Алеуметтану тероиясы indb


Репрессивті және реститутивті заң



Pdf көрінісі
бет92/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Репрессивті және реститутивті заң
Еңбек бөлінісі мен динамикалық тығыздық материалды әлеуметтік фактілерге 
жатады, бірақ Дюркгейм материалдық емес ынтымақтастық формаларына ба-
рынша ден қойды. Дюркгейм материалдық емес фактілерді, әсіресе ұжымдық 
сана сияқты кең таралған құбылыстарды тікелей зерттеу күрделі деп ойлады. 
Материалдық емес әлеуметтік фактілерді ғылыми тұрғыда зерделеу үшін әлеу-
меттанушы оның табиғатын, өзгерістерін айқындайтын материалды, әлеуметтік 
фактілерді зерттеуі қажет. «Қоғамдағы еңбек бөлінісі» атты еңбегінде Дюркгейм 
механикалық және органикалық ынтымақтастық сипаттағы қоғам дардағы заң 
жүйесінің айырмашылықтарын зерттеуге зер салады (R. Cotterrell, 1999).
Дюркгейм механикалық ынтымақтастық сипатындағы қоғамда репрес-
сивті заң жүзеге асатынын тұжырымдады. Бұл қоғам түрінде адамдар бір- 
біріне өте ұқсас, ортақ моральдық ұстанымдарға қатаң сенетін болғандықтан, 
ортақ құндылықтар жүйесіне қарсы жасалған кез келген әрекет адамдардың 
басым бөлігі үшін маңызды саналады. Әркім ортақ моральға зор құрметпен 
қарап, кез келген теріс әрекетті айыптайтындықтан, моральдық тәртіпті бұ- 
зушы өз әрекеті үшін қатаң жауапқа тартылады. Ұрлық жасау – қолдың ша-
былуына, өтірік айту тілдің кесілуіне әкелуі мүмкін. Тіпті моральдық тәртіпке 
қайшы ұсақ әрекеттердің өзі де қатаң жазаға ұшырайды.
Керісінше, органикалық ынтымақтастық сипатындағы қоғам тәртіп бұзу- 
шылардың әрекеттері келтірген зардаптарды ақтауға бағытталған реститу-
тивті заңмен ерекшеленеді. Мұндай қоғамда тәртіп бұзушылық барлық мо-
ральдық жүйеге қатысты емес, жеке адамға немесе қоғам сегментіне қатысты 
қарастырылады. Ортақ моральдың төмен болуына байланысты, қоғам мүше-
лері заң бұзушылыққа эмоциялық тұрғыда көңіл бөлмейді. Ортақ моральды 
бұз ғаны үшін қатаң жауапқа тартылудың орнына, бұл қоғам заң бұзушының 
зардап шегушілерге жасаған қиянатын ақтап алуға мүмкіндік береді. Алайда 
органикалық ынтымақтастық қоғамда репрессивті заңның болуы да ықтимал 
(мысалы, өлім жазасы), ал реститутивті заң ұсақ заң бұзушылықтарға қатысты 
жүзеге асырылады.


99
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Қорыта келгенде, Дюркгейм «Қоғамдағы еңбек бөлінісі» заманауи қоғамда 
моральдық ынтымақтастық жоғалмағанын, оның тек өзгергенін мәлімдейді. Біз 
ынты мақ тастықтың ішкі тәуелділікке және жақындыққа, бәсекелестігі бәсең, 
рести тутивті заңдарды негізге алған жаңа формасының қалыптасуын бақылау-
дамыз. Дегенмен бұл еңбек заманауи қоғамнан алшақ болды. Дюркгейм ын-
тымақ тастықтың осы жаңа формасы әлеуметтік ауытқушылықтың жекелеген 
түр леріне бейім екенін айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет