750
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Тұтыну теорияшылары кеңістіктің тұтынушылық қоғамды ұйымдас тыру-
дағы рөлін сипаттаған. Уолтер Бенджамин ([1982] 1999), мысалы,
сауда-сат-
тық орталықтарының ертедегі үлгісі – Париж көрмелеріне (пассаждарына)
марксистік құштарлықпен талдау жасады. Көрмелер заманауи экономика-
ның мекенжайын өндіріс орындарынан (фабрикалардан) тұтыну орындары-
на (сауда-саттық орталықтарына) ауыстыру барысында көшбасшы болып,
бірінші қадам жасады. Бұл көрмелер тұлғаның жаңа түрі – фланерлердің,
қазіргі тілмен айтқанда, дүкен сөрелерін қарауды ұнататындардың пайда
болуына ықпал етті. Осындай тұтыну орындарын
зерттеудің басқа тұстары
Ритцердің McDonald’s (2014,16-тараудан қараңыз) туралы еңбегінде және
«тұтыну шіркеулерінде» (2010a) қарастырылады. Ақырында, постмодерндік
теорияшыл Жан Бодрийяр ([1970] 1998, 17-тарауды қараңыз) өзінің акаде-
миялық мансабын «тұтынушылық қоғамды» терең зерттеуден бастады. Тал-
дау қазіргі қоғамдағы әмбебап дүкеннің (Францияда «дәріхана») рөлінен
басталса да, белгілер және белгілер жүйесінің (мысалы, жарнама) атқара-
тын рөліне қызығушылық танытады (тұтыну теорияларын толық шолу үшін
[Ritzer, Goodman and Wiedenhoft, 2001]).
Бұл зерттеу желісінің ең соңғы жетістігі – «
өндіріп-тұтыну» теориялары
(theories of prosumption). Оны алғаш рет футурист Элвин Тоффлер (1980)
ұсынды. Одан кейін Ритцер және оның әріптестері ұғымды әлеуметтанулық
талдауда қолдану үшін әрі қарай дамытты (Ritzer, 2014, 2015b, 2015c, 2015d;
Ritzer, Dean and Jurgenson, 2012; Ritzer and Jurgenson, 2010). «Өндіріп-тұты-
ну» теориясы (рrosumptiont heory) өндірістік және тұтынушылық теорияла-
рына тән теориялық тұрақсыздықты еңсеруге ты рысады. Бұл бағыттар әлеу-
меттану тарихында маңызды болса да, өндіріс пен
тұтынуды бірдей мағынада
көрсетті. «Өндіріп-тұтыну» теориясының мақсаты – осы екі бинарлықты ең-
серу және «өндіріс» пен «тұтыну» қатар қамтыған өндіріп-тұтыну процесінің
негізі екенін дәлел деу. Ритцер (2014:11) атап өткендей, өндіріс пен тұтыну –
өндіріп-тұтынудың «шағын түрлері».
Өндіріп-тұтыну, әрине, өндіріс
(production) және тұтыну
(consumption) сөз-
дерінің бірігуінен жасалған және «өндіріс пен тұтынудың өзара байланысты
процесін» сипаттайды (Ritzer, 2014:3). Бұл – адамдар бір уақытта өндіретін
және тұтынатын экономикалық әрекетті білдіреді. IKEA жиһазын өндіріп-тұ-
тыну осыған мысал бола алады.
Бір жағынан, IKEA өнімін сатып ала отырып,
жиһазды тұтынады. Екінші жағынан, жиһазды пайдаланудың алдында өндіру
әрекеті ретінде адамдар жиһаздың кем дегенде бір бөлігін өздері құрастыруы
тиіс. Тағы бір мысалға Facebook әлеу меттік желісін атауға болады. Facebook-
тің жалдамалы қызметкерлері сайт тың негізгі архитектурасын жасайды. Алай-
да Facebook-тің ішкі құрамын толық тыратын – Facebook-тің жалданбаған бас-
қа тұтынушылары. Жеке парақша ашып, оларды толтыру
арқылы өндіруші
мен тұтынушы Facebook-ке бір мезетте кіріс әкеледі.
Өндіріп-тұтынудың сан алуан түрі бар. Ритцер оны өндірушілік және тұ-
тынушылық элементтерінің белгілі бір әрекет кезіндегі бір-біріне қатысты
баланс тұрғысынан тұжырымдайды. Мысалы, өндіріп-тұтынудың кейбір түр-
лері – өндіріс үлесі басымдығымен, ал келесі түрлері тұтыну үлесінің басым-
дығымен ерекшеленеді. Оның түр лі формаларын қарастыру үшін Ритцер өнді-
ріп-тұтынудың континуумы диаграммасын ұсынады (18.1-сызбаны қараңыз).
Континуумның бір шегінде өндіріп-тұтыну өндіріс ретінде
(prosumption as
production, яғни
«p-a-p») көрсетілген. Бұл өндіріп-тұтынудың
формасын әлеу-
751
18-тарау
•
XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
мет танушылар әдетте өндіріс деп атайды: «
P-a-p заттарды (тауарлар, қызмет-
тер және т.б.) өндіру үшін қажетті (әдетте қызметкерлер) заттарды тұтына-
тындарды қамтиды» (2015d:409). Әрбір өндіріс әрекеті міндетті түрде белгілі
бір тұтынуға әкеледі. Мысалы, көлік зауытындағы көліктің төбесін жабатын
адам (өндіріс) бірінші кезекте көлік төбесін өндірушіден алуы қажет (тұтыну).
Алайда бұл мысалда тұтыну деңгейі өте төмен және сондай-ақ ол өндіріс про-
цесі кезеңіне жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: