100
I бөлім
•
Классикалық
әлеуметтану теориясы
аномияға бейім, бірақ ол әлеуметтік және экономикалық дағдарыстар уақы-
тына сәйкес келеді.
Механикалық ынтымақтастықтың қатаң ортақ моралі орнамай, адамдарда
қандай әрекеттің жағымсыз не жағымды екені жайлы анық түсінік болмай-
ды. Тіпті еңбек бөлінісінің қоғам ынтымақтастығының негізі екенін ескер сек
те, ол жалпы қоғам моралінің толық жойылуына себеп бола алмайды. Ин ди-
видтер оқшауланып, жоғары мамандандырылған әрекеттерінің төңірегінде
шектеліп қалуы мүмкін. Олар өздерінің айналасындағы бірге өмір сүріп, бірге
қызмет істейтін адамдармен ортақ байланысты сезінбеуі де мүмкін. Бұл – ано-
мияның пайда болуының бастамасы. Органикалық
ынтымақтастық осы нақты
«ауытқуға» ұшырауы ықтимал, бірақ Дюркгейм оны нормадан тыс жағ дай деп
есептегенін есте сақтаған дұрыс. Заманауи еңбек бөлінісі адамдарды мағынасыз
тапсырмалар мен оқшауланған позицияларға жеткізуден гөрі, кеңей тілген мо-
ральдық байланысты нығайтуға бейім.
Дюркгейм адамдар не істеу қажеттігін білу үшін ережелер мен реттеуіш-
терді қажет ететініне сенген, оның екінші нормадан тыс формасы қақтығысты үде-
тіп, индивидтерді оқшауландырып, сондай-ақ аномияны өсіретін заңдар түрін
қамтыды. Ол бұл форманы
еңбек бөлінісінің мәжбүрлілігі деп атады. Бұл екінші
ауытқудағы ескірген нормалар
мен сенімдер индивидтерді, топтар мен таптар-
ды тығырыққа тіреуі мүмкін. Дәстүрлер, экономикалық қуат немесе мәртебе
жұмыстың талант пен біліктіліктен тәуелсіз екенін анықтай алады. Сөйтіп,
Дюркгейм марксистік позицияға жақындай түседі:
«Егер қоғамдағы бір тап күнкөріс үшін кез келген бағаға келісіп жұмыс
істеуге мәжбүр болса, ал басқа тап иелігіндегі ресурстарды пайдаланып,
оны өз шартын орындауға көндірсе, онда соңғы тап – заңды тұрғыда бі-
ріншіге қарағанда әділетсіз артықшылыққа ие деген сөз».
(Durkheim [1895] 1982:319)
Қорыта келе, еңбектің дұрыс бөлінбеуі әртүрлі адамдардың мамандан-
ды
рылған
функциялары нашар үйлестірілген кезде байқалады. Сондай-ақ
Дюркгейм «органикалық ынтымақтастық адамдардың өзара байланысы ке-
зінде пайда болады» деп көрсеткен. Егер мамандандыру адамдардың арасын-
дағы
байланыстарға ықпал жасамай, тек оқшаулауға жеткізсе, еңбек бөлінісі
әлеуметтік ынтымақтастыққа алып келмейді.
Әділдік
Қазіргі қоғамда еңбек бөлінісі мораль мен әлеуметтік нығайтуға пәрменді күш
есебінде ықпал ету үшін аномия, мәжбүрлі еңбек бөлінісі және маманданды-
ру дұрыс үйлестірілуі тиіс. Бүгінгі қоғам ортақ тәжірибе мен ортақ нанымдар
негізінде ұйыспайды. Оның орнына олар айырмашылықтары арқылы бірігіп,
бір-біріне деген ортақ қажеттілікті туындатады. Дюркгейм үшін осының кілті –
әлеуметтік әділдік.
«Ең озық қоғамдардың міндеті – әділдікке жол ашу... Ал артта қалған
қоғамдар идеясы – барлығының еркін дамуына барынша жағдай жасап,
әлеуметтік қарым-қатынастарды әрқашан неғұрлым әдiлеттi жасауға
101
3-тарау
•
Эмиль Дюркгейм
талпыну, сонымен, біздің идеал – барлық әлеуметтік пайдалы күштердің
еркін дамуына мүмкіндік беру».
(Durkheim, [1893] 1964:387)
Мораль,
әлеуметтік ынтымақтастық, әділдік – бұл әлі аяғына нық тұрмаған
саладағы алғашқы кітабының үлкен үш тақырыбы болды. Дюркгейм өзінің жұ-
мыстарында осы идеяларға қайтадан оралды, бірақ оларды ешқашан тұтастай
қоғам тұрғысынан зерделемейді. Ол
«Әлеуметтану әдісінің ережесі» ([1895]
1982:184) атты екінші кітабында тіпті әлеуметтанудың өзі еңбек бөлінісіне
ұшырап, мамандықтардың жиынтығына айналатынына болжау жасайды. Бұл
тәуелсіздіктің артуына алып келді және органикалық ынтымақтастық әлі де
әлеуметтанудағы басы ашық сұрақ болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: