, қоғамның 
қалыптасуына ғылым мен техниканың әсері, заманауи қоғамдық өмірдің ұйымдастыры-
луында ақпараттық және ақпараттық технологиялардың рөлі сияқты тақырыптарды зерт-
теуге қатысады.
Квир теориясы – жыныстық және жыныстық айырмашылық құрылымдарын шешуге ар-
нал ған перспектива. Гей және лесбияндарды зерттеуге қарағанда, бұл – бірегейлік теориясы
емес. Яғни адамдардың шынайы немесе дұрыс жыныстық бірегейлігі бар екеніне сендір мей-
ді. Керісінше, жыныстық айырмашылық әлеуметтік және дискурстық түрде адамның жеке 
ішкі ерекшелігі емес, қойылымның өнімі деп дәлелденді. XIX және XX ғасырлар гетеро және 
гомосексуализм санаттарының дамуын бастан өткерді. Бұл дихотомия қазіргі уақытқа дейін 
қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді. Квир теорияшылары жыныстық айырмашылық-
ты, бірегейлікті және, жалпы алғанда, әлеуметтік өмірді қайта жандандыруға мүмкіндік беру 
үшін осы қабылданған санаттағы қайшылықтарды бұзуға тырысады.
Актор-желі теориясы – ғылым мен технология зерттеулерінің кең ауқымынан өсіп шық-
қан перспектива. АЖТ – адамзаттық емес акторлардың әлеуметтік теориядағы лайықты 
маңызын ескеру үшін аса мәнді. Аффект теориясы ғылым мен техника зерттеулерінде пай-
даланылады, бірақ оны квир теориясымен, сондай-ақ постструктурализм зерттеулерімен бі-
ріктіреді. Аффект теориясы өмір туралы ғылымдардың нәтижелерін байыппен қабылдауға 
талпындырады, бірақ бұл, әлеуметтік биология секілді перспективалармен салыстырғанда, 
әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ол табиғат пен биологияны күш пен 
энергия көзі деп қарастырады. Аффект теорияшылары осы аффективтік энергия субъектінің 
қалыптасуына және әлеуметтік бақылау мен манипуляция процестеріне қалай әсер ететінін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет