108
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
ға ұйыстырушы діни символдарға айналдыратын рәсімдердің көмегі арқылы
жасалады. Дюркгеймнің ең батыл дәлелі – моральдық
байланыстың когнитив-
ті байла нысқа ауысатыны. Өйткені жіктеу, уақыт, кеңістік және себеп-салдар
сияқты түсінік санаттары да діни рәсімдерден туындайды.
Дюркгеймнің діни теориясынан бастайық. Қоғам (жеке тұлғалар арқылы)
белгілі бір құбылыстарды киелі және басқа құбылыстарды зайырлы деп білу
арқылы дінді қалыптастырады. Әлеуметтік шындықтың
қасиетті деп таныл-
ған, яғни әдеттегіден оқшау аспектілері діни болмысты құрады.
Қалған ути-
литарлы өмірдің қарапайым аспектілері
зайырлы болып саналады. Бір жағы-
нан,
қасиет ұғымы – адамның құрметтеу, қорқыныш пен міндеттеу сияқты
қатынасын білдіреді. Екінші жағынан, бұл құбылыстарға деген көзқарас, олар-
ды қасиеттіліктен зайырлыққа өтуін қамтиды. Дюркгейм үшін маңыздысы –
бұл құрмет, қорқыныш пен міндеттеменің шығу тегі қайда жатқанын білу.
Мұнда ол әлеуметтанулық
шындықты талдай отырып, діннің маңызды
шындықтарын сақтап қалуды ұсынды. Дюркгейм барлық діндердің иллюзия-
дан басқа ештеңе емесіне сенуден бас тартты. Мұндай кең ауқымды әлеуметтік
құбылыстың кейбірі шындық болуы мүмкін. Дегенмен бұл шындық дінге сену-
шілер сенетін нақты шындық болмауы мүмкін.
Шынында да, қатал агностик ретінде, Дюркгейм бұл
діни сезімдердің көзі бо-
лып табылатын табиғаттан тыс ештеңеге сенбеді. Расымен, шынайы моральдық
күш бар, ол сенушілерге рух береді, бірақ бұл – Құдай емес, қоғам. Дюркгейм дін
символикалық тұрғыда қоғамның өзін бейнелейтінін айтты. Дін –
қоғам өзін-өзі
түсінетін символдар жүйесі. Бұл әрбір қоғамның діни көзқарастарының болу се-
бебін, бірақ олардың неге әртүрлі сенімге жүгінетінін түсіндіретін жалғыз әдіс еді.
Қоғам – бізден жоғары күш. Ол бізді асырайды, құрбандыққа баруымызды
талап етеді, өзімшілдік пиғылымызды басады және бойымызға күш-қуат құя-
ды. Дюркгеймнің айтуынша, қоғам осы өкілеттіктерді ағымдар арқылы жүзеге
асырады. Құдайдан «тек трансформацияланған және символдық түрде біл ді-
ріл ген қоғамды» көреді (Durkheim, [1906] 1974:52). Осылайша,
қоғам қасиетті
ұғымның шынайы көзі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: