Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет96/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

3.2-КЕСТЕ 

 Суицидтің төрт түрі
Интеграция
Төмен
Эгоистік суицид
Жоғары
Альтруистік суицид
Реттеу
Төмен
Аномиялық суицид
Жоғары
Фаталистік суицид
Алайда Дюркгейм барлық діндердің қоғамды суицидтен бірдей дәрежеде 
қорғай алмайтынын дәлелдеді. Шіркеу қауымдастығына қарағанда жеке сиыну 
бағыты және ортақ рәсімдерінің болмауына байланысты протестанттық дін-
дердің қоғамды қорғау қабілеті әлсіз. 
Дюркгеймнің негізгі ұстанымы діннің жеке сенімдерінің маңыздылығы 
емес, интеграцияның орындалу дәрежесі болды.
Дюркгеймнің статистикасы бойынша тұрмыс құрмаған, яғни отбасына ин - 
теграцияланбаған адамдардың арасында суицидке баратындар саны көбейе-
тіні, ал әлеуметтік себептермен, революциялық немесе ұлтшылдықтың өр-
кендеуі кезінде соғыс пен революция сияқты ұлттық-саяси дағдарыстарға 
ұшы раған адамдардың арасында өмірдің мәні қоғамға қажеттілікпен ұшта- 


104
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
сып, суицидке жақын адамдардың саны азаятыны көрсетілген. Ол бұл жағ дайға 
себепші болған ортақ жалғыз құбылыс ретінде қоғамға интеграциялану сезімі-
нің жоғарылауы екенін дәлелдейді.
Атап өтетін жайт, Дюркгейм әлеуметтік күштердің маңыздылығын тіпті 
әлеуметтік шектеулерден босатылған эгоистік суицид жағдайында да қолдай-
ды. Акторлар ешқашан ұжымдық күштен босатылмайды: «Алайда жеке-дара-
лыққа қол жеткізген адамның ұжымнан алшақтауы әрдайым оны уайымға ба-
тырады, тіпті шамадан тыс оқшаулану күйзеліс пен меланхолияны тудырады. 
Осы ұжымдастыққа жетудің басқа жолы болмаған жағдайда, ол онымен қай-
ғы-қасірет арқылы тілдеседі» (Durkheim, [1897] 1951:214). Эгоистік суицидтің 
мысалы тіпті ең даралық сипаттағы жеке іс-әрекеттерде әлеуметтік фактілер 
негізгі фактор болып табылатынын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет