Алеуметтану тероиясы indb


Герберт Спенсер (1820–1903)



Pdf көрінісі
бет51/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Герберт Спенсер (1820–1903)
Спенсердің идеяларын түсіну үшін (Haines, 2005; J. Turner, 2005) оның өзі мен 
Конт теорияларының кереғарлығын салыстыру пайдалы.
Спенсер мен Конт. Әлеуметтану теориясының дамуына қосқан үлесі үшін 
Спенсерді Конт сияқты әлеуметтанушылардың санатына жиі жатқызады 
(J. Turner, 2001), бірақ бұл ойшылдардың идеяларының арасында елеулі айыр-
машылықтар бар. Мысалы, Спенсерді консерватор деп есептеу әлдеқайда қиын. 
Шындығында, Спенсер жас кезінде көбінесе саяси либерал болды және осы ли-
берализм элементтерін өмір бойы сақтап келді (Francis, 2011). Алайда уақыт 
өте келе Спенсердің консервативті бола бастағаны шындық және оның Конт 
секілді әлеуметтануға деген негізгі әсері де консервативті болды.
Оның консерватизмімен бірге өте ыңғайсыз либералдық көзқарастарының 
бірі – laissez-faire доктринаны қабылдауы болды: ол «мемлекет тек халықты 
қорғаудағы пассивті функциясынан басқа жекелеген істерге араласпауы керек» 
деп санады. Бұл дегеніміз, Спенсер Контқа қарағанда әлеуметтік реформалар-
ды қолдамағанын білдіреді, ол әлеуметтік өмір сыртқы бақылаусыз, өздігінен 
дамуын қалады.
9
Осындай өзгешелік Спенсерді әлеуметтік дарвинист ретінде сипаттай-
ды (G. Jones, 1980; Weiler, 2007a). Ол әлемнің біртіндеп жақсарып келе жатқаны 


40
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
туралы эволюциялық көзқарасты ұстанды. Сондықтан оны дербес қалдыру 
керек, сыртқы күштің араласуы жағдайды тек ушықтыруы мүмкін. Ол «өсім-
діктер мен жануарлар секілді әлеуметтік институттар өз әлеуметтік ортасына 
бір тіндеп әрі оңтайлы бейімделеді» деген көзқарасты қабылдады. Сондай-ақ
әлеуметтік әлемде «ең мықты аман қалатын» табиғи сұрыпталу процесі тура-
лы дарвинистік көзқарасты жақтады. Демек, егер сыртқы араласушылық се-
кіл ді кедергі болмаса, адамдардың «ең мықтылары» аман қалып, табысқа же-
тіп, ал «ең әлсіздері», ақыр аяғында, қырылып қалар еді (Чарльз Дарвиннің 
табиғи сұрыпталу атты еңбегінен бірнеше жыл бұрын Спенсер «Ең мықтының 
аман қалуы» сөз тізбегін ойлап тапқаны қызық). Конттан тағы бір өзгешелі-
гі – Конт отбасы секілді ауқымды мәселелерге, ал Спенсер индивидке назар
аударды.
Конт пен Спенсер ерте кезең теорияшылары үшін өте қызғылықты үлгі 
болып көрінген Дюркгеймнің және басқалардың әлеуметтану ғылымына ден 
қоюын (Haines, 1992) қолдаған. Контпен және Дюркгейммен жақындастыр-
ған Спен сер шығармашылығының тағы бір әсерлі тұсы – қоғамды жанды 
ағза ретінде көруге деген бейімділік. Бұл тұрғыда Спенсер өз көзқарасын 
және ұғымдарды биоло гиядан алды. Оны жалпы қоғамның құрылымы, қоғам 
бөліктерінің өзара қаты настары мен бөліктердің бір-біріне, жүйеге қатысты 
функциялары қызықтырды.
Ең маңыздысы, Спенсер Конт секілді тарихи дамудың эволюциялық тұжы-
рымдамасын ұстанды (Haines, 1992). Алайда Спенсер Конттың эволюция тео-
риясын бірнеше негіздер бойынша сынады. Соның ішінде Конттың үш сатылы 
заңын жоққа шығарды. Ол «Конт интеллектуалды даму тұрғысынан идеялар 
саласындағы эволюциямен айналысуға қанағаттанатын» деп тұжы рым дады. 
Ал Спенсер эволюция теориясын шынайы, материалдық әлемге қатысты зерт-
теуге тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет