Британиядағы Спенсерге қарсы реакция. Спенсер индивидке акцент қой са
да, әлеуметтік эволюцияның кең құлашты теориясының авторы ретінде кө бі-
рек танымал болды. Бұл тұрғыда ол бұған дейін Британияда үстемдік құрған
әлеуметтанумен толықтай қарама-қайшы келді. Алайда Спенсерге қар сы реак-
ция – көбінесе амелиоризмге бейімделген, ең мықтылардың аман қалуы идея-
сы ертеректегі британ әлеуметтанушылары үшін соншалықты қымбат болуына
негізделді. Спенсер кейінірек өзінің кейбір аса даулы идеяларынан бас тартса
да, «ең мықтының аман қалу» философиясын қорғауды, биліктің араласуы мен
әлеуметтік реформаларға қарсы шығуды жалғастыра берді:
«Пайдасызды, керексізді ізгі ниетпен мадақтау – тым қатыгездік. Бұл –
болашақ ұрпақ үшін әдейі жасалған қастандықпен бірдей. Ұрпақ үшін
ақылсыз, жалқау және қылмыскерлердің өсіп келе жатқан жасағынан жа-
ман ауыртпалық жоқ... Табиғаттың барлық күш-жігері қоғамның осын-
дай өкілдерінен құтылуға, әлемді олардан тазартуға және күштілерге
орын босатуға бағытталған... Егер олар өмір сүру үшін жеткілікті түрде
жағдай жасалмаса, олар өледі және бұл – олар үшін ең дұрыс жол».
(Spenser, cited in Abrams, 1968:74).
Мұндай пиғылдар британдық реформатор-әлеуметтанушылардың амелио-
ративті бағытымен ашық түрде қайшы келеді.
Ерте кездегі итальян әлеуметтануының басты тұлғасы
Біз бұл шолуды консервативті, еуропалық әлеуметтану теориясының басты
өкілі, итальян әлеуметтанушыларының бірі – Вильфредо Парето (1848–1923)
туралы қысқаша еске алумен аяқтаймыз. Парето өз кезінде өте беделді әлеу-
меттанушы болды, алайда қазір оның шығармаларының мән-маңызы бұрын-
ғыдай өзекті емес (Powers, 1986). 1930 жылдары жетекші америкалық тео-
рияшыл Толкотт Парсонс, Вебер мен Дюркгейм сияқты, Паретоға көп көңіл
42
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
бөлген кезде, аз уақыт болса да, оның шығармашылығына (1935) деген қы-
зығушылық байқалып еді. Оның кейбір негізгі тұжы рым дарын санамағанда,
соңғы жылдары Парето ілімінің маңыздылығы мен өзектілігі кеми бастады
(Femia, 1995).
Цейтлиннің пікірінше, Парето өзінің «негізгі идеяларын Маркстің көз-
қарастарын теріске шығару тұрғысында» дамытты (1996:171). Шын мәнінде,
Парето тек Маркстің көзқарастарын ғана емес, сондай-ақ ағартушылық фило-
со фиясының елеулі бөлігін жоққа шығарған. Мысалы, ағартушы-философтар
рационалдыққа ерекше мән берсе, Парето адами инстинктер секілді ирра цио-
налдық факторлардың рөлін айрықша бағалаған (Mozetic and Weiler, 2007).
Мұндай көзқарас Маркстің теориясын мойындамаумен де үйлеседі. Демек,
иррационалды, инстинкті факторлар аса маңызды әрі бұлжымас тегеу рінді бо-
лып қарастырылғандықтан, экономикалық революция арқылы түбегейлі әлеу-
меттік өзгерістерге қол жеткіземіз деп үміттену мүмкін емес еді.
Парето марксистік теориямен қарама-қайшы келетін әлеуметтік өзгерістер
теориясын жасады. Маркс теориясы бұқара рөліне назар аударғанымен, Паре-
то әлеуметтік өзгерістердің элиталық теориясын ұсынды, ал онда қоғамның,
сөзсіз, өз мүддесі негізінде жұмыс істейтін кішігірім элита басым екені айтыл-
ған (Adams, 2005). Ол иррационалды күштер үстемдігіне тап болған бұқара
халықты басқарады. Себебі оларда рационалды мүмкіншілік болма ған дықтан,
Паретоның жүйесіндегі бұқараның революциялық күш болуы екіталай. Элита
азғындап, билік жүргізбейтін элиталық топтан немесе бұқараның үздік өкіл-
дерінен қалыптасқан жаңа элитамен алмасқан кезде әлеуметтік өзгерістер іске
асады. Жаңа элита билікке келгеннен кейін процесс қайта басталады. Осылай-
ша, біз Маркс, Конт, Спенсер және басқалар ұсынған бір бағытты теориялар-
дың орнына әлеуметтік өзгерістердің циклдік теориясына қол жеткіземіз. Бұ-
дан бөлек Паретоның өзгерістер теориясы көбінесе бұқараның мүшкіл жағда-
йын елемейді. Элиталар келеді-кетеді, ал көпшілік бұқараның өмірі өзгеріссіз
қала береді.
Алайда бұл теория Паретоның әлеуметтануға қосқан ұзақ мерзімді үлесі
емес. Бұл оның әлеуметтану және әлеуметтік әлем ғылыми тұжырымдамасы-
мен байланысты: «Мен әлеуметтану жүйесін аспан механикасы (астрономия),
физика, химия үлгілерімен құрастырғым келеді» (cited in Hook, 1965:57). Қыс-
қаша айтатын болсақ, Парето қоғамды тепе-теңдіктегі, өзара тәуелді бөлік тер-
ден тұратын тұтас жүйе ретінде түсінген. «Бір бөліктегі өзгеріс – жүйенің бас-
қа бөліктеріндегі өзгерістерге апаратын фактор» деп есептеген. Парсонс өзінің
1937 жылғы The Structure of Social Action («Әлеуметтік әрекет құрылымы»)
атты еңбегінде Паретоның қоғамдық жүйе тұжырымдамасына айрықша на-
зар аударғаны мәлім. Бұдан біз Паретоның Парсонс көзқарасына аса маңызды
ықпал еткенін көреміз. Қоғамға органикалық тәсілмен қараған әлеуметтану-
шылардың (мы салы, Конт, Дюркгейм және Спенсер) ұқсас пікірлерімен бірге
Паретоның тео риясы Парсонс тұжырымдамасының, құрылымдық функцио-
нализмнің дамуында басты рөл атқарды.
Қазіргі күнде Паретоның еңбектерін оқитын әлеуметтанушылар сирек бол-
ғанымен, мұны ағартушылық пен марксизмнен бас тартып, марксистік перс-
пективаға қарсы шығатын әлеуметтік өзгерістердің элиталық теориясын ұсы-
ну ретінде қарастыруға болады.
|