97
3-тарау
•
Эмиль Дюркгейм
Заманауи қоғамда адамдар салыстырмалы түрде міндеттердің тар ассор ти-
ментін
орындай алатынына байланысты, қоғамға адамдардың көп саны қажет
болуда. Ері – аңшы, әйелі терімшілікпен айналысатын отбасы өз бетін ше емін-
еркін күн көре алады. Ал заманауи отбасына нан жабушы, ет шабушы, автоме-
ханик, мұғалім, полиция қызметкері қажет. Ал бұл адамдарға өмір сүру үшін
басқа да қызмет түрлерін көрсететін өзге қоғам мүше лері керек.
Дюркгеймнің
айтуынша, заманауи қоғам – осындай қоғам мүше лерінің ара сындағы еңбек
бөлінісін қалыптастыру арқылы, оларды бір-біріне тәуелді етіп, ынтымақтас-
тықты қамтамасыз етеді. Бұл мамандандыру
тек ин дивидтерді ғана емес, соны-
мен қатар топтар, құрылымдар мен институттарды да қамтиды.
Дюркгейм ең алғашқы қоғамдарда қатаң тәртіпке негізделген әлеуметтік
сана бар екенін, яғни оларда ортақ келісімдер,
көзқарастар мен нормалардың
жақсы насихатталғанын айтқан. Еңбек бөлінісінің артуы ұжымдық сананың
төмендеуіне әкелді. Ұжым дық сана – механикалық ынтымақтастықтағы қо-
ғамнан гөрі, органикалық ын ты мақтастықтағы қоғамға көбірек тән. Заманауи
қоғамда адамдар ұжымдық санаға қарағанда еңбек бөлінісі мен бір-бірінің атқа-
ратын
функцияларына тә уелділігі арқылы жақсырақ ынтымақтаса алады.
Энтони Гидденс (1972) ұжымдық сана қоғамның екі түрінде де
мөлшер,
жиілік, қатаңдық және мазмұн деген төрт түрлі бағытқа жіктелетінін көр сетеді
(3.1-кестені қараңыз).
Мөлшер дегеніміз – ұжымдық санаға біріктірілген адам-
дардың санын;
жиілік дегеніміз – ұжымдық санаға адамдардың қаншалық-
ты терең сенетінін;
қатаңдық – ұжымдық
сананың анықталған деңгейін;
маз-
мұн екі түрлі қоғамдағы ұжымдық сананың қабылдайтын формасын білдіреді.
Меха никалық ынтымақтастық сипаттағы қоғамда ұжымдық сана барлық қо-
ғам мүшелерін толық қамтиды, ұжымдық санаға барынша сенеді, ол өте қатаң
және діни мазмұнға ие. Ал органикалық ынтымақтастық
сипаттағы қоғамда
ұжымдық сананың таралуы белгілі бір топтармен шектеледі, оған көбінесе сен-
бейді, ұжымдық сана өте қатаң түрде айқындалмаған және моральдық тұрғы-
дағы индивидуалды сипаты басым болады.
Достарыңызбен бөлісу: