41
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
ерікті келісімшарттық қарым-қатынастармен және, ең бастысы, күшті ор тақ
мораль арқылы бірігеді. Үкіметтің рөлі шектеулі және азаматтардың немен ай-
налыспауы жөн екеніне ғана назар аударады. Әлбетте, қазіргі индустриялық
қоғамда ертедегіге қарағанда жауынгерлік сипат аз. Спенсер жалпы эво лю-
цияны индустриялық қоғамның бағытында көрсе де, ол соғыс пен әлдеқайда
жауынгерлік қоғамға деген мерзімді регрестердің мүмкіндігін мойындайды.
Cпенсер этика мен саясат саласында жазылған еңбектерінде қоғамның эво-
люциясына байланысты басқа да көзқарастарды қамтыды. Бір жағынан, қо-
ғамның прогресі идеалға қарай немесе мінсіз, өнегелі қоғамға бағытталады деп
есептеген. Екінші жағынан, тек ең мықты қоғам аман қалып, ал өте әлсіз қо-
ғамдар жойылады деген пікір білдірген. Мұндай прогрестің нәтижесі – бүкіл
әлем үшін жаңаша бейімделу.
Спенсер әлеуметтік эволюция жайында бай әрі көп жоспарлы идеялардың
жинағын ұсынды. Басында оның идеялары үлкен табысқа жетті, кейін бір неше
жылдар бойы жоққа шығарылды. Ал уақыт өте келе, оның идеялары нео эво-
люциялық әлеуметтану теорияларының пайда болу кезінде қайта сұранысқа
ие болды (Buttel, 1990; Sanderson, 2007).
Достарыңызбен бөлісу: